Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
15.01.2015

АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ


АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ

 

Астана. 15-қаңтар. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұсаукесері өтті. Комитет төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетовтің атап өткенідей, жаңа енгізілімдердің басты мақсаты – Қазақстанға инвестиция тарту, АЭА одан әрі дамыту, сондай-ақ қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру. Тақырып төңірегінде Инвестициялар және даму
вице-министрі Е. Сағадиев баяндама жасады. Айтуынша
заң жобасында келесі концепциялық өзгерістер қарастырылуда:

Біріншіден, министрліктің «КАЗНЕКС ИНВЕСТ» базасында аймақтарды дамыту және басқару бойынша Бірыңғай үйлестіруші орталығын құру. Оны қазіргі басқарушы компаниялардың мемлекеттік акциялардың бөлігін беру арқылы шешуге болады. Бұл ұсыныс осы жылдың
17-мамырында Үкімет отырысында қолдау тапқан.

Орталықтың негізгі міндеті аймақтардың жұмысын халықаралық басқару стандартына келтіру, бизнес-процестерін енгізу, жаңа қатысушылар мен инвесторларды тарту бойынша маркетингтік жұмысын жасау. Екіншіден, салық заңнамасын бірқалыпқа келтіру.

Арнайы экономикалық аймақтағы қатысушыларына салық жеңілдіктерін жасау мен сақтау жағында кепілдіктер қажет. Үшіншіден, басқарушы компаниялар балансына инфрақұрылым объектілерін беру.

Бұл қатысушыларға қызмет көрсету арқылы аймақ басқарушы компанияларына өзін-өзі қамтамасыз етуге, инфрақұрылым нысандарын жақсы техникалық қалыпта ұстауға мүмкіндік береді. Төртіншіден, аймақтың қатысушыларына шығарған тауарларды өнімді бөлу келісімді (СРП) пайдаланып жүрген компанияларға салықсыз өткізу

СРП-ның нарығы өте үлкен. Ал бүгінгі күні аймақтармен және СРП арасындағы салық салуға байланысты СЭЗ қатысушылары үшін бұл нарық жабық. Сол себеп пен аймақтарға бұл нарықты ашудың маңызы зор.

Заң жобасымен СРП-ға аймақтық өнімдердің ҚҚС нөлдік мөлшермен қолдану арқылы жеткізудің қарастырамыз. Бұл мәселе Кеден одағының Кеден кодексі шеңберінде қарастырылуда. Әзірше, Ресей, Белорус тарапынан да қарсылық жоқ. Бұл тармақ ДСҰ нормаларын бұзбайды. Сонымен қатар, заң жобасында арнайы экономикалық аймағында құрылыс халықаралық стандарттарды қолдану, аймақтардың қызмет көрсету мерзіміне жер жеңілдікпен пайдалану және де бір қатар редакциялық өзгерістер бар.

             Аталған заң жобасы арнайы экономикалық аймақтарды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, сонымен қатар отандық және шетелдік инвесторларға қолайлы инвестициялық жағдай жасайды.

             Халық қалаулылары заң жобасы төңірегінде өзекті сұрақтарды өтеріп, нақты ұсыныстар айтты.

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі