МӘЖІЛІС ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛУШЫЛЫҚТАРДАН ЗАРДАП ШЕГЕТІН АДАМДАРДЫ МӘЖБҮРЛЕП БЕРУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАДЫ
Астана, 18 қыркүйек. Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс «Психикалық бұзылушылықтардан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдады.
Конвенция есі кіресілі-шығасылы күйде қоғамға қауіпті іс әрекеттер жасаған және оларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі бар адамдарды олар азаматы болып табылатын мемлекетке мәжбүрлі емдеуден өткізуге беруге қатысты жағдайларды реттейді.
Елбасы Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Конвенцияны іске асыру мәселелері бойынша құзыретті орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі