Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Дөңгелек стол

10.03.2022

2022 жылғы 10 наурызда Аграрлық мәселелер комитеті «Қазақстан Республикасындағы ветеринария жүйесінің жай-күйі туралы» тақырыбына дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Іс-шараға ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, қаржы, білім және ғылым, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, ғылыми-зерттеу, қоғамдық және өзге де мамандандырылған ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен практиктер қатысты. Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария жүйесін реформалау бойынша негізгі тәсілдерді таныстырып өтті. Бұдан басқа, еліміздің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндалды. Сондай-ақ, ғылыми және ғылыми-зерттеу ұйымдарының, Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының, отандық ветеринариялық препараттар мен вакциналарды өндіруші өкілдерінің баяндамалары тыңдалды, олар проблемалық мәселелермен оларды шешу жолдары туралы өз ой-пікірлерін білдірді. Отырысқа қатысушылар ветеринария қызметі жұмысының ұйымдастырылуын, ветеринариялық іс-шаралардың уақтылы жүзеге аспауын сынға алды, бұл жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде аса қауіпті, әлеуметтік және экономикалық залал келтіретін аурулардың өршуіне алып келді. Сонымен қатар, орталық пен өңірлер арасындағы өзара іс-қимылдың нақты тетігінің жоқтығы атап өтілді. Осыған байланысты, ветеринарлық қызметті реформалау кезінде оның нақты құрылымын құру қажет екендігі айтылды. Бұдан басқа, ветеринариялық мамандарды даярлау, оларды ауылдық жерлерге жұмысқа тартуды ынталандыру тәсілдерін өзгерту, ветеринариялық мамандардың жалақысын көбейту, қызметін жүзеге асыру жағдайларын жақсарту, оның ішінде, ауылдық округтердегі ветеринариялық зертханалардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту, сондай-ақ кепілдендірілген әлеуметтік қолдау көрсету сияқты тиісті жағдайларды жасау қажет. Ветеринария саласын цифрландыру, ондағы деректерді жинау мен беруді автоматтандыру, жануарларды сәйкестендірудің заманауи әдістерін енгізу, түрлі ауруларды диагностикалау мен емдеу маңызды болып табылады, бұл мал шаруашылығы өнімінің қадағалануына, ветеринариялық-санитариялық бақылаудың күшеюіне, ветеринариялық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, отандық ветеринариялық препараттар мен диагностикумдар өндірісін дамытуға ерекше назар аудару қажет. Нәтижесінде, уәкілетті органдарға ветеринария саласын реформалау мәселелерін шешу кезінде өзара іс-қимыл мен үйлестіруді күшейту, сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушылардың айтылған ұсыныстары мен ұсынымдарын қосымша зерделеу тапсырылды.
24.06.2021

2021 жылғы 24 маусымда Аграрлық мәселелер комитеті бейне-конференц-байланыс режимінде «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Аталған іс-шараға ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция, денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің жауапты қызметкерлері, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының, квазимемлекеттік сектордың өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты. Іс-шараны өткізу барысында азық-түлік қауіпсіздігінің проблемалық мәселелері талқыланды. Атап айтсақ, олар азық-түлік инфляциясы, ішкі нарықты отандық өндірістің азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен қамтамасыз ету, импортты алмастыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан саясат т. б. мәселелер болды. Уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген проблемалық мәселелерді шешу үшін, әзірленген 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде, импортқа тәуелді бағыттардың әрқайсысы бойынша инвестициялық жобаларды қолдау, оның ішінде жеңілдікті кредиттеумен және субсидиялаумен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту және жер ресурстарымен қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау, сондай-ақ кадрлар даярлау бойынша бірқатар шаралар қарастырылғанын баяндады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен тамақ өнеркәсібінің қайта өңдеу кәсіпорындарының өкілдері сөйледі, олар проблемалық мәселелер және оларды шешу туралы өз пікірлерін білдірді. Өз кезегінде депутаттық корпус көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, уәкілетті органдарға оларды шешу алгоритмін әзірлеуді ұсынды. Нәтижесінде аталған мәселелер жан-жақты және сындарлы талқыланды, ал барлық енгізілген ұсыныстар мен сараптамалық пікірлерді уәкілетті орган қосымша қарауға алды. Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.
18.04.2019

Астана, 18 сәуір, Мәжіліс үйі.

Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы – Б.С. Оспановтың жетекшілігімен және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары В.К. Божконың қатысуымен «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттырудағы проблемалық мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Жамбыл облысы әкімдігі, «Қазагро» Холдингі», «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамдары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», агроөнеркәсіптік кешендегі несие серіктестігі қауымдастығы, «Германия-Қазақстан аграрлы-саяси диалог» Жобасы, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы мен шағын қаржы ұйымдары қауымдастығынан жауапты өкілдері қатысты. Негізгі баяндамамен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Р.Ж. Құрманов, қосымша баяндамамен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет депутаты – Звольский С.А. сөз сөйледі. Іс-шара барысында, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру жөніндегі міндеттер қолданыстағы бағдарламалар бойынша несиелендіру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік субъектілерді одан әрі қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді, кредиттік серіктестіктерді, микрокредиттік ұйымдар мен лизингілік компанияларды қаржыландыру есебінен шешіліп отырғаны айтылды. Сондай-ақ баяндаушылармен келесі проблемалық мәселелер көтерілді: леквидті кепілдіктің және айналым капиталының тым аздығы, ауыл шаруашылық өндірісінің жоғары тәуекелдері және климаттық жағдайларға тәуелділігі, өтелу кезеңдерінің ұзақтығы және ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың төмен кірістілігі, қарыздар мен лизинг бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар жасалынды.
11.01.2019

Астана, 11 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін, Парламент Мәжілісінде, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы С.К. Омаровтың жетекшілігімен «Ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуда Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың рөлі туралы және осы негізде жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін үзіліссіз қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстелдің отырысы өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктерінің жауапты қызметкерлері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ауыл шаруашылығы басқармаларының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің отырысы барысында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Негізгі баяндамаларды ұлттық экономика вице-министрі С.М. Жұманғарин және ауыл шаруашылығы вице-министрі Б.Т.Бейсенғалиев жасады. Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері, өңірлерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыру мәселелері, сондай-ақ еліміздің және өңірлердің агроөнеркәсіптік кешен жобаларына Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялардың қатысу перспективалары көтерілді. Нәтижесінде, дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар жіберілетін болады.
27.11.2018

Астана, 27 қараша Мәжіліс Үйі

Бүгін, Парламент Мәжілісінде Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Омаров Сапархан Кесікбайұлының басшылығымен «Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» атты дөңгелек үстелдің отырысы өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ұлттық биотехнология орталығының, Астанадағы Халықаралық эпизоотиялық бюроның субаймақтық кеңсесінің, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің және Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария және өсімдіктерді қорғау және карантині институттарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан құс өсірушілер одағы, Әулиекөл, Қазақтың ақбас және Герефорд тұқымдары Республикалық палаталары үкіметтік емес сектор өкілдері және т. б. қатысты. Дөңгелек үстелдің отырысында еліміздің эпизоотикалық және фитосанитарлық жағдайының өзекті мәселелері талқыланды. Негізгі баяндамаларды Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы А.Е.Қажыбекова және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Т.А.Қабдұлданов жасады Дөңгелек үстелге қатысушылар ауыл шаруашылық жануарларының қауіпті ауруларымен күресу, соның ішінде «Фермадан үстелге дейін» қағидасы бойынша тізбекті қадағалау үшін ауылшаруашылық жануарларын объективті есепке алу, сондай-ақ қауіпті зиянкестер мен карантиндік объектілерден өсімдіктерді қорғау шараларының тиімділігі туралы мәселелерді көтерді. Іс-шараның нәтижесінде жиналысқа қатысушылар ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, елдің ветеринариялық және фитосанитарлық әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруға шешім қабылдады.
25.10.2017

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді және ұтымды пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгедек үстелдің отырысы өтті.

Аталған іс-шара ауыл шаруашылығы жерлерді жалға беру институтын сақтау және одан әрі жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мен қорғаудағы бақылауды күшейту, аталған жерлер категориясын ұсыну мен жер конкурстарын жүргізудің ашықтығы бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің жариялылығын дамыту оның басты мақсаты болып табылатын жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша заң жобасын талқылау шеңберінде өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына депутаттық корпус, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдар мен ведомстволық бағынысты мекемелер, тиісті бағыттағы ғылыми ұйымдар, Парламент Мәжілісінде ұсынылмаған саяси партиялар, салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қатысты. Дөңгелек үстел отырысын жүргізу барысында өткен жерлерді түгендеу (инвентаризациялау), топырақтың агрохимиялық зерттеудің қорытындылары, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімді пайдалануы мен қорғауын бақылау мен мониторингін күшейту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын жайылымдармен қамтамасыз ету проблемаларына, тыңайған, босалқы жерлерді, суармалы жерлерді айналымға тарту қажеттілігіне, жерлердің тозуы және шөлейттенумен күрес жөніндегі іс-шараларды жандандыруына, пайдаланылмайтын, ұтымды пайдаланылмайтын немесе нысаналы мақсатта пайдаланылмайтын жерлерді анықтауына ерекше көңіл бөлінді. Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті ұсынымдар жолданды.
27.04.2017

Бүгін Парламент Мәжілісінде аграрлық мәселелер Комитетінің төрағасы С.К.Омаровтың төрағалығымен «Өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеудің проблемалы мәселелері туралы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына депутаттар, уәкілетті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы», «Қазақстан астықты қайта өңдеушілер одағы», «Қазақстанның картоп пен көкөніс өндірушілерінің Одағы», «Қазақ мақта қауымдастығы» және т.б. заңды тұлғалар бірлестіктері сияқты үкіметтік емес секторлар өкілдері, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми-зерттеу институттары, сонымен қатар «Есік жеміс-көкөніс консервілеу зауыты», «Орталық Азия Қант Корпорациясы» ЖШС және «АзияАгроФуд», «Евразиан фудс» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел отырысының барысында өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру мен қайта өңдеудің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Ауыл шаруашылығының вице-министрі Төлеутай Сатайұлы Рахымбековтың басты баяндамасында отандық өнім өндірудің бәсекелестігін қамтамасыз ету бойынша, салааралық қарым-қатынастың тиімділігі мен агроөндіріс кешені субъектілерін қаржылық, ақпаратты-әдістемелік қолдауға бағытталған министрлікпен қабылданып жатқан шаралар мен алда тұрған міндеттер айқындалды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері де өзекті мәселелер мен міндеттерді ортаға салды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Тамақ өнеркәсібі комитетінің төрағасы саланың дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді баяндап берді. Сонымен қатар, міндеттерді белгілеген және оларды шешу көзқарасын ұсынған отандық мамандардың құзыретті пікірлері тыңдалды. Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жіберілді.
24.02.2017

Астана, 24 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінде С.К. Омаровтың, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасының, төрағалық етуімен «Органикалық өнім өндіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру» («100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60 және 61-қадамдарын іске асыру аясында) тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына депутат корпусы, уәкілетті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, «KAZFOAM» Органикалық ауыл шаруашылығы үшін қозғалысы Қазақстан федерациясы, «Органикалық егіншілік қуымдастығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі, Қазақстан Республикасы аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты сияқты үкіметтік емес сектордың өкілдері, сондай-ақ органикалық өнім өндірушілері қатысты. Дөңгелек үстел отырысы барысында Қазақстандағы органикалық өнім өндіру және олардың айналымы саласындағы өзекті мәселелер мұқият талқыланды. «Органикалық өнім өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашада қабылданған Қазақстан Республикасы Заңын іске асыруға бағытталған министірлік қабылдап жатқан шаралар туралы негізгі баяндаманы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Қапарұлы Айтуғанов жасады. Заңның ұлттық стандарттарды сертификаттау және ұлттық белгі сәйкестігін енгізу бөлігінің іске асырылу сатысы туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасы хабарлады. Өз кезегінде Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі өзінің қосымша баяндамасында осы кезеңде саланы дамытуға кедергі келтіретін негізгі проблемалық мәселелерді атап өтті. Одан басқа, отандық сала мамандарының құзыретті пікірлері тыңдалды, олар да проблемалық сәттерді белгілеп, органикалық өнім өндіру және олардың айналымы саласындағы міндеттерді шешудегі өз көзқарастарын ұсынды. Нәтижесінде дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар жіберілді.
29.11.2016

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара өсімдік және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау аясында өтті және негізгі мақсаты флора мен фаунаны сақтау, сондай-ақ оларды қорғау, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдалану бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру болып табылады.

Отырысқа Парламент депутаттары, уәкілетті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, «Табиғат» Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындары, «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілері, «Қазақстан биологиялық әртүрлілікті сақтау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан биологиялық әртүрлілікті сақтау қоры», «Қазақстан Республикасының спорттық балық аулау федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «Тазы - Төбет - Бөрібасар» федерациясы, «Қазақ балық шаруашылығы» балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері, «Қазақстан Республикасының аңшылар мен балық аулаушылар қоғамдарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігі және облыстық аңшылар мен балық аулаушылардың облыстық қоғамдық бірлестіктері қатысты. Сонымен қатар, отырысқа ғылыми орталықтардың өкілдері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен биоәралуандық саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жобасының эксперттері, үйлестірушілері, менеджерлері және Орталық Азияның экономикалық дамуы үшін климаттың өзгеруі тұрғысынан аймақтық жер ресурстарын тұрақты басқару бағдарламасының мамандары шақырылып қатысты. Дөңгелек үстел барысында қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін және адам әсерін азайту мақсатында өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын орнықты пайдалану, оларды қорғау және өсiмiн молайту үшін кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдаланудың өзекті мәселелері туралы негізгі баяндаманы ауыл шаруашылығы Вице-министрі Е.Н.Нысанбаев баяндады. Қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері өсімдіктер мен жануарлар әлемін, қоршаған табиғи ортаны сақтау мүмкіндіктері, биологиялық әр түрлі аспектілері туралы, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге негізделген тұрақты басқару жөнінде дөңгелек столға қатысушыларды жан-жақты таныстырды. Сонымен қатар, дөңгелек стол аясында, орман және балық шаруашылығы өндірушілерінің баспа материалдарының, фотосуреттерінің, түрлі экспонаттарының көрмесі өтті. Дөңгелек стол қорытындысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиісті ұсынымдар жолданды.