Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Комитет іс-шаралары

07.04.2022

2022 жылы 7 сәуірде Қазақстан Республикасының қаржы және ұлттық экономика министрліктері «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобалары заң жобалары бойынша тұсаукер өткізді.

Тұсаукесер Марат Әпсеметұлы Құсайынов төрағалығымен өтті. Заң жобаларының негізгі жай-күйін қаржы вице-министрі Татьяна Михайловна Савельева және ұлттық экономика вице-министрі Азамат Кеменгерұлы Амрин баяндады.
09.09.2021

2021 жылы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының қаржы және ұлттық экономика министрліктері «2022 - 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 - 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобалары бойынша тұсаукер өткізді.

Тұсаукесер Марат Әпсеметұлы Құсайынов төрағалығымен өтті. Заң жобаларының негізгі жай-күйін ұлттық экономика вице-министрі Азамат Кеменгерұлы Әмрин және қаржы вице-министрі Татьяна Михайловна Савельева баяндады.
21.04.2021

2021 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы және Ұлттық экономика министрлігі конференц байланыс режимінде "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы "Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды. Тұсаукесер Марат Әпсеметұлы Құсайыновтың төрағалығымен өтті. Заң жобасының негізгі ережелері туралы Қаржы министрі Ерлан Кенжебекұлы Жұмабаев пен Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Кемеңгерұлы Амрин баяндады.

07.09.2020

2020 жылы 07 қыркүйекте конференция байланысы арқылы Қазақстан Республикасының қаржы және ұлттық экономика министрліктері «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»,«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 - 2023жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобалары бойынша тұсаукер өткізді. Тұсаукесер Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың төрағалығымен өтті. Заң жобаларының негізгі жай-күйін қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов және ұлттық экономика вице-министрі Мәди Төкешұлы Такиев баяндады.

10.03.2020

2020 жылғы 10 наурыз күні Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде Г. Ж. Қарақұсованың төрағалығымен Заң жобасының таныстырылымы өтті

2020 жылғы 10 наурыз күні Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде Г. Ж. Қарақұсованың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті (Заң жобасын әзірлеуші – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономики министрлігі). Аталған шарада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Төкешұлы Такиев баяндады.
03.10.2019

2019 жылғы 3 қазан күні Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде Г. Ж. Қарақұсованың төрағалығымен «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті (Заң жобасын әзірлеуші – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі).

Аталған шарада Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов және Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Төкешұлы Такиев баяндады.
12.09.2019

2019 жылы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасының қаржы және ұлттық экономика министрліктері «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»,«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобалары бойынша тұсаукер өткізді.

Тұсаукесер Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың төрағалығымен өтті. Заң жобаларының негізгі жай-күйін қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов және ұлттық экономика вице-министрі Мәди Төкешұлы Такиев баяндады.
16.05.2019

2019 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің тұсаукесерін өткізді.

Тұсаукесер Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың төрағалығымен өтті. Баяндамашылар: Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов және Есеп комитетіның төрайымы Наталья Николаевна Годунова.
14.05.2019

2019 жылғы 14 мамыр күні Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде Г. Ж. Қарақұсованың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті (Заң жобасының әзірлеушісі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі).

Аталған шарада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары – Смоляков О.А. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы туралы баяндады.
14.03.2019

2019 жылы 14 наурызда Қазақстан Республикасының қаржы және ұлттық экономика министрліктері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» және «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша тұсаукер өткізді.

Тұсаукесер Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың төрағалығымен өтті. Заң жобаларының негізгі жай-күйін ұлттық экономика вице-министрі Мәди Төкешұлы Такиев және қаржы вице-министрі Савельева Татьяна Михайловна баяндады.
10.01.2019

2019 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың төрайымдық етуімен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша таныстырылым өтті.

Заң жобасы бизнес субъектілерінің оңалту және бонкроттық рәсімдерін қолдану жағдайларын жеңілдетуге, сондай-ақ жалпы оларды жетілдіруге бағытталған. Заң жобасының негізгі жай-күйін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Қанат Ескендірұлы Баеділов баяндады. Заң жобасын таңыстыру рәсіміне мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Жұмыс тобының жетекшісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Екатерина Сергеевна Никитинская.
13.09.2018

2018 жылы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының қаржы және ұлттық экономика министрліктері «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобалары бойынша тұсаукер өткізді.

Тұсаукесер Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың төрағалығымен өтті. Заң жобаларының негізгі жай-күйін ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов және қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов баяндады.
03.05.2018

2018 жылы 3 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша тұсаукер өтті.

Заң жобасының негізгі мақсаттары Қазақстанда венчурлік капиталдың жеке нарығын және инновациялық белсенділікті ынталандыру үшін венчурлік қаржыландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру болып табылады. Заң жобасының негізгі жай-күйін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Серікұлы Тоқтабаев баяндады. Заң жобасын таңыстыру рәсіміне мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Жұмыс тобының жетекшісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі – Яковлева Татьяна Ивановна.
10.04.2018

2018 жылғы 10 сәуір күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Г.Ж. Қарақұсованың төрағалығымен «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының таныстырылымы өткізілді.

Аталған шарада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т.М. Сүлейменов және Қазақстан Респубикасы Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов баяндамалар жасады.
05.02.2018

2018 жылы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың төрайымдық етуімен «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобалары бойынша тұсаукер өтті.

Заң жобаларын әзірлеу мақсаты Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын және «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру жағдайларында валюталық заңнаманы жоспарлы түрде өзгерту болып табылады. Негізгі өзгерістердің арасында - шетелдік ұйымдардың филиалдарын резиденттер ретінде тануды; валюталық операциялардың статистикалық мониторингінің қамтылуын кеңейтуді; капиталдың әкетілуіне бағытталған операциялар бойынша валюталық бақылауды күшейтуді, сондай-ақ Қазақстанның аумағында валюталық құндылықтардың айналысы мәселелерін және резиденттер арасындағы рұқсат етілген валюталық операциялар тізбесін нақтылауды атап өтті. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Александрович Смоляков баяндама жасады. Жұмыс тобының жетекшісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі – Дания Мәдиқызы Еспаева.
13.11.2017

2017 жылы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша тұсаукер өтті. Тұсаукесер Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың төрағалығымен өтті.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы халық пен бизнес үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін, сапасын арттыруға және құнын төмендетуге, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Заң жобасының негізгі жай-күйін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Жанат Құрманов баяндады. Заң жобасын таңыстыру рәсіміне мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Жұмыс тобының жетекшісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі – Симонов Сергей Анатольевич.
19.10.2017

2017 жылғы 19 қазан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Г.Ж. Қарақұсованың төрағалығымен «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының таныстырылымы өткізілді.

Аталған шарада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р.Е. Дәленов және Қазақстан Респубикасы Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов баяндамалар жасады.
21.09.2017

2017 жылғы 21 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Г.Ж. Қарақұсованың төрағалығымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) жобасы және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары жобаларының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Аталған заң жобаларының негізгі жай-күйін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице министрі – Р.Е. Даленов және Қазақстан Республикасы қаржы вице министрі – Қ.Е. Баедилов баяндады. Заң жобасын таныстыру рәсіміне мүдделі мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, Қазақстан Республикасының Ұлттық банк өкілдері, «Атамекен» Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Жұмыс тобының жетекшісі Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы – Яковлева Т.И.
12.09.2017

2017 жылы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасының қаржы және ұлттық экономика министрліктері «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобалары бойынша тұсаукер өткізді. Тұсаукесер Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың төрағалығымен өтті. Заң жобаларының негізгі жай-күйін қаржы және ұлттық экономика министрлері Бақыт Сұлтанов және Тимур Сүлейменов баяндады.
18.05.2017

2017 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің тұсаукесерін өткізді.

Жұмыс тобының жетекшісі - депутат Серік Досымханұлы Құсайынов. Қазақстан Республикасының Үкіметінен Қазақстан Республикасы қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов баяндама жасады. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінен төраға Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков баяндама жасады.
13.02.2017

2017 жылғы 13 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Г.Ж. Қарақұсованың төрағалығымен «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының таныстырылымы өткізілді (Заң жобасын әзірлеуші – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі).

Аталған шарада Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі – Т.М. Сүлейменов және «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша Қазақстан Респубикасы қаржы министрі – Б.Т. Сұлтанов сөз сөйледі.
17.10.2016

2016 жылы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша тұсаукер өтті.

Заң жобасы салық саясатын жетілдіру, тұрақты әлеуметтiк-экономикалық даму, елде қолайлы бизнес-ахуалды жасау мақсатында әзірленді. Заң жобасының негізгі жай-күйін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев баяндады. Заң жобасын таңыстыру рәсіміне мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Жұмыс тобының жетекшісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі – Жамалов Аманжан Мәкәрімұлы.
15.09.2016

2016 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының қаржы және ұлттық экономика министрліктері «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», сонымен қатар «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобалары бойынша тұсаукер өткізді.

Тұсаукесер Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсованың төрағалығымен өтті. Заң жобаларының негізгі жай-күйін қаржы және ұлттық экономика министрлері Бақыт Сұлтанов және Қуандық Бишімбаев баяндады.
25.06.2015

2015 жылы 25 маусымда ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша тұсаукер өтті. Депутаттардың алдында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Қуат Бәкірұлы Қожахметов сөз сөйлейді.
04.05.2015

2015 жылы 4 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша тұсаукер өтті. Депутаттардың алдында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев сөз сөйлейді.
19.02.2015

2015 жылы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы бойынша тұсаукесер өтті.

Депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі – Ерболат Асқарбекұлы Досаев пен Қазақстан Республикасы қаржы министрі - Бахыт Тұрлыханұлы Сұлтанов баяндама жасады.
27.01.2015

2015 жылы 27 қаңтарда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобалары бойынша тұсаукесер өтті. Депутаттардын алдында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Рау Альберт Павлович баяндама жасады.

24.09.2014

2014 жылы 24 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»ҚР Заң жобалары бойынша тұсаукер өтті.

Депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі - Тимур Мекешұлы Жақсылықов баяндама жасады.
16.09.2014

Бүгін Мәжіліс депутаттарының алдында кедендік әкімшілендіру саласын жетілдіруді көздейтін жаңашылдықтар талқыға түсті. Еліміздің Қаржы министрлігі ұсынып отырған толықтырулармен қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев таныстырды.
15.09.2014

2014 жылы 15 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы бойынша тұсаукер өтті. Депутаттар алдында ҚР Ұлттық экономика министрі – Ерболат Асқарбекұлы Досаев баяндама жасады.
15.09.2014

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», және «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтті.
14.05.2014

Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың жүргізуінде 2013 жылғы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің таныстырылымы болды. Оның жұмысына Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева қатысты.

Есеп жөнінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары- Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин баяндама жасады.
12.03.2014

Бүгін Мәжілісте ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңдарға өзгеріс енгізу туралы заң жобасының таныстырылымын өткізді.

Оның жұмысына Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко қатысып, Палатаның Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова отырысты жүргізді. Заң жобаларымен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е. Досаев таныстырды.
21.01.2014

2014 жылы 21 қаңтарда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша тұсаукер өтті. Депутаттардын алдында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев сөз сөйлейді.
07.11.2013

2013 жылы 7 қарашада ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша тұсаукесер рәсімі өтті. Депутаттар алдында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі – Ерболат Асқарбекұлы Досаев баяндама жасады.
12.09.2013

2013 жылы 12 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобалары бойынша тұсаукер өтті.

Депутаттар алдында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі – Ерболат Асқарбекұлы Досаев баяндама жасады.
10.09.2013

2013 жылы 10 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобалары бойынша тұсаукер өтті.

Депутаттар алдында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі – Ерболат Асқарбекұлы Досаев баяндама жасады.
02.05.2013

Республикасы Парламенті Мәжілісінде Қазақстан Республикасы Үкіметі 2012 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебімен таныстырды.

Есеп комитеті 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін - Үкімет есебіне қорытынды ұсынды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Жәмішев Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебімен таныстырды.
12.03.2013

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Палата Спикерінің орынбасары Сергей Дьяченконың қатысуымен, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың жетекшілігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (жаңа редакцияда)» заң жобасының таныстырылымын өткізді.

Таныстырылымға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов, Ұлттық Банк Төрағасы Григорий Марченко қатысып, депутаттардың заң жобасы бойынша қойған сұрақтарына жауап берді. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов заң жобасы бойынша баяндама жасады.
29.01.2013

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобаларын таныстыру өткізілді. Депутаттар алдында ҚР Қаржы министрі - Болат Бидахметұлы Жәмішев баяндама жасады.
22.01.2013

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайта құрылымдауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан әрі дамыту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымын өткізді.

Отырысты аталған комитет төрайымы Гүлжан Қарағұсова жүргізіп, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Абай Ескендіров заң жобасымен депутаттарды таныстырды.
08.01.2013

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымын өткізді. Басқосуды аталған комитет төрайымы Гүлжан Қарқұсова жүргізді. Сыртқы сауда саласындағы қызметті реттейтін тиісті нормативтік құқықтық базаны құруға, бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге және кеден аумағы арқылы тауарларды тасымалдауға қатысты халықаралық құжаттармен белгіленген тәртіпті қолдануға бағытталған заң жобасы бойынша ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Мадина Әбілқасымова баяндап берді.
29.11.2012

2012 жылы 29 қазанда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы бойынша тұсаукесер рәсімі өтті. Депутаттар алдында ҚР Қаржы министрі - Болат Бидахметұлы Жәмішев баяндама жасады.
23.10.2012

Кеше, 2012 жылғы 22 қазан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының (бұдан әрі – заң жобасы) тұсаукесер рәсімін өткізді. Заң жобасын Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев таныстырды.
11.10.2012

2012 жылы 11 қазанда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы бойынша тұсаукер өтті. Депутаттардын алдында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Ақышев Данияр Талғатұлы сөз сөйлейді.
12.09.2012

2012 жылы 11 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013-2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобалары бойынша тұсаукер өтті. Депутаттар алдында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі - Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев, ҚР Қаржы министрі - Болат Бидахметұлы Жәмішев баяндама жасады.
07.06.2012

2012 жылы 7 маусымда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы бойынша тұсаукер өтті. Депутаттардын алдында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары ТӘЖІЯҚОВ Бейсенғали Шамғалиұлы сөз сөйлейді.
04.06.2012

2012 жылы 4 маусымда ҚР Парламент Мәжілісі ғимаратында «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы бойынша тұсаукер өтті. Депутаттардын алдында Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің төрағасы НОКИН Серік Кеңесұлы сөз сөйлейді.
18.05.2012

2011 жылғы 18 мамырда Мәжілісте республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкіметтің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің дайындаған есептерінің таныстырылымы өтті. Басқосуды кіріспе сөзбен ашқан Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова ел бюджетінің орындалуы туралы құжаттың маңыздылығына тоқталды. Отырыста депутаттар алдында Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов пен Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев баяндама жасады. Бұл шараны ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті ұйымдастырды.
21.02.2012

«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Заңының жобалары бойынша тұсаукесерде депутаттардын алдында ҚР Қаржы министірі Б.Б.Жәмішев сөз сөйлейді.