Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Халықаралық қызмет


24.05.2021

Мәжіліс депутаттары Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентарийлері форумы Бас Ассамблеясының отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, 24 мамыр, Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Балайм Кесебаева бейнеконференция форматында Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентарийлері форумы Бас Ассамблеясының 13-отырысына қатысты. Бас Ассамблеяның ашылуында Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия форумының төрағасы Кейзо Такеми, Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі UNFPA директоры Бьорна Андерсон, Халық қоныстануы мәселелері жөніндегі Жапония парламентшілері федерациясының төрағасы Йоко Камикава, сондай-ақ Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балайм Кесебаева сөз сөйледі. Өз кезегінде, қазақстандық тараптан вице-спикер Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентарийлері форумына мүше елдермен Қазақстан көпжақты қатынастарды дамытуға үлкен мән беретінін атап өтіп, парламенттік өлшем халықаралық ынтымақтастық тәжірибесінде маңызды құрал екенін және елдер арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға белсенді ықпал ететініне назар аударды. Сонымен қатар, депутаттар бұл өзара іс-қимылдың нығаюына және артуына үлкен мән бере отырып, халықтың қоныстануы мен дамуы бойынша Азия парламентарийлер форумымен тығыз ынтымақтастық дәстүрін жалғастыра беретініне тоқталды. Айта кету керек, кездесуге Мәжіліс депутаттары Ирина Смирнова, Зульфия Сүлейменова, Екатерина Смышляева және Мейрамбек Төлепберген қатысты.

24.05.2021

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Швеция арасындағы парламентаралық байланысты талқылады

Нұр-Сұлтан, 24 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Қазақстан мен Швеция Корольдігінің ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топ мүшелерінің онлайн-кездесуі өтті. Кездесу барысында қазақстандық тараптан Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Қазақстан-Швеция» парламентаралық достық тобының жетекшісі Ханна Вестеренге келесі жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтіп, еліміз үшін Швеция Солтүстік Еуропадағы маңызды саяси серіктестердің бірі екенін, сонымен қатар Қазақстан Швецияның Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі сенімді серіктесі екенін айтты. Өз кезегінде, Швед тобының басшысы, Риксдаг депутаты Ханна Вестерн Қазақстан мен Швеция арасындағы парламентаралық байланыстың нығайғанына тоқталды. Айта кету керек, кездесуге Мәжіліс депутаттарынан Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары Айгүл Құспан мен Қанат Мусин, сондай-ақ депутаттар Сауытбек Абдрахманов, Самат Ақышев, Мәди Ахметов, Лариса Павловец, Сергей Симонов, Ерлан Смайлов және Мақпал Тәжмамбетова қатысты.

24.05.2021

Мажилисмены приняли участие в 13-й Генеральной Ассамблее АФПНР

Нур-Султан, 24 мая, Дом Мажилиса. Депутаты Мажилиса высказались за укрепление сотрудничества с Азиатским форумом парламентариев по народонаселению и развитию. Важность развития межпарламентского диалога отметила заместитель Председателя Палаты Балаим Кесебаева. Сегодня посредством видеоконференцсвязи мажилисмены приняли участие в работе 13-ой Генеральной Ассамблеи Азиатского Форума парламентариев по народонаселению и развитию, которая состоялась в г.Токио (Япония). На открытии Генеральной Ассамблеи с приветственным словом выступили председатель АФПНР Кейзо Такеми, директор ЮНФПА в Азиатско-Тихоокеанском регионе Бьорна Андерсон, Председатель Федерации парламентариев Японии по вопросам народонаселения Йоко Камикава, а также Заместитель Председателя Мажилиса Балаим Кесебаева. Вице-спикер Мажилиса отметила, что Казахстан придает большое значение развитию многосторонних отношений со странами - членами АФПНР. По словам Балаим Кесебаевой, парламентское измерение является важным элементом в практике международного сотрудничества и активно способствует развитию взаимодействия между нашими государствами. - Придавая большое значение укреплению и расширению нашего взаимодействия, хочу заверить, что мы сохраним правопреемственность и продолжим добрую традицию тесного сотрудничества с Азиатским форумом парламентариев по народонаселению и развитию, - подчеркнула казахстанский парламентарий. Во встрече также приняли участие депутаты Мажилиса Ирина Смирнова, Зульфия Сулейменова, Екатерина Смышляева и Мейрамбек Тулепберген.

21.05.2021

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Германия арасындағы парламентаралық байланысты талқылады

Нұр-Сұлтан, 21 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау мен Германия Бундестагының депутаты Манфред Грундпен бейнебайланыс арқылы кездесті. Іс-шарада Альберт Рау Қазақстан үшін Германиямен әріптестік стратегиялық сипатқа ие екенін, екі елдің саяси қарым-қатынасы сенімді диалог пен дәстүрлі достыққа негізделгенін атап өтіп, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсанда Берлин қаласына жасаған алғашқы ресми сапары Еуропа елдері арасындағы байланысты нығайта түскеніне назар аударды. Өз кезегінде, Майфред Грунд парламенттік дипломатияның мемлекетаралық қатынастарды дамытуға қосқан үлесін, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өсу қарқыны байқалып отырғанына тоқталды. Сонымен қатар, іс-шараға Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Александр Милютин және Шамиль Осин, сондай-ақ Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріпов қатысты.

17.05.2021

Мәжіліс-Литва: парламентаралық байланыстарды жандандыру туралы

Нұр-Сұлтан, 17 мамыр, Мәжіліс Үйі. Бүгін Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан бастаған Мәжіліс депутаттары Литва Республикасы Сейманың депутаттарымен, парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелерімен онлайн-кездесті. Сейманың депутаты Эдмундас Пупиниспен әңгіме барысында екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сұхбаттасушылардың пікірінше, Қазақстан мен Литва Орталық Азия мен Балтық өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктестер елдер. Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2020 жылы "Covid-19" пандемиясына қарамастан 482 млн. АҚШ доллардан асты. Айгүл Құспанның айтуынша, Қазақстан мен Литва арасында сындарлы қарым-қатынас пен түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін тұрақты саяси диалог орныққан. Өз кезегінде Эдмундас Пупинис Мәжіліс депутаттарын алда келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Литваның біздің елмен серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға зор қызығушылығын білдірді. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Литваның заң шығарушы органдары арасындағы тұрақты қарым-қатынас екі жақты парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал ететін атап өтті.

14.05.2021

Мәжіліс-Литва: парламентаралық байланыстарды жандандыру туралы

Нұр-Сұлтан, 17 мамыр, Мәжіліс Үйі. Бүгін Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан бастаған Мәжіліс депутаттары Литва Республикасы Сейманың депутаттарымен, парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелерімен онлайн-кездесті. Сейманың депутаты Эдмундас Пупиниспен әңгіме барысында екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сұхбаттасушылардың пікірінше, Қазақстан мен Литва Орталық Азия мен Балтық өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктестер елдер. Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2020 жылы "Covid-19" пандемиясына қарамастан 482 млн. АҚШ доллардан асты. Айгүл Құспанның айтуынша, Қазақстан мен Литва арасында сындарлы қарым-қатынас пен түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін тұрақты саяси диалог орныққан. Өз кезегінде Эдмундас Пупинис Мәжіліс депутаттарын алда келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, Литваның біздің елмен серіктестік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға зор қызығушылығын білдірді. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Литваның заң шығарушы органдары арасындағы тұрақты қарым-қатынас екі жақты парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал ететін атап өтті.

29.04.2021

Мәжілісте Қазақстан мен Черногория арасындағы парламентаралық байланыс талқыланды

Нұр-Сұлтан, 29 сәуір, Мәжіліс үйі. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Черногорияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Милорад Шчепановичпен кездесті. Кездесу барысында А. Құспан мәртебелі мейманды Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, елдер арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың дамитынына сенім білдірді. Сондай-ақ, отырыс барысында осы жылы қос мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толатыны аталып өтті. Тараптар парламентаралық байланыстың одан әрі арттыруға ерекше мән берді.

22.04.2021

Мәжіліс депутаттары: парламентаралық байланыс - мемлекетаралық диалогтың маңызды элементі

Нұр-Сұлтан, 22 сәуір, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияға, сондай-ақ ТМД Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты. Мәжіліс депутаттары Мұхтар Ерман мен Берік Әбдіғалиұлы "Ресей мен Қазақстан: стратегиялық әріптестік пен жан-жақты ынтымақтастықтың 30 жылы"атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға барды. Іс-шара Мәскеу қаласындағы Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану институтында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырылды. Конференция барысында сөз сөйлеген Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс, және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Мұхтар Ерман парламентаралық байланыс Қазақстан мен Ресейдің саяси диалогының маңызды элементі болып табылатынын атап өтті. Ал, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Айгүл Нұркина еңбекшілердің талаптарын қорғауды заңнамалық қамтамасыз ету, салауатты өмір салты саласындағы әлеуметтік жарнама және цифрлық денсаулық сақтау туралы модельдік заңдар тұжырымдамаларының жобалары қаралған ТМД Парламентаралық Әлеуметтік саясат және адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысып, Қазақстандық парламентарий Комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды. Сапар барысында депутаттар ТМД мемлекеттеріндегі COVID-19 пандемиясы кезеңінде көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша да пікірталастарға қатысты.

05.04.2021

Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, 5 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаиды қабылдады. Палата Спикері елшінің қазақстандық-жапондық қарым-қатынасты, соның ішінде, парламентаралық байланысты нығайтуға қосқан айрықша еңбегіне тоқталды. Бүгінде Жапония Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі саналады. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, біздің елдерімізді бейбіт өмір құндылықтары, әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ортақ ұстанымдар біріктіреді. Мәжіліс Төрағасы Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы дәстүрлі достық өзара тиімді әріптестік және ынтымақтастық негізінде жоғары деңгейде даму жолына түскенін алға тарта келіп, бұл бағытта Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі зор екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған елмен қатынасты одан әрі тереңдетуге көңіл бөліп келеді. Өз кезегінде Тацухико Касаи биыл Тәуелсіздігіне 30 жыл толатын Қазақстан, осы уақыттар ішінде толағай табыстарға қол жеткізгенін, бұл тиімді саяси басшылықтың және бірлігі жарасқан халықтың ерен еңбегі екенін айтып, шынайы ризашылық сезімін білдірді.

01.04.2021

Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Германия елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, 1 сәуір, Мәжіліс үйі. Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Йоханнес Клиннермен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңірегінде ортақ ойларымен бөлісті. Әсіресе, парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға көңіл бөлінді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Германияны Еуропалық Одақ шеңберіндегі Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі ретінде қарап, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға зор көңіл бөлгенін алға тартқан Мәжіліс Спикері Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары екіжақты байланысты одан әрі тереңдетуге зор ықпал еткенін атап өтті. Алдағы жылы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, осы уақыттар ішінде қос мемлекет арасында сенімді саяси диалог орнап, қажетті құқықтық база қалыптасып, сауда-экономикалық әрі мәдени-гуманитарлық ықпалдастық қарқынды дамыды. Н. Нығматулин Қазақстан екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін айта келіп, осы жолда заңнамалық органдар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Осы орайда екі елдің парламенттік делегацияларының жиі іс-сапарлар мен кездесулер ұйымдастыруы парламентаралық диалогты нығайта отырып, Қазақстан мен Германия арасындағы сенім мен әріптестікті дамытуға бағытталған нақты қадам деуге болады. Өз кезегінде Т. Клиннер Қазақстан Германияның оңтайлы сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін және екі ел басшыларының кездесуі елдер арасындағы ықпалдастықты жаңа деңгейге шығаруға серпін бергенін айтты. Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы бейінді комитеттер мен парламентаралық топтар шеңберінде іс-сапарлар арқылы заңнамалық тәжірибе алмасуды одан әрі ынталандыру қажеттілігіне тоқталды.

30.03.2021

Мәжіліс депутаты Түркітілдес елдердің және Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, 30 наурыз, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әміржан Рахымжанов Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы және Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясы бірлесе ұйымдастырған кездесуге бейнеконференция арқылы қатысты. «Тұрақты экономикалық өсімді қалыптастырудағы аймақаралық ынтымақтастық» тақырыбына арналған кездесу экономиканы қалпына келтірудің ең өзекті және маңызды проблемалары, соның ішінде қаржыландыру стратегиялары, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, вакцинация науқаны, жедел цифрландыру мен тұрақты дамуға көшу бойынша парламентшілер арасында тәжірибе алмасу алаңына айналды. Отырыста баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Әміржан Рахымжанов көптеген елдерде індеттің таралуына байланысты мұнайдың әлемдік бағасының және қор индекстерінің рекордтық төмендегеніне, бұл әлемдік және еліміздің экономикалық жүйесінің дамуына теріс әсер еткенін, біздің бірлескен міндетіміз ағымдағы және ықтимал болашақ дағдарыстарға қарсы тұрудың бірқатар жаңа буферлерін бірлесіп қалыптастыру екенін айтты. Сонымен қатар, депутат Қазақстан көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтардан тұратын өзінің тауар өткізу желісін құруды әзірлеуге кіріскенін, қазіргі уақытта Орталық Азия өңірінің көптеген елдерінде тиісті жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанына тоқталып, мемлекетаралық тауар өткізу жүйесін құру мүмкіндігін қарастыру орынды деп санайтынын жеткізді. Ә.Рахымжановтың айтуынша, ағымдағы экономикалық дағдарыс экономика үшін сын-қатер ғана емес, сондай-ақ мүмкіндік болып табылады. Осыған байланысты, бүгінде өңіраралық ынтымақтастықтың барлық артықшылықтарын белсенді пайдалану бұрынғыдан да маңызды болмақ. Сонымен қатар, жиын барысында депутат еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымымен (бұдан әрі – ДСҰ) стратегиялық өзара іс-қимылымызды кеңейтуге ниетті екеніне назар аударды.

18.03.2021

Н.Нығматулин ҚХР Парламентінің спикері Ли Чжаньшумен кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, 18 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаншумен бейнеконференция байланысы арқылы кездесу өткізді. Палата Спикері Қытай Халық Республикасы Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі, дос және тату көршісі екенін атап өтіп, екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнаған 29 жыл ішінде сенімді саяси диалог, терең экономикалық байланыстар орнап, жан-жақты ынтымақтастықтың белсенді дамығанына назар аударды. Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин осының барлығы қос мемлекет көшбасшыларының достығы мен сенімді қарым-қатынасының арқасында қол жеткізген жетістіктер екеніне тоқталып, одан әрі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетаралық қатынастардың стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткізу жолындағы маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытаймен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін айтты. Өз кезегінде, мәртебелі мейман Қазақстанның жақын да шынайы дос мемлекет екенін, сондай-ақ, елдер арасындағы жоғары дипломатиялық және ынтымақтастық байланысқа көңіл бөлді. Сонымен қатар, Ли Чжаншу өткен жыл елдер үшін күрделі кезең болғанын атап өтіп, індет уақытында Қытай мен Қазақстан арасында коронавирусқа қарсы өзара қолдау белсенді жүргізілгенін айтты. Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Қазақстанның гүлденуіне ниеттес бола отырып, мемлекет басшыларының елді дамыту жолындағы айрықша еңбектеріне тоқталды. Сондай-ақ, алда қойған міндеттер мен жоспарлардың сәтті орындалып, Қазақстанның табысты 30 мемлекет қатарына қосылатына сенім білдірді. Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы карантиндік шараларға қатысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттер арқылы жүктерді тасымалдауда қиындық орын алғанына байланысты автокөлік және теміржол қатынастарының үздіксіз жұмысын қалпына келтіру үшін Қытайдың өткізу бекеттерінде, "экспресс-дәліздер", "жасыл дәліздер" және жүк тасымалын ұлғайту үшін "темір керуен" құру жөніндегі бастаманы іске асыруды жалғастыруға еліміздің дайын екенін жеткізді. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, бұл пандемия жағдайында Еуразия құрлығындағы "Қытай-Еуропа" бағыты бойынша теміржол қатынасын одан әрі дамыту жолымен өңірлік экономикалық интеграция шеңберінде Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы кездесудің Қытай Коммунистік партиясының 100 жылдығы қарсаңына сәйкес келгенін алға тартып, достас Қытай еліне өркениет пен бақ-береке тіледі.

18.03.2021

Н.Нигматулин провёл встречу со Спикером Парламента КНР Ли Чжаньшу

Нур-Султан, 18 марта, Дом Мажилиса. Спикер Мажилиса Нурлан Нигматулин в формате видеоконференции провёл встречу с Председателем Постоянного комитета Всекитайского собрания народных представителей Ли Чжаньшу, которая состоялась по инициативе китайской стороны. Собеседники обсудили актуальные вопросы двустороннего сотрудничества, высказавшись за укрепление и активизацию межпарламентского взаимодействия в целях реализации договорённостей глав двух государств. При этом Нурлан Нигматулин и Ли Чжаньшу подчеркнули, что в основе стратегического характера казахстанско-китайских отношений лежат дружба и доверительные отношения руководителей государств. - Между нашими странами налажен доверительный политический диалог, выстроены глубокие экономические связи. И здесь, конечно же, историческая роль и огромная заслуга Первого Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева, который всемерно способствовал не только становлению и укреплению межгосударственных отношений, но и их выведению на уровень всестороннего стратегического партнерства. Сегодня и действующий Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, как политик, имеющий огромный международный опыт, придает большую значимость сотрудничеству с Китаем. Символично, что первый государственный визит Президента Казахстана в Китай в сентябре 2019 года ознаменовал собой новую веху в двусторонних отношениях – эру вечного всестороннего стратегического партнерства, - сказал Нурлан Нигматулин. В свою очередь Председатель ПК ВСНП Китая Ли Чжаньшу отметил, что за последние годы благодаря вниманию глав государств китайско-казахстанские отношения добились опережающего развития. К примеру, объем торговли Китая с Казахстаном занимает половину товарооборота Китая со всеми странами Центральной Азии. - Думаю, все со мной согласятся, что Председатель КНР Си Цзиньпин, Первый Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев и Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев – выдающиеся государственные руководители. Уверен, что под руководством Елбасы Назарбаева и Президента Токаева Казахстан обязательно вступит во второе «золотое» тридцатилетие, все намеченные задачи будут успешно выполнены, и ваша страна в скором будущем войдет в число 30-ти самых развитых стран мира, - сказал Ли Чжаньшу. Отметив, что текущий год имеет особое значение для двух стран – 30-летие Независимости Казахстана и 100-летие Коммунистической партии Китая - собеседники подтвердили готовность активно развивать сотрудничество в интересах народов двух стран. Нурлан Нигматулин поздравил своего коллегу с успешным завершением 4-ой сессии Всекитайского собрания народных представителей 13-го созыва, важным итогом которой стало принятие Плана социально-экономического развития на 2021 -2025 годы. Стороны отдельное внимание уделили вопросам борьбы с коронавирусной инфекцией. По словам Ли Чжаньшу, взаимодействие Китая и Казахстана в этих вопросах стало примером для международной кооперации в сфере борьбы с пандемией. Нурлан Нигматулин акцентировал внимание, что нынешняя ситуация диктует необходимость стимулировать ускоренную цифровизацию экономик, укреплять сотрудничество в сфере трансграничной электронной коммерции и мобильных платежей. Среди перспективных направлений собеседники также назвали сопряжение программ «Один пояс - один путь» и «Нұрлы жол», искусственный интеллект, здравоохранение, сельское хозяйство, торговлю и инвестиции. Укрепление межпарламентского диалога Нурлан Нигматулин и Ли Чжаньшу связывают в том числе с расширением взаимодействия по линии профильных комитетов, групп по сотрудничеству, а также межфракционных групп. Председатель ПК ВСНП Китая Ли Чжаньшу поздравил с Наурыз мейрамы, пожелав нашей стране мира и спокойствия, а всему народу Казахстана – счастья и благополучия.

18.03.2021

Мәжіліс депутаттары ТүркПА симпозиумына қатысты

Нұр-Сұлтан, 18 наурыз, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Қырғызстанның Бішкек қаласында ұйымдастырылған «Түркі әлемінің өткені, бүгіні және болашағы» атты бейнеконференция форматында өткен симпозиумға Мәжіліс депутаттары С. Абдрахманов және М.Тәжмағамбетова қатысты. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия парламенттерінің депутаттары, сондай-ақ, ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен өткен симпозиум аясында төрт панельдік сессия ұйымдастырылды. Онда Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов «Тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы түркі мемлекеттері және парламенттердің рөлі» тақырыбында сөз сөйлеп, Түрік Парламентінің 100 жылдығымен, Түрік гимнінің тойымен және тәуелсіздікке қол жеткізген түркі тілдес елдердің 30 жылдығымен құттықтады. -2008 жылы Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы біздің Елбасымыз, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен құрылғанын бәрінің білесіздер. Содан бергі уақытта Ассамблея көп шаруа атқарып отыр. Біздің елдің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының орынбасары болып жұмыс істеген, әлемдік деңгейдегі үлкен саясаткер. Содан кейінгі айтатын тағы бір қыры – көрнекті парламентарий. Сенатты екі рет басқарған адам. Қазіргі таңда Қазақстанда парламентаризмге үлкен мән беріліп отыр. Биыл бізде Парламент сайлауы өтті, - деді депутат. Сондай-ақ, отырыс барысында С.Абдрахманов Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жаңаша жұмыс істеп жатқанын, Парламентаризм институтының ашылғанын атап өтті. -Отыз жылдықта Қазақстан Парламентіне үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Біздің заңдарымыздың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі керек деп отыр ел басшылығы. Қазір Қазақстан Мәжілісі ашық жұмыс істейді. Парламенттің барлық отырыстары тікелей эфирде көрсетіледі. Тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарын онлайн режімде қарауға болады. Заңдарды талқылауға депутаттар ғана емес, қоғамдық пікірдің өкілдері, сарапшылар тартылады. Сондықтан да заңдардың сапасы артып келе жатыр деп айта аламыз. Алдағы кезде, мына пандемияның күші қайтқан кезде біздің парламенттердің арасындағы ынтымақтастық қазіргіден әлдеқайда жақсара түседі деп сенеміз. - деді депутат симпозиумда сөйлеген сөзінде. Депутат елдер арасындағы парламентаралық байланыстардың одан әрі нығайып, ынтымақтастығы арта беретініне назар аударды. Айта кету керек, 2020 жылы Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының құрылғанына 100 жыл толды. Дүниежүзіне таралған пандемияға байланысты Түркияның ұлттық егемендігі тұрғысынан осындай маңызды күнге қатысты бірқатар іс-шаралар өткізу кейінге қалдырылды. Осыған сәйкес, іс-шараларды өткізу 2021 жылға ауыстырылған болатын.

11.03.2021

Н. Нығматулин Ұлыбритания елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, 11 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Гиффордпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, келесі жылы Қазақстан мен Британия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынын атап өткен Палата Спикері осы жылдар ішінде елдер арасында сенімді саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың белсенді дамығанын жеткізді. Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан-Британ ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі елдер арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне шығуға мүмкіндік бергеніне назар аударды. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, қазіргі уақытта қос мемлекеттер арасындағы жаңа стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді қабылдау үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Өз кезегінде, Майкл Гиффорд екі жақты қарым-қатынастың деңгейін жоғары бағалап, экономикалық серіктестік пен парламентаралық байланысты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Елші Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған реформаларды қолдайтынын жеткізді. Нұрлан Нығматулин мен Майкл Гиффорд қазақстандық және британдық Парламент өкілдері арасындағы диалогты жандандыру екі ел үшін де тиімді болатынына сенім білдірді.

02.03.2021

Мәжілісте Палата Төрағасы Н.Нығматулиннің Қырғыз Президенті С.Жапаровпен кездесуі өтті

Нұр-Сұлтан, 2 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Нұрлан Нығматулин, ең алдымен, Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасының Президенті болуымен құттықтап, Қырғыз елінің дамуы мен өркендеуіне бағытталған саяси жүйені реформалауға қатысты алда тұрған маңызды міндеттерін табысты орындау үшін сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентінің мемлекеттік сапары Қазақстан мен Қырғызстан елдері Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өтіп жатқанына баса назар аударды. Нұрлан Нығматулин басты мақсат - тарихи байланысты сақтап, одан әрі нығайту екенін жеткізді. Сондай-ақ, барлық бағытта, соның ішінде парламенттік ынтымақтастық арқылы бауырлас екі елдің достығын одан әрі тереңдету үшін тиісті жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті. Кездесуде қос мемлекет арасында саяси келіспеушіліктер жоқ екенін және екіжақты қарым-қатынастар жүйелі дамып келе жатқанын алға тартқан Палата Спикері бұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі екенін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті әрдайым Қырғызстанмен өзара іс-қимылдың ерекше маңыздылығын атап көрсететініне тоқталды. Сонымен бірге, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қырғызстанмен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін айтқан Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Қырғызстанның қарым-қатынасы жаңа дейгейге көтерілетініне назар аударды. Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин мәртебелі мейманға VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің қызметімен таныстырып, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтудің маңыздылығы туралы айтып қалыптасқан дәстүрлі әріптестік қарым-қатынастарды жалғастыратынына тоқталды. Өз кезегінде мәртебелі мейман біздің еліміздің жаңа Парламенттік құрамының жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы тарихи рөлін жоғары бағалайтынын және өзара туыстық және достық құндықтарды одан әрі өркендетуге үлес қосатынын айтты.

01.03.2021

Мәжілісте Қазақстан мен Украина арасындағы парламентаралық байланыс талқыланды

Нұр-Сұлтан, 1 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан мен Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Петр Врублевский бейнеконференция байланысы арқылы кездесіп, Қазақстан мен Украина арасындағы парламентаралық байланыстың жай-күйін талқылады Кездесу барысында А.Құспан елдер арасында қазіргі уақытта мемлекетаралық қатынастардың барлық саласы бойынша 100-ден астам құжатты құрайтын айтарлықтай шарттық-құқықтық база қалыптасқанын атап өтті. Елшінің пікірінше, бұл парламенттік дипломатияның әлеуетін кеңінен пайдалану қажет. Тараптар парламентаралық интеграцияны, оның ішінде, ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ерекше мән берді.

23.02.2021

Мәжіліс депутаттары Орталық Азия елдерінің көшбасшы әйелдер диалогының консультацияларына қатысты

Нұр-Сұлтан, 23 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Біріккен Ұлттар Ұйымы Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 65-ші сессиясына дайындалу мақсатында Орталық Азия елдерінің көшбасшы әйелдер диалогының консультациялары онлайн форматта өтті. Іс-шараға Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының төрағасы, Орталық Азия елдері көшбасшылары әйелдер диалогының төрағасы Т.Нарбаева жетекшілік етіп, Түркменстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан Парламент өкілдері қатысты. Қазақстандық тараптан Мәжіліс Төрағасының орынбасары Б. Кесебаева және депутаттар А.Құспан мен Л. Рамазанова қатысты. Отырыс барысында қоғамдық өмірге толыққанды және тиімді қатысу және шешімдер қабылдау үшін гендерлік теңдік, әйел-көшбасшылар туралы бірқатар мәселелер көтеріліп, талқыланды. Өз кезегінде, вице-спикер Балаим Кесебаева әйелдердің жағдайы, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыруда теңдікке қол жеткізу мәселелері көптеген мемлекеттер, соның ішінде Орталық Азия елдері мен Қазақстан үшін өзекті болып қала беретініне назар аударып, Қазақстанның қалыптасу жылдарында бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылғанына тоқталды. Сонымен қатар вице-спикер Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен елде саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғырту бойынша кешенді шаралар және Ұлттық деңгейде 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы қабылданып, іске асырылып жатқанына назар аударды. Сондай-ақ, елімізде әйелдер саясат пен экономиканың барлық салаларында жұмыс істеп жатқанын айтып, олардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту үшін оқыту, жеке бизнесін ашуға жәрдемдесу бойынша арнайы шаралар қабылданғанын тілге тиек етті. «Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әйелдер мен балалардың құқықтарын жан-жақты қолдауға және қорғауға бағытталған қолданыстағы заңнама нормалары жетілдірілуде» - деді, Б.Кесебаева. Осыған сәйкес, биылғы жылдың басынан бастап кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық сипаттағы қылмыс жасағандардың жазасы қатаңдатылды. Пікір-талас барысында Б.Кесебаева жаһандық дағдарыстан кезең-кезеңімен шығу ұсынымдарын әзірлеуге бағытталуы тиіс дағдарысқа қарсы орталық құруды және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың іске асырылып жатқан мемлекеттік шаралары бойынша елдер арасындағы озық тәжірибені жедел алмасудың бірыңғай банкісін құруды, әйелдердің меншіктің барлық нысандарына, қаржылық қызметтерге иелік етуге және бақылауға қол жеткізуін ұлғайтуға қатысты және халық арасында гендерлік теңдік туралы ақпаратты арттыру сияқты біршама мәселелерді ұсынды. Қатысушылар отырыста Орталық Азия көшбасшылары әйелдерінің диалогының 2021 жылға арналған іс-қимыл жоспарының жобасын талқылады. Осы ретте, вице-спикер Қазақстан Алматы қаласындағы халықаралық ұйымдар ғимараты базасында гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы өңірлік білім орталығын құруды бірнеше көтергенін атап өтті. «Сондай-ақ, 2021 жылы біздің бірлескен күш-жігерімізді экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту және ауылдық жерлердегі әйелдерді қолдау мәселелерін талқылауға бағыттаған жөн деп санаймын. Жер-жерлерде локдаун кезеңінде шалғайдағы ауылдық өңірлердегі әйелдер, әдетте, қаржылық және басқа ресурстарға, оның ішінде инфрақұрылым мен технологияларға қол жеткізе алмады. Бұл тұрғыда біздің өңірдегі ауылдық жерлердегі әйелдердің жағдайы Орталық Азия елдерінің көпшілігіне тән және күн тәртібіндегі өзекті мәселе» - деді Б. Кесебаева.

23.02.2021

Мәжіліс депутаттары халықаралық қор өкілімен кездесті

Нұр-Сұлтан, 23 ақпан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.Құспан Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілі Йоханнес Рай мырзамен кездесті. Кездесу барысында А.Құспан Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастар саяси және экономикалық өзара іс-қимылдың берік іргетасына негізделгенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың Германияға сапары және Германия Федеративтік Республикасы басшылығымен келіссөздері қалыптасқан сенімді диалогты жалғастыруға, таяу жылдардағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын анықтауға мүмкіндік бергенін алға тартты. Депутаттар Қазақстанда Еуропалық Одақтағы біздің негізгі әріптесіміз - Германиямен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән берілгеніне, Германия Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған және бізбен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы елдердің бірі екеніне тоқталды. Іс-шарада көппартиялылық жүйеде депутаттардың заң шығару саласында тәжірибе алмасуын жолға қою, фракциялардың қызметін зерделеу, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы айтылды.

04.02.2021

Мәжіліс депутаттары Корея Республикасының Елшісімен онлайн кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, 4 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан, депутаттар Вера Ким және Юрий Ли Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хун Сокпен бейнеконференция арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері туралы пікір алмасты. Айгүл Құспан Корея Республикасы Қазақстанның стратегиялық серіктесі, ірі инвесторы және сауда серіктесі екенін айтты. Қазіргі уақытта Корея Қазақстан экономикасындағы ең ірі 10 инвестордың бірі. COVID-19 пандемиясының бүкіл әлемге таралуына қарамастан, екі ел арасындағы сауда қатынасы айтарлықтай жоғары деңгейде сақталды. Өз кезегінде депутат еліміз ынтымақтастықтың әр түрлі салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізіп, қос елді көптеген тарихи, мәдени және адами тағдырлар байланыстыратынына назар аударды. Бүгінгі таңда Қазақстанда екі ел халықтары арасындағы «достықтың алтын көпірі» қызметін атқаратын 100 мыңнан астам адам тұрады. Кездесуде экономикалық құрамдас бөлік туралы әңгіме барысында тараптар Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің елімізге мемлекеттік сапары барысында қол қойылған «Самал жел» және «Жаңа Солтүстік экономикалық саясат» экономикалық ынтымақтастық бағдарламаларына ерекше назар аударды. Соның аясында елдер арасындағы экономикалық, сауда және мәдени байланыстарды жандандыруға бағытталған жобаларды іске асыру көзделеді. Қазақстан Орталық Азия елдері арасындағы Корея Республикасының негізгі әріптесі екені, сондай-ақ мемлекет басшыларының жаңа бастамаларын іске асырудағы оң аспектілерін атап өткен Ку Хун Сок олардың «Цифрлы Қазақстан» және «Нұрлы жол» ұлттық бағдарламаларымен одан әрі үйлесімді интеграциялануы үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына тоқталды. Тараптар сондай-ақ коронавирустық инфекция пандемиясының теріс салдарын азайту үшін екі елдің күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты қазақстандық парламентшілер Корея тарапының елдегі эпидемиялық жағдайдың шиеленісуі кезеңінде көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді. Әңгіме соңында мұндай кездесулер стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайтуға, интеграцияны кеңейтуге және парламенттік дипломатияның рөлін күшейтуге ықпал ететінін жеткізді.