Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
23.12.2014

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ПАВЛОДАР ӨҢІРІНДЕ


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ПАВЛОДАР ӨҢІРІНДЕ

Астана, 23 желтоқсан.Мәжіліс Үйі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов Павлодар облысында халықпен кездесулер өткізді.

Алғашқы кездесу Павлодар қаласындағы Достық Үйінде облыс активімен өтті.

Мәжіліс депутаты сол күні Павлодар қаласының Салық комитетінде салық және қаржы құрылымдарының қызметкерлерімен де жүздесті. 

Е.Бектұрғановтың Жолдаудың мән-маңызы жайында терең түсіндіру мақсатындағы жүздесулері ертесіне өңірдің Иртышск қаласындағы Мәдениет үйінде жалғасты. Онда мемлекеттік ұйымдар мен әлеуметтік сала қызметкерлері, кәсіпкерлер, қала тұрғындары  қатысты.

Осындай сайлаушылармен осындай ой бөлісу кездесуі Қызылжар ауылының орталығында өтті.  Басқосуға келген халық Елбасы жолдауындағы тапсырмалар мен нұсқаған жолдарды нақтылап сұрап, көңілдеріне тоқып, алдағы уақытта өздерінің жұмыстары мен үгіт-насихат істерінде пайдаланатындықтарын депутатқа мәлімдеді.

 

 

 

 

 

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі