Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
27.11.2014

МӘЖІЛІСМЕНДЕР САНКТ - ПЕТЕРБОРДА ҰҚШҰ ПАА ІС-ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ


МӘЖІЛІСМЕНДЕР САНКТ - ПЕТЕРБОРДА ҰҚШҰ ПАА ІС-ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

 

Астана, 27 қараша, Мәжіліс үйі. Қазақстан Парламенті палаталарының төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қабиболла Жақыпов бүгін Санкт-Петербор қаласында өткен ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының жетінші пленарлық отырысына қатысты. 

Қатысушылар 2011-2015 жылдарға арналған ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру және жақындастыру жөнінде ҰҚШҰ ПАА қызметі бағдарламасын жүзеге асырудың, ТМД кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті сұрақтарын талқылап, ҰҚШҰ парламенттік өлшемдерін дамытудың болашағына қатысты пікір алмасты.

Парламент өкілдері сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, пана іздеушілер мен босқындар проблемасына байланысты ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер заңдарын сәйкестендіру және аса маңызды нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы ұсыныстарға назар аударды.  

Парламенттен барған делегация құрамында сенаторлар Қайрат Ищанов, Ахан Бижанов, мәжілісмендер Мәулен Әшімбаев, Виктор Рогалев, Камал Бұрханов, Меруерт Қазбекова, Нұрлан Әбдіров бар.

 

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі