Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Халықаралық қызмет


16.09.2021

Нұрлан Нығматулин ТүркПА-ның Бас хатшысын қабылдады

Нұр-Сұлтан, 16 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады. Кездесу барысында ТүркПА-ның мерейтойлық X пленарлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды. Түркітілдес елдер парламентшілерінің форумы үстіміздегі жылдың 27-28 қыркүйегінде түркі әлемінің астанасы Түркістан қаласында өтеді. ТүркПА Кеңесінің Х пленарлық отырысына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттерінің басшылары қатысады деп күтілуде. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент өкілдерінің алдағы кездесуі туралы айтып, X пленарлық сессияның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, бұл депутаттарға алғашқы онжылдықтағы жұмысының қорытындысын шығарып қана қоймай, қазіргі заманның өзекті мәселелерін ескеретін және одан әрі ынтымақтастықтың келешектегі бағыттарын толық ауқымды талқылауға мүмкіндік беретініне назар аударды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы бүгінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның Парламент өкілдерін қамтиды. Венгрия 2014 жылы осы парламенттік ұйымда бақылаушы мәртебесін алды. ТүркПА-ның мерейтойлық Х пленарлық отырысына Өзбекстанның Парламент өкілдері де шақырылды.

08.09.2021

Нұрлан Нығматулин Венадағы Дүниежүзілік парламенттік форум аясында екіжақты кездесулер өткізді

Нұр-Сұлтан, 8 қыркүйек, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуды және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін парламенттік дипломатия құралдарын пайдалануды қолдады. Осы күндері Вена қаласында өтіп жатқан парламенттер спикерлерінің Бесінші Дүниежүзілік конференциясы аясында Нұрлан Нығматулин еуропалық және азиялық парламентшілермен, халықаралық парламенттік ұйымдар басшыларымен, сондай-ақ ұлттық делегация өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Парламентаралық Одақтың төрағасы Дуарте Пашекомен кездесу барысында одан әрі өзара іс-қимылдың келешегі жайы талқыланды. Сонымен қатар, Мәжіліс Спикері қазақстандық Парламент өкілдері негізгі құқықтар мен бостандықтарды сақтай отырып, барлық адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін, әлеуметтік әділ және қауіпсіз әлем пайымына негізделген Парламентаралық Одақтың қағидаттарын ұстанатынын атап өтті. Сонымен қатар, кездесу барысында Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырудың маңыздылығы туралы да айтылды. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Парламентаралық Одақ парламенттік дипломатия құралдарын пайдалана отырып, Ауған мәселесін реттеуде маңызды рөл атқара алар еді. Мәжіліс Спикері Парламент өкілдеріне толеранттылық пен мәдени сан алуандық идеологиясын ілгерілету, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді бейбіт жолмен шешуге және ымыраға келуге шақыру қажет деп есептейді. Мәжіліс Төрағасы өзінің испандық әріптесі - Депутаттар конгресінің Спикері Меритчель Батетпен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформаларға, сондай-ақ әйелдер мен жастардың саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге, партиялардың Парламентке өтуінің шекті деңгейін 7-ден 5% - ға дейін төмендетуге, сайлау бюллетеньдеріне «баршаға қарсы» бағанын енгізуге және т. б. мәселелерге қатысты өзгерістерге назар аударды. Біз Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанын және демократияны нығайту бағытында үлкен қадамдар жасалып жатқанын көріп отырмыз. Ең алдымен, әйелдер мен жастардың рөлін күшейтуге қатысты саяси реформалар – бұл жалпы демократияны дамыту үшін өте маңызды, - деді өз кезегінде Меритчель Батет. Одан әрі Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Пак Бён Сокпен кездесу барысында ынтымақтастықты нығайту тақырыбы жалғасын тапты. Тараптар қазақстандық және кореялық Парламент өкілдерінің өзара іс-қимылының кеңеюі екі мемлекет басшыларының уағдаластықтарын іске асыруға ықпал ететініне сенім білдірді. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин атап өткендей, жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сеулге мемлекеттік сапары екі елдің саяси диалогын дамытуға және стратегиялық серіктестігін кеңейтуге серпін берді. Мәжіліс Спикері Әзербайжан және Қырғызстан парламенттерінің басшылары Сахиба Гафарова және Талант Мамытовпен кең ауқымды мәселелерді талқылады. Нұрлан Нығматулин Парламент өкілдерінің, соның ішінде түркі институттары аясындағы бірлескен сындарлы жұмысы бауырлас халықтар мен елдер арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды, достық пен тату көршілікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының биылғы қыркүйек айының соңында Түркістанда өткізілуі жоспарланған X пленарлық отырысы алдағы ынтымақтастық үшін жаңа перспективалық бағыттарды ашатынын атап өтті. Парламенттер спикерлерінің Бесінші Дүниежүзілік конференциясы аясында Нұрлан Нығматулин Бельгия Корольдігі Федералдық Парламентінің спикерлері: Өкілдер палатасының төрағасы Элиан Тильемен және Сенат төрағасымен Стефани Д ' Озбен келіссөздер жүргізді.

08.09.2021

Нұрлан Нығматулин Венадағы парламенттер спикерлерінің Бесінші Дүниежүзілік конференциясында сөз сөйледі

Нұр-Сұлтан, 8 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин парламенттер спикерлерінің Бесінші Дүниежүзілік конференциясында сөйлеген сөзінде Қазақстан басшылығының ауқымды реформалары, сондай-ақ заңнамалық қолдау елімізді халықаралық ұстанымдарға сәйкес дамуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация осы күндері Австрия астанасы Вена қаласында өтіп жатқан парламенттер спикерлерінің Бесінші Дүниежүзілік конференциясына қатысуда. Мәжіліс Спикері көпжақты ынтымақтастықты нығайту, бейбітшілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін парламенттік қызмет тақырыбына арналған интерактивті жалпы пікірталастарда сөз сөйледі. Осы ретте, Нұрлан Нығматулин біздің еліміздің халықаралық ұстанымдарға сәйкес тұрақты дамуға жол ашатын Қазақстанда қолға алынып жатқан маңызды бастамалар туралы айтты. Палата Спикері атап өткендей, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ықпалды мемлекет пен әділ қоғам құрудың тұжырымдамалық негізін қалады. Осы саяси бағытты бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жалғастырып келеді. Нұрлан Нығматулин қазақстандық қоғамның барлық салаларын қамтитын ауқымды жүйелі реформаларды сөз ете келіп, қоғамдық бақылау мен азаматтық белсенділікті, сонымен бірге ел басшылығының бастамаларын заңнамалық қолдауға баса назар аударды. Парламент реформаларды дер кезінде заң деңгейінде қамтамасыз ете отырып, белсенді қызмет атқаруда. Мәселен, сайлау заңнамасы мен сот жүйесін жетілдіруге бірқатар маңызды заңдар қабылданды. Сонымен бірге, саяси партиялар, бейбіт жиналыстар, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамалық актілерге де көптеген өзгерістер енгізілді, - деді Мәжіліс Спикері. Өз сөзінде Нұрлан Нығматулин Қазақстанның жаһандық және өңірлік деңгейлерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесіне көңіл бөлді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи сын-қатерлерге байланысты тікелей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беретін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсынды. Бұл мамандандырылған құрылым биологиялық қауіптерді болдырмауға ықпал етеді. Біз осы маңызды қазақстандық бастаманы әріптестеріміз белсенді түрде қолдайды деп сенеміз, - деді Мәжіліс Спикері. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин халықаралық күн тәртібіндегі Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіру сияқты өзекті мәселе туралы айта келіп, бүгінгі таңда ең маңыздысы – Ауғанстандағы гуманитарлық және азық-түлік дағдарысына жол бермеу екендігіне назар аударды. Мәжіліс Спикері қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің шешімі бойынша Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі БҰҰ Миссиясы біздің елімізде уақытша орналастырылғанын атап өтті. Бесінші Дүниежүзілік парламенттер спикерлерінің конференциясы коронавирустық пандемия басталғаннан бері тікелей ұйымдастырылып отырған алғашқы ауқымды парламентшілер форумы. Венадағы конференцияны Парламентаралық одақ, Австрия Парламенті БҰҰ-мен бірлесіп ұйымдастырды. Әлемнің 90-нан астам елінің парламенттер спикерлері жиналған жиында-пандемиямен күресу және covid-19-дан кейін қалпына келтіру жөніндегі жаһандық шараларды қоса алғанда, шұғыл халықаралық парламенттік іс-қимылды талап ететін басымдықтар, климаттың өзгеруі және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін шешу, жалға ақпарат таратуға қарсы іс-қимыл, жастардың саясатқа қатысуы, гендерлік теңдік мәселелері қаралды. Қазақстандық Парламент өкілдері делегациясының құрамында Сенат пен Мәжіліс депутаттары бар.

06.09.2021

Нұрлан Нығматулин Венадағы парламенттер спикерлерінің Бесінші Дүниежүзілік конференциясына қатысады

Нұр-Сұлтан, 6 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация 6-8 қыркүйек аралығында Вена қаласында өтетін Бесінші Дүниежүзілік парламенттер спикерлерінің конференциясына қатысады. Парламентаралық Одақ, Австрия Парламенті БҰҰ-мен өзара іс-қимыл кезінде ұйымдастырған форумда парламентшілер, атап айтқанда, пандемиядан кейінгі даму, оның ішінде климаттың өзгеруімен күресу және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін экономиканы реформалау туралы пікір алмасады. Парламент өкілдері көпжақты қатынастарды нығайту, бейбітшілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін диалог, өзара түсіністік және ынтымақтастық қағидаттары негізінде негізгі парламенттік іс-қимылдарды анықтайды. Осы тақырыпта өткізілетін интерактивті жалпы пікірталастарда Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің сөз сөйлеуі жоспарланған. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулиннің Еуропа және Азия парламенттерінің, халықаралық парламенттік ұйымдардың басшыларымен, сондай-ақ ұлттық делегациялардың өкілдерімен екі жақты кездесулері қарастырылған. Парламент спикерлерінің әрбір бес жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік конференциясы қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық құқық және адам құқықтары, демократия және гендерлік теңдік мәселелерін талқылауға арналады.

28.06.2021

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Ресей Федерация Кеңесінің Спикері Валентина Матвиенко ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, 28 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин елімізге ресми сапармен келген Ресей Федерациясы Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенко бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі, сенімді досы және тату көршісі. Қос мемлекетті тамырын тереңге тартқан көп ғасырлық тарихи ортақ тамырластық біріктіреді. Сондай-ақ, Палата Спикері қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің өзара сындарлы келісімдерінің арқасында жоғары деңгейде даму жолына түскенін, бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеумен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор көңіл бөлетінін атап өтті. Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин мәртебелі мейманға еліміздегі заң шығару қызметінің жаңалықтары туралы, саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалар және оларды заңдық деңгейде қаматамасыз ету барысындағы жетістіктер жайында баяндап берді. Өз кезегінде Ресей Федерациясы Кеңесінің төрайымы пандемияға қатысты шектеулерден кейінгі алғашқы сапарын арнайы Қазақстанннан бастап отырғанын атап өтті. Валентина Матвиенко еліміздің 30 жылдық мерейтойын сөз ете келіп, тарихи өлшеммен алғанда аз ғана уақыттың ішінде, біздің мемлекеттің экономикасы дамыған, әлемдік беделі жоғары, заманауи демократиялық елге айналғанын, Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі екенін, қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен табысты жалғасып келе жатқанын баса айтты. Сонымен қатар, екі ел арасындағы өзара тиімді іс-әрекетке, өзара құрметке негізделген берік ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта қарқынды дами беретініне тоқталды. Кездесу иелері парламентаралық, соның ішінде, ТМД парламентаралық ассамблеясы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт парламенттік ассамблеялары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Парламентаралық Одақ аясында ықпалдастықты тереңдету жөнінде әңгімеледі. Нұрлан Нығматулин мен Валентина Матвиенко парламентаралық диалог Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға серпін беретініне назар аударды.

18.06.2021

Мәжіліс депутаттары бірқатар халықаралық форумдарға қатысты

Нұр-Сұлтан, 18 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары бірқатар халықаралық форумдарға қатысып, елдер арасындағы парламентаралық ынтымақтастық топтардың жетекшілерімен кездесті. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева бейнеконференция арқылы «Орталық Азия мен Ауғанстандағы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбына арналған Ташкент қаласында өткен халықаралық форумға қатысты. Отырыста сөз сөйлеген вице-спикер Қазақстан өңірлік және жаһандық деңгейлерде әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерінде елеулі күш-жігер жұмсағанына тоқталып, Қазақстанның ауған жастарын қолдау бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Павел Казанцев пен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының депутаты Светлана Любецкая бейнеконференция форматында кездесіп, Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін қазақстандық және Беларусь парламентшілерінің өзара іс-қимылына назар аударды. Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылы ішінде жоғары деңгейде сенімді саяси диалог пен терең экономикалық байланыстар орнағанын, екі ел арасында жан-жақты өзара іс-қимыл тиімді дамып келе жатқанын, сондай-ақ қажетті нормативтік-құқықтық база құрылғанын атап өтті. Айта кету керек, осы жылдар ішінде 100-ден астам екіжақты құжатқа қол қойылған. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Біріккен Араб Әмірліктері, Польша және Түркия парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтар аясында онлайн-форматта осындай кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан Парламентте Сербияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Владан Матичпен кездесті. Онда экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық және парламентаралық диалогты дамыту мәселелері талқыланды.

14.06.2021

Мәжілісте Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы парламентаралық байланыс мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, 14 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисі төрағасының орынбасары Адиль Алиевпен бейнебайланыс арқылы кездесті. Кездесуде вице-спикер Әзірбайжан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, осы жылдар ішінде елдер арасындағы ынтымақтастық артып, терең экономикалық байланыстар орнағанын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдер арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға күш салғанына тоқталып, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзірбайжанмен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін алға тартты. Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары Кавказ өңіріндегі негізгі әріптес – Әзірбайжанмен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға аса мән беретініне назар аударып, Қазақстанда сайлау процесін демократияландыруды дамыту, саяси жүйенің институционалдық дамуын арттыру және адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға бағытталған бірқатар саяси реформалардың іске асырылу барысы туралы баяндады. Өз кезегінде, Адиль Алиев елдер арасындағы парламентаралық байланыстың жоғары деңгейі мен елдер арасында орнаған терең байланыстар туралы әңгімеледі. Жалпы айтқанда, бүгінгі таңда елдер арасында екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымын қамтитын 120-дан астам мемлекетаралық және үкіметаралық құжаттарға қол қойылған. Іс-шара соңында тараптар осындай кездесулер Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуға парламентаралық байланысты нығайтуға жаңа серпін беретінін атап өтті. Айта кету керек, қазақстандық тараптан кездесуге Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Айқын Қоңыров, Ғалымжан Елеуов, Мәди Елюбаев, Айгүл Жұмабаева, Әбілфас Хамедов, сондай-ақ Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов қатысты.

11.06.2021

Мәжілістің Халықаралық күн тәртібі

Нұр-Сұлтан, 11 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары бірқатар елдер мен халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианмен Қазақстандағы миссиясының аяқталуына байланысты кездесті. Депутат дипломатқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, Петер Бурианның Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Өз кезегінде Еуропалық Одақтың арнайы өкілі халықаралық ұйымның елімізбен берік және сенімді байланыстың одан әрі дамитынына сенім білдірді. Өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жайында әңгімелесу барысында тараптар парламенттік құрамдас бөліктің маңызды рөлін атап өтті. Кездесуге Мәжіліс депутаттары Елдос Абақанов, Юлия Кучинская және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Басшысы Свен-Олов Карлссон қатысты. Сонымен қатар, бүгін Айгүл Құспан Камбоджа Корольдігінің Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Меас Ким Хенгпен кездесті. Мәртебелі мейманмен әңгіме барысында Қазақстан-Камбоджа ынтымақтастығын дамыту келешегі туралы талқыланып, екі елдің парламентшілері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмила Нұрманбетова бейнеконференция байланысы форматында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ғылым және білім жөніндегі Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы сарапшылық кеңестің отырысына қатысты. Отырыс барысында сөз сөйлеген Жәмила Нұрманбетова проблемалар және оларды шешудің ықтимал жолдары туралы ақпаратпен алмасу үшін қатысушы елдердің заң жобалау бастамаларына қатысты мәселелерді кеңестің алдағы отырыстарының күн тәртібіне енгізуді ұсынды. Мәжілісменнің пікірінше, мұндай жұмыстың форматы ТМД ПАА ұсынымдары мен модельдік заңдарын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін негіз болады. Мәжілісте Палата әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Айдос Сарым Қазақстандағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Елшілігінің өкілі Рио Ашрафимен кездесті. Депутат мейманды Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси өзгерістер, депутаттардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылы және Парламент пен Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі туралы қысқаша хабардар етті.

10.06.2021

Мәжіліс депутаттары мен ауған парламентарийлері екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Нұр-Сұлтан, 10 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Қазақстан мен Ауғанстан парламентшілері әйелдерді экономикалық және қоғамдық-саяси өмірге тарту мәселелерін талқылады. Халықаралық онлайн-кездесу ауған тарапының бастамасы бойынша өтті. Кездесуге Қазақстандық тараптан Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Жәмиля Нұрманбетова және Лаззат Рамазанова, Екатерина Смышляева және Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Талғат Қалиев қатысса, ауғастандық тараптан Ауғанстан Ислам Республикасының Әйелдер істері министрінің м. а. Хасина Сафи, Ауғанстандағы Адам құқықтары және азаматтық қоғамдастық істері жөніндегі Волеси Джирга комиссиясының төрағасы Нахид Фарид және басқа да депутаттар қатысты. Іс-шарада Айгүл Құспан екі кіжақты саяси диалог, парламентаралық қатынастар, сондай-ақ, Ауғанстан әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту туралы сөз сөйлеп, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда өтіп жатқан реформалар, оның ішінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі әйелдердің рөлін арттыру, сондай-ақ осы мақсатта қазақстандық заңнаманы жетілдіру туралы айтты. Отырыс барысында Қазақстандағы саяси реформалар, гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат туралы баяндалды. Сонымен қатар, Орталық Азия мен Ауғанстандағы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту туралы мәселе көтеріліп, екі жақты сындарлы пікірлерімен бөлісті. Өз кезегінде Ауған парламентшілері Қазақстанның гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдерді еліміздің экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне кеңінен тарту саласындағы шараларына жоғары баға берді.

09.06.2021

Мәжіліс депутаттары «Түркі әлемінің өткені, бүгіні және болашағы» атты симпозиумға қатысты

Нұр-Сұлтан, 9 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Сауытбек Абдрахманов, Әмірхан Рахымжанов және Айдос Сарым «Түркі әлемінің өткені, бүгіні мен болашағы» атты Әзірбайжанның Баку қаласында өткен симпозиумға қатысты. Бейнеконференция форматында Әзірбайжан Республикасының Милли Мәжілісі, Әзірбайжандағы Ататүрік орталығы және Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) бірлесіп ұйымдастырған іс-шарада Әзірбайжанның, Қазақстанның, Қырғызстанның және Түркияның депутаттары мен ғалымдары панельдік сессияларға қатысып, сөз сөйледі. Жиында тараптар Түркітілдес елдердің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуы және парламенттердің рөлі туралы талқылап, өзара пікір алмасты.

07.06.2021

Нұрлан Нығматулин Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Рашад Маммадовты қабылдады

Нұр-Сұлтан, 7 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадовты қабылдады. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңірегінде ортақ ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, кездесуде Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әріптестікке қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, Палата Спикері Елшіге екі ел қарым-қатынасын, соның ішінде, парламентаралық байланысты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. Палата Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдер арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға күш салып, Әзербайжанмен өзара байланыстың ерекше маңыздылығына назар аударатынын айтты. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Әзірбайжан Қазақстанмен стратегиялық серіктес ел ғана емес, бауырлас мемлекет екенін, бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакумен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін алға тартты. Біздің елдеріміз басшыларының келісімдері нәтижесінде көптеген бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Бұл Қазақстан мен Әзірбайжан ғана емес, аймақтағы басқа елдердің де дамуына жаңа серпін берді, - деді Мәжіліс Төрағасы. Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстанмен барлық салада әріптестік орнатып, парламентаралық өзара іс-қимылды жандандырып, сондай-ақ, сауда-экономикалық қатынастың берік негізі қаланғанына тоқталды. Нұрлан Нығматулин мен Рашад Маммадов парламентаралық диалогты нығайту Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

04.06.2021

Нұрлан Нығматулин Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті

Нұр-Сұлтан, 4 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен кездесті. Нұрлан Нығматулин Армения Президентінің елімізге екі мемлекет тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мемлекеттік сапарының маңыздылығы туралы айтты. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Армения Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыру үшін саяси диалогты және Қазақстан-Армения арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, қазақстандық парламентшілер бұл үшін қажетті заңнамалық көмек көрсетеді. Өз кезегінде, Армения Президенті еліміздің жаһандық үдерістердегі рөлін атап өтіп, Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – ұлтаралық және конфессияаралық келісімді атады. Армен Саркисян атап өткендей, Қазақстан – Еуразиялық идеяның негізін қалаушы және Орталық Азиядағы ғана емес, Еуразиялық кеңістіктегі саяси орталыққа айналған мемлекет. Қазақстан – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған, ал бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі түрде жалғастырып келе жатқан Орталық Азияда ғана емес, жалпы өңірде болып жатқан барлық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылатын ел, - деді Армен Саркисян. Қазақстан-Армян ынтымақтастығы туралы айта келе, Армения Президенті Қазақстанды ҰҚШҰ, ЕАЭО және басқа да халықаралық ұйымдардағы жақын серіктес ел деп атады. Бұл ретте, Армен Саркисян одан әрі өзара іс-қимыл үшін, оның ішінде парламентаралық байланыстың маңыздылығын да атап өтті. Нұрлан Нығматулин саяси жүйені реформалау, азаматтық қоғамды дамыту және Мемлекет Басшысының бастамасы бойынша отандық заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтты. Оның ішінде, саяси партиялардың Парламентке өту шегін төмендету, сайлау бюллетеньдеріне "Барлығына қарсы" бағанын енгізу бекітілген "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңға енгізілген өзгерістер. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Армениямен жан-жақты қарым-қатынастарды дамытуға зор мән беретінін және Оңтүстік Кавказ өңіріндегі сенімді серіктес мемлекет екенін атап өтіп, армяндық әріптестерімен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ және ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеялары және басқа да бірлестіктер алаңында тығыз өзара іс-қимыл орныққанына назар аударды. Нұрлан Нығматулин заң шығару жұмысында тәжірибе алмасу және Қазақстан мен Армения арасындағы серіктестікті нығайту мақсатында армян парламентшілерімен Палата комитеттері мен ынтымақтастық топтары деңгейінде байланыстарды жандандыруға ниетті екенін айтты.

02.06.2021

Мәжіліс депутаттары Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Бас конференциясына қатысты

Нұр-Сұлтан, 2 маусым, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Дархан Мыңбай, Жамбыл Ахметбеков және Сырым Ертаев Исламабадта (Пәкістан) өткен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының 2-ші Бас конференциясына қатысты. Халықаралық форум жұмысына Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстаннан Парламент өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Дархан Мыңбай өңірдегі орнықты даму мақсаттарын іске асыруға COVID-19-дың әсері туралы сөз сөйледі. Депутаттың айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның мақсаттары мен міндеттерін, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қомақты үлес қосып, халықаралық дауларды шешу үшін өз алаңын ұсынады, сондай-ақ, барлық елдермен, оның ішінде экономикалық, мәдени және гуманитарлық салаларда белсенді достық қарым-қатынаста. Әлемдік экономика құлдырап бара жатқан пандемия жағдайында тұрақты дамуды қамтамасыз ету мәселесі еліміз үшін де маңызды екенін атап өткен Дархан Мыңбай бұрынғы қарқынды қалпына келтіру елдерден жылдам әрі жақсы үйлестірілген қадамдарды талап етеді деген пікір айтты. Жаңа сын-тегеуріндерді ескере отырып, орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі тәсілдерді жетілдіру қажет. Сонымен бірге, экономиканың өсуі елдің ресурстық және экологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі тиіс, - деді депутат. Осы ретте Д. Мыңбай халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын да атап өтті.

31.05.2021

Нұрлан Нығматулин Жапония Парламентінің Спикері Тадамори Ошимамен келіссөз жүргізді

Нұр-Сұлтан, 31 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының спикері Тадамори Ошимамен Қазақстан мен Жапония арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен парламентаралық диалогты нығайту туралы келіссөз жүргізді. Бейнеконференция байланысы арқылы өткен кездесуде Мәжіліс Төрағасы Жапония Қазақстанның Азиядағы маңызды стратегиялық серіктес ел екенін, қос мемлекет арасында сенімді саяси диалог орнап, ынтымақтастықтың берік іргетасы қаланғанын, оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапониямен көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін айтқан Нұрлан Нығматулин елдің саяси жүйесін жаңғырту, отандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстар туралы, Президенттің саяси реформаларындағы негізгі болып табылатын митинг және сайлау туралы заңдар жайында әңгімеледі. Атап айтқанда, Палата Спикері 29 жасқа дейінгі әйелдер мен жастар үшін партиялық тізімдерде заңнамада көзделген 30 пайыздық квотаны, Мәжіліс сайлауында саяси партиялар үшін өту шегін төмендету, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «Барлығына қарсы» бағанын енгізу сияқты заңнамадағы жаңалықтарды атап өтті. Кездесу барасында тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық байланысты жандандыруды қолдады. Өз кезегінде, Тадамори Ошима Жапония Қазақстанмен ынтымақтастыққа зор мән беретінін және стратегиялық серіктес мемлекет екенін, екі ел арасындағы сындарды байланыс одан әрі нығая түсететіне сенім білдірді. Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлем құруға қосқан ерекше үлесін атап өтті. Нұрлан Нығматулин мен Тадамори Ошима парламентаралық диалогты нығайту Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

27.05.2021

Нұрлан Нығматулин Бельгия Парламентінің Спикері Элиан Тильёмен келіссөз жүргізді

Нұр-Сұлтан, 27 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бельгия Корольдігінің Федералдық Парламенті Өкілдер палатасының Спикері Элиан Тильёмен бейнеконференция форматында кездесу өткізді. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық байланысты арттыру жайында пікір алмасты. Нұрлан Нығматулин Бельгия Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптесі екеніне назар аудара отырып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейіне жетудегі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлін атап өтті. Сонымен қатар, кездесудегі негізгі тақырыптардың бірі – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған елдің саяси жүйесін жаңғырту мәселелері туралы болды. Отырыста Нұрлан Нығматулин мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты кеңейту, сондай-ақ Президенттің саяси реформаларындағы негізгі - митинг және сайлау туралы заңдар жайында айтты. Тараптар Қазақстан-Бельгия қарым-қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық байланысты жандандыруды қолдады. Өз кезегінде Элиан Тильё Қазақстанды өзінің даму жолын ұсынған мемлекет екенін, бүгінгі таңда қарқынды түрде дамып келе жатқанын алға тартты. Сонымен қатар, қос мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтіп, қалыптасқан саяси-экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин мен Элиан Тильё заңнамалық тәжірибе алмасу, ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топтар мен комитеттердің өзара іс-қимылы екі елдің жан-жақты әріптестігін ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

24.05.2021

Мәжіліс депутаттары Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентарийлері форумы Бас Ассамблеясының отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, 24 мамыр, Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Балайм Кесебаева бейнеконференция форматында Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентарийлері форумы Бас Ассамблеясының 13-отырысына қатысты. Бас Ассамблеяның ашылуында Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия форумының төрағасы Кейзо Такеми, Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі UNFPA директоры Бьорна Андерсон, Халық қоныстануы мәселелері жөніндегі Жапония парламентшілері федерациясының төрағасы Йоко Камикава, сондай-ақ Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балайм Кесебаева сөз сөйледі. Өз кезегінде, қазақстандық тараптан вице-спикер Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентарийлері форумына мүше елдермен Қазақстан көпжақты қатынастарды дамытуға үлкен мән беретінін атап өтіп, парламенттік өлшем халықаралық ынтымақтастық тәжірибесінде маңызды құрал екенін және елдер арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға белсенді ықпал ететініне назар аударды. Сонымен қатар, депутаттар бұл өзара іс-қимылдың нығаюына және артуына үлкен мән бере отырып, халықтың қоныстануы мен дамуы бойынша Азия парламентарийлер форумымен тығыз ынтымақтастық дәстүрін жалғастыра беретініне тоқталды. Айта кету керек, кездесуге Мәжіліс депутаттары Ирина Смирнова, Зульфия Сүлейменова, Екатерина Смышляева және Мейрамбек Төлепберген қатысты.

24.05.2021

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Швеция арасындағы парламентаралық байланысты талқылады

Нұр-Сұлтан, 24 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Қазақстан мен Швеция Корольдігінің ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топ мүшелерінің онлайн-кездесуі өтті. Кездесу барысында қазақстандық тараптан Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Қазақстан-Швеция» парламентаралық достық тобының жетекшісі Ханна Вестеренге келесі жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтіп, еліміз үшін Швеция Солтүстік Еуропадағы маңызды саяси серіктестердің бірі екенін, сонымен қатар Қазақстан Швецияның Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі сенімді серіктесі екенін айтты. Өз кезегінде, Швед тобының басшысы, Риксдаг депутаты Ханна Вестерн Қазақстан мен Швеция арасындағы парламентаралық байланыстың нығайғанына тоқталды. Айта кету керек, кездесуге Мәжіліс депутаттарынан Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары Айгүл Құспан мен Қанат Мусин, сондай-ақ депутаттар Сауытбек Абдрахманов, Самат Ақышев, Мәди Ахметов, Лариса Павловец, Сергей Симонов, Ерлан Смайлов және Мақпал Тәжмамбетова қатысты.

24.05.2021

Мажилисмены приняли участие в 13-й Генеральной Ассамблее АФПНР

Нур-Султан, 24 мая, Дом Мажилиса. Депутаты Мажилиса высказались за укрепление сотрудничества с Азиатским форумом парламентариев по народонаселению и развитию. Важность развития межпарламентского диалога отметила заместитель Председателя Палаты Балаим Кесебаева. Сегодня посредством видеоконференцсвязи мажилисмены приняли участие в работе 13-ой Генеральной Ассамблеи Азиатского Форума парламентариев по народонаселению и развитию, которая состоялась в г.Токио (Япония). На открытии Генеральной Ассамблеи с приветственным словом выступили председатель АФПНР Кейзо Такеми, директор ЮНФПА в Азиатско-Тихоокеанском регионе Бьорна Андерсон, Председатель Федерации парламентариев Японии по вопросам народонаселения Йоко Камикава, а также Заместитель Председателя Мажилиса Балаим Кесебаева. Вице-спикер Мажилиса отметила, что Казахстан придает большое значение развитию многосторонних отношений со странами - членами АФПНР. По словам Балаим Кесебаевой, парламентское измерение является важным элементом в практике международного сотрудничества и активно способствует развитию взаимодействия между нашими государствами. - Придавая большое значение укреплению и расширению нашего взаимодействия, хочу заверить, что мы сохраним правопреемственность и продолжим добрую традицию тесного сотрудничества с Азиатским форумом парламентариев по народонаселению и развитию, - подчеркнула казахстанский парламентарий. Во встрече также приняли участие депутаты Мажилиса Ирина Смирнова, Зульфия Сулейменова, Екатерина Смышляева и Мейрамбек Тулепберген.

21.05.2021

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Германия арасындағы парламентаралық байланысты талқылады

Нұр-Сұлтан, 21 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау мен Германия Бундестагының депутаты Манфред Грундпен бейнебайланыс арқылы кездесті. Іс-шарада Альберт Рау Қазақстан үшін Германиямен әріптестік стратегиялық сипатқа ие екенін, екі елдің саяси қарым-қатынасы сенімді диалог пен дәстүрлі достыққа негізделгенін атап өтіп, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсанда Берлин қаласына жасаған алғашқы ресми сапары Еуропа елдері арасындағы байланысты нығайта түскеніне назар аударды. Өз кезегінде, Майфред Грунд парламенттік дипломатияның мемлекетаралық қатынастарды дамытуға қосқан үлесін, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өсу қарқыны байқалып отырғанына тоқталды. Сонымен қатар, іс-шараға Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Александр Милютин және Шамиль Осин, сондай-ақ Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріпов қатысты.

17.05.2021

Мәжіліс-Литва: парламентаралық байланыстарды жандандыру туралы

Нұр-Сұлтан, 17 мамыр, Мәжіліс Үйі. Бүгін Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан бастаған Мәжіліс депутаттары Литва Республикасы Сейманың депутаттарымен, парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелерімен онлайн-кездесті. Сейманың депутаты Эдмундас Пупиниспен әңгіме барысында екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сұхбаттасушылардың пікірінше, Қазақстан мен Литва Орталық Азия мен Балтық өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктестер елдер. Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2020 жылы "Covid-19" пандемиясына қарамастан 482 млн. АҚШ доллардан асты. Айгүл Құспанның айтуынша, Қазақстан мен Литва арасында сындарлы қарым-қатынас пен түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін тұрақты саяси диалог орныққан. Өз кезегінде Эдмундас Пупинис Мәжіліс депутаттарын алда келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Литваның біздің елмен серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға зор қызығушылығын білдірді. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Литваның заң шығарушы органдары арасындағы тұрақты қарым-қатынас екі жақты парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал ететін атап өтті.