МӘЖІЛІСТЕ: «Лотерея және лотерея қызметі туралы» заң жобасы таныстырылды
Астана, 22 қаңтар. Мәжіліс Үйі.
Бүгін Мәжілісте ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Лотерея және лотерея қызметі туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен таныстырылымын өткізді.
Тұсаукесер Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютиннің жетекшілігінде өтті. Заң жобасымен парламентшілерді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы таныстырды.
Лотереялар өткізудің қалыптасқан әлемдік практикасын негізге ала отырып, заң жобасында лотереяларды лездік, тараждық және аралас деп нақты сыныптауды бекіту ұсынылады. Лотереяның әрбір түріне әлеуетті лотерея операторы үшін қойылатын барлық талаптарға сәйкес келетін бір ғана лотерея операторын айқындау ұсынылады. Іріктеу уәкілетті орган өткізетін конкурс негізінде жүзеге асырылады.Тұлғаға лотереяны өткізу құқығын беру туралы шешімді Үкімет жанынан құрылатын комиссия қабылдайтын болады.
Лотерея операторлары қызметінің әлеуметтік бағдарлануын енгізу ұсынылып отырған заң жобасындағы маңызды жаңашылдық болып табылады.
Ол үшін пайда мен жүлде қорының арасындағы айырманың 10 пайыз мөлшерінде тоқсан сайын республикалық бюджетке лотереялардан аударымдарды міндетті төленуді енгізу ұсынылады.
Ұсынылып отырған шаралар лотереяға қатысушылардың уәждемесін арттыруға ықпал ететін болады.
«Лотереяға мемлекеттiк реттеу не үшiн қажет?! Әр iр қатысушы оның ақшасы мемлекеттiк қажеттiлiктерге, әлеуметтiк салаларға және мемлекет пайдасына түсетiнiн бiлетiн болады. Қазiр жеңiлген ақшасы жеке тұлғаның қалтасына кететiнiн түсiнедi. Сондықтан қазақстандықтар лотереяның бiр бөлiгi бюджеттi толтыруға бағытталғанын бiлсе, сенiмдiлiкпен қарар едi», - дедi министр.
Заң жобасын қабылдау мемлекеттік реттеу мен бақылаудың жаңа жүйесін енгізуге мүмкіндік береді, ол лотерея қызметін дамытуға ықпал етеді.
Тұтастай алғанда лотерея қызметінен түсетін салық түсімдерінің ұлғаюы күтіледі, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді шешуге (дене шынықтыру және спортты дамытуға) қосымша (бюджеттен тыс) қаражат тарту мүмкіндігі туындайды.
(Сәуле Досжанова. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі