МӘЖІЛІСТЕ: Электр энергетика және көмір - Үкімет сағаты
Астана, 26 қаңтар, Мәжіліс Үйі.
Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігінде биылғы жылдың алғашқы Үкімет сағаты «Электр энергетика және көмір: қорытындылар және перспективалар»,- деген тақырыппен өтті.
«Электр энергетикасы саласының еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуында атқаратын рөлі зор.
Елбасы «Қазақстан – 2050 Стратегиясында» және «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» - атты Жолдауында, еліміздің «жасыл» даму жолына көшуді айтып, тиімді және тұрақты экономика құру міндетін қойды. Сондай-ақ, энергетиканың дәстүрлі түрлерін дамытуды мақсат етті.
Елбасы тапсырмасын орындауда, осы саланы дамыту туралы орта және ұзақ мерзімді Үкіметтік бағдарлама қабылданды.
Электр энергиясы мен көмір өндіру саласын дамыту, инвестициялау, оларды тарату, үнемдеу, энергия тапшылығын болдырмау, тарифтерді сақтау және басқа да өзекті сұрақтар әрқашан халықтың және депутаттар корпусының назарында»,- деген вице-спикер баяндама жасау үшін сөзді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Владимир Школьникке берді.
«Тұтынушыларды тұрақты электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету - бұл электр энергетикасының негізгі міндеті болып табылатындығы ешкімге де құпия емес, оның ойдағыдай шешілуі ел экономикасының дамуы мен сәйкесінше тұрғындардың өмір сүру деңгейінің артуы болып табылады.
Өткен жылдарда энергетика еліміздің жылу және электр энергияға қажеттілігін толығымен сенімді жапты және бүгінгі оны жалғастыруда. Жасыл экономика көшу саясаты кең өріс алуда, жаңартылатын энергия көздерін енгізуде мемлекеттік қолдау жүргізілуде.
«Әлемдік энергетикадағы ахуал
ХЭА ақпараты бойынша соңғы 40 жылда энергияны тұтыну 2,2 есеге өсті. Бұл ретте БҰҰ ақпараты бойынша ғаламда энергияны тұтыну 1,87 есеге өскен, ал кен энергия ресурстарын (көмір, мұнай, газ) тұтуны 2,13 есеге өсті.
Елдер әр-түрлі энергия көздерін қолданады – дәстүрлі, альтернативті және жаңартылатын энергия көздері.
Әлемде 13,4 млрд.тонна мұнай баламасы тұтынылады, олардың ішінде мұнай – 31,4 %, көмір-29%, табиғи газ-21,3%, ядролық энергия-4,8 %, су энергиясы-2,4%, био жағармай және қоқыстар-10%, және т.б-1,1 % құрап отыр.
Әлемде электр энергиясымен жылуды өндіру үшін 4,7 млрд.тонна мұнай баламасы жоғалады.
Ғаламда электр энергиясын өндіру құрылымы орта есеппен мынадай түрде бөлінген:
Көмір – 40,4%;
Газ – 22,5%;
Су электр станциялары – 16,2%.
Ядерлік отын – 10,9%
Сұйық отын – 5%;
Басқалары - 5%.
Жалпы 23 000 Тера Втч.
Бұл ретте әлемде атом энергетикасының үлесі жалпы генерацияда 2030 жылда 20 %-ға жетеді
Қазақстанның электр энергетикасы
Қазақстанда (2013 жылдың қорытындысы бойынша) Қазақстанның отын түрі бойынша генерация көздерінің үлесі мынадай түрде бөлінген:
· көмірде – 73,2 %;
· газда – 18,2 %;
· су электр станцияларында (шағын СЭС-сіз) – 8,1 %;
· Жаңартылатын энергия көздері ЖЭК (оның ішінде шағын СЭС-та) – 0,6 %.
Бұл ретте «Жасыл экономикаға» көшу бойынша Тұжырымдамаға сәйкес, жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) өндіру үлесін 2030 жылда 10 %-ға дейін арттыру жоспарлануда.
2014 жылы электр энергиясын тұтыну 91,6 млрд. кВтсағ құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 102,2%, электр энергиясын өндіру 93,9 млрд. кВтсағ құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 102,1%.
2014 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының импорты 644,2 млн. кВтсағ, экспорты – 2 918,5 млн. кВтсағ құрады.
Отандық электр энергетиканың ағымдағы ахуалы
Қазақстанның БЭЖ негізі ұлттық электр желісімен базалық генерациялар объектілері болып табылады.
Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде негізгі рөлді «KEGOC» АҚ ұлттық электр желілік ұйымы орындайды. «KEGOC» АҚ-ның теңгерімінде кернеуі 35 – 1150 кВ 297 электр тарату желілері бар, олардың жалпы ұзындығы 24,4 мың км құрайды (желі бойынша). Сондай-ақ, теңгеріміне кернеуі 35 – 1150 кВ 76 шағын станция бар.
Электр энергиясын өндіруді 76 электр станциясы жүзеге асырады, олардың жалпы белгіленген қуаты 20 591,5 МВт. құрайды.
Қазақстанда электр энергиясын таратумен 20 өңірлік энергетикалық компаниялар (бұдан әрі – ӨЭК) мен 150 кіші таратушы компаниялар айналысады, олар кернеуі 0,4 – 220 кВ өңірлік деңгейдегі электр желілерін бақылап отырады.
Электр энергиясымен тұтынушыларды жабдықтады 180 энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жүзеге асырады.
Саланың нормативтік-құқықтық базасы әрдайым жетілдіріліп отырады. Нормативтік база тек шектейтін ғана емес сонымен қатар ынталандырушыда болу керек! Соңғы 5 жылдың ішінде электр энергетика саласында саланы реттейтін 50-ге жуық нормативтік-құқықтық актілер және 200-ден аса нормативтік-техникалық құжаттар әзірленіп бекітілді, бұл өз кезегінде саланың заңнамалық базасын жаңа сапалы деңгейге көтеруге алып келді.
Электр энергетика саласында 114 мыңнан аса адам жұмылдандырылған, оның ішінде:
- энергия өндіру, энергия тарату және энергиямен қамтамасыз ету ұйымдарында – 70 мыңнан аса адам;
Сервис қызметі саласында (іске-қалыпқа келтіру, құрылыс монтаждау, жобалық-ізденіс, сарапшылық және т.б) 30 мың жоғары адам.
Энергетика саласындағы жобаларды іске асыру үшін кадрларған қажеттілік болжамы 6,5 мың адам.
Нарық (реформа)
Кеңес үкіметіндегі бірінші болып саланы қайта құрылымдаған Қазақстан болды.
1995-1996 жылдары электр станцияларды жекешелендіру бойынша үлкен көлемді жұмыстар жүргізілді.
1997 жылдан 2003 жыл аралығында электр энергиясының көтерме нарығы құрылды.
90 жылдардағы дағдарыс халық өмірі жағдайының төмендеуіне және экономика және әлеуметтік салалардың төмендеуі орын алды. Осы жағдай бірнеше жыл жалғасты және бұл генерацияға салынған инвестицияның жағдайының болмауына электр қуатының айтарлықтай көлемінің жоғалтылауынаалып келеді.
2000 жылдары басында Қазақстан экономикасы аяққа тұра бастады және тиісінше электр энергиясын тұтыну өсе бастады. Сонымен қатар Қазақстанның электр энергиясы электр қуатына тапшылық байқала бастады. Авариялар бола бастады және өшулер болды, электр қуаты шектелді, генерациялық объектілер істен шықты және инфрақұрылымдар және т.б.
Аталған мәселелерді шешу үшін Үкіметтің араласуы қажет болды.
Осы шарттарда электр энергиясы саласын дамыту үшін мәжбүрленген және сонымен қоса өте жауапты қадам жасау қажет болды. 2009 жылы шекті тариф бағдарламасы басталды-инвестицияға тарифті айыр бастау.
Шекті тарифтер жаңа активтерді құру, кеңейту, жаңарту, қолдау, жаңғырту және қолданыстағы электр өндіруші кәсіпорындардың құрылғысын дамыту шараларын іске асыруды қарастырады.
Заңнамалы және Үкіметтің шешімдері осы кезде ғана емес болашақтада тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету қажеттілігімен қабылданды.
Осы уақыттан бастап энергия өндіруші кәсіпорындар өздерінің генерациялық құрылғыларын жаңарта бастады, инвестициялық бағдарламалар орындай бастады.
Шекті тарифтерді енгізу 2015 жылға дейін перспективада жоспарлау мүмкіндігін электрстанцияларына берді, ресурстарды қалпына келтіру бойынша жинау жұмысы, қуатты дамыту, өзінің қаржылық мүмкіндігінен шығу, сондай-ақ үлкен көлемді банк қарыздарын алу.
Алты жыл шекті тарифті іске асыру есебінен жыл сайынғы инвестиция көлемі 5 есеге артты және бүгінгі күні 700 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды, бұл өз кезегінде қолданыстағы 5000 МВт-ты жаңғыртуды және қосымша 1700 МВт электр қуатын енгізуге алып келді, ол өз кезегінде экономиканың толығымен электр энергияға сұранысын жапты. 2009 жыл мен 2015 жылдар аралығындағы кезеңде қосымша енгізілетін қуат 3300 МВт-қа жетеді. 2015 жылға жоспарланып отырған инвестиция көлемі 178 млрд.теңге құрайды.
Негізгі жабдықтардың тозуы тоқтады, ал авариялар саны азайды: еліміздегі ірі электр станцияларының авариялық тоқтауының жылдық саны 2008 жылы 131 тоқтаудан 2013 жылы 39-ға тоқтауға дейін төмендеді, бұл өз кезегінде авариялық тоқтау уақытының төмендеуін қамтамасыз етті, 2008 жылы 3200 сағат/жылына 2013 жылы 900 сағат/жылына дейін.
Бұл ретте жаңғыртуға жұмсалған қаржының әсері тек қана энергетикалық активтердің жаңаруымен емес және де электр станцияның қоршаған ортаға экологиялық әсерін де азайтады. Станцияларда зиянды заттардың 99 % ұстап қалу арқылы қатты заттардың атмосфераға шығарылуын азайтуға алып келетін электр сүзгілері орнатылуда.
Шекті тарифтің жұмысы 2015 жылмен шектелетінін атап өту қажет.
2030 жылға дейінгі электр энергетикасының дамуы
2014 жылы маусымда 2030 жылға дейінгі мемлекеттің отын-энергетикалық дамуы Тұжырымдамасы қабылданды, оның құрылымына сәйкес біздің елде бар болған станциялардың базасы электр энергиясын өндіру құрылымында электр станциялары болып табылады.
ОЭК Тұжырымдамасына сәйкес саланы тұрақты қамтамасыз етуді электр энергиясымен қуатын жетілдіру есебінен жүргізу жоспарлануда.
Бүгінгі күні Сіздердің қолдауларыңызбен құрметті депутаттар, ҚР заңнамасы қуат нарығы бойынша нормалары бар, ол бойынша инвесторлар үшін кепілдемелік инвестицияны қайтарып алу ұсынылған жаңа электр қуатын енгізу есебімен мүмкін болады.
2016 жылдан бастап қуат нарығын енгізу туралы
Қазіргі уақытта қолданыстағы қуат нарығы аясында электр энергиясы шекті тариф жайдан-жай 2 бөлікке бөлінеді: өз құнымен инвестициялық бары, бұл ретте тарифтің инвестициялық құрылымы телефонға арналған абоненттік төлемі сияқты болады. Осы тәріздіден соңғы тұтынушылар үшін электр энергиясының бағасының өсуі болмайды (тек инфляция аясында).
Менімен айтылған өзгерістерді қарастыратын Заң жобасы жақын арада Мәжіліске енгізілетін болады.
Жобалар
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» атты Қазақстан халқына жолдауының шеңберінде электрмен жабдықтау сенімділігін жоғарылату үшін «Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» (бұдан әрі – 500кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзиті) бағыттарында жоғарғы вольтті желілер құрылатын болады.
Жалпы, «500 кв Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасын іске асыру нәтижелері төмендегілерді күтеді:
- 1350 МВт-тан 2100 МВт (750 МВт арту) дейін Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан бағытына ҰЭБ әлеуетінің транзитін ұлғайту, Қазақстанның ЕЭО-ғы Шығыс аймағымен байланысты күшейеді;
- темір жол учаскелерін (Ақтоғай – Мойынты, Ақтоғай – Алматы, Ақтоғай – Достық) электрфикациялауға жағдай жасау;
- жаңартылатын энергия әлеуетінің игерілуін ұлғайту және шекаралас аумақтарды дамытуды жалғастыру (Жоңғар есігі және т.б.);
- Шығыс Қазақстан облысының ТМК (Ақтоғай ТКК және т.б.) дамытуға қолайлы жағдайды құру;
- желілерді салу және пайдалануға беру кезеңінде жаңа жұмыс орындарын құру. Сонымен, «Екібастұз-Семей-Өскемен» ЖЖ құрылысы кезеңінде 747 жұмыс орны, пайдалануға беру кезеңінде – 32 жұмыс орны құрылатын болады. «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» ЖЖ құрылысы кезеңінде 1114 жұмыс орны, пайдалануға беру кезеңінде – 65 жұмыс орны құрылатын болады.
Балқаш ЖЭС
Жоба Қазақстан Республикасы мен Кореяның Үкіметтері арасындағы Балқаш ЖЭС дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласындағы келісім шеңберінде іске асырылуда.
Қуаты 1320 МВт Балқаш ЖЭС салудың мақсаты Қазақстанның оңтүстік өңірінде энергия тапшылықты төмендету болып табылады. Жобаны іске асыру үшін акционерлері «Самұрық-Энергия» АҚ (25%+1 акция) және Корея консорциумы (Самсунг және КЕPCO 75%-1 акция) болып табылатын «БЖЭС» АҚ құрылды. «БЖЭС» АҚ конкурстық негізде «Самсунг инжиниринг»ЕРС-мердігері болып анықталды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Үкіметімен Жобаны іске асыру үшін барлық заңнамалық базасы құрылған.
Негізгі жабдықтардың тозуы тоқтады, ал авариялар саны азайды: еліміздегі ірі электр станцияларының авариялық тоқтауының жылдық саны 2008 жылы 131 тоқтаудан 2013 жылы 39-ға тоқтауға дейін төмендеді, бұл өз кезегінде авариялық тоқтау уақытының төмендеуін қамтамасыз етті, 2008 жылы 3200 сағат/жылына 2013 жылы 900 сағат/жылына дейін.
Бұл ретте жаңғыртуға жұмсалған қаржының әсері тек қана энергетикалық активтердің жаңаруымен емес және де электр станцияның қоршаған ортаға экологиялық әсерін де азайтады. Станцияларда зиянды заттардың 99 % ұстап қалу арқылы қатты заттардың атмосфераға шығарылуын азайтуға алып келетін электр сүзгілері орнатылуда.
Шекті тарифтің жұмысы 2015 жылмен шектелетінің атап өту қажет.
2030 жылға дейін электр энергетиканың дамуы
2014 жылы маусымдағы отын энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды, онда электр энергия өндіру құрылымында көмір электр станциялары біздің елімізде генерацияны құрайтын базалық құраушы болып қалуда. Олардың жалпы өндірудегі үлесі 2030 жылға 55 % құрайды 2014 жылғы 74 % қарсы.
ОТК Тұжырымдамасына сәйкес, саланың тұрақтылығын электр энергия мен қуат нарығы жетілдіру арқылы қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Бүгінгі күні, осы салада қолданыстағы қуаттардың электр энергия генерациясын ұлғайтатын жобаларды іске асыру жалғастырылуда, жаңа электр станцияларын салу бойынша (Балқаш ЖЭС, Екібастұз 2-МАЭС-нің үшінші энергоблогы), ұлттық электр желісін жаңғырту бойынша, өңірлік электр желілерін (ӨЭК) салу және қайта құру бойынша.
Шекаралас мемлекеттермен ынтымақтастық.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясы және Орталық Азия мемлекеттерінің энергия жүйелерімен паралельді режимде тұрақты жұмыс істеуде.
Қырғыз тарапының Нарын-Сырдария СЭС судың жиналып қалу аумалы көлеміне байланысты Қырғызстанға Қазақстан электр энергиясын жеткізуді ұйымдастыру туралы және Қазақстанмен Қырғызстан Үкіметінің қол жеткізілген уағдаластығы шеңберінде 2014-2015 жылдары күзгі-қысқы кезеңде 1,0 млрд.кВсағ көлеміндегі Қазақстан электр энергиясын Қырғызстанға жеткізуді ұйымдастырылды.
Өзбекстан энергия жүйесінің рұқсатсыз қуатты алу жалғасып келе жатқандығын олардың тұтынған қуатына төлем жүргізілмей жатқандығын екенін атап өту қажет.
Қазіргі уақытта, Қазақстаннан электр энергиясын экспорттау мүмкіндігі жоғарылауда.
2014 жылы мамырда Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы шартқа қол қойылды. Одақ аясында 2019 жылдан бастап жалпы электр энергетикалық нарығын құру жоспарлануда. Осы мақсаттар үшін мүше мемлекеттерінің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін электр энергиясын пайдаланудың басты шарттарында барлық электр энергиясы БЭК нарығының мүшелеріне техникалық мүмкіндік аясында мемлекетаралық беруді жүзеге асыру үшін желіге кедергісіз мүмкіндік ұсыну қамтамасыз етуді рұқсат беретін Жалпы электр энергетикалық нарықты қалыптастыру тұжырымдамасы қабылданатын болады.
Осының барлығы бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде электр энергиясын экспорттау мүмкіндігін жоғарылатуға алып келеді.
Басқа перспективалық бағыт ретінде Қытайдың орталық және шығыс өңірлеріне дейін ±800 кВ кернеуімен СУАРға Хами ШС-на дейін Екібастұздан үнемі ток ӘЛ салумен Қазақстан электр энергиясы мүмкіндігі экспортын кеңейту мәселесі қарастырылуда.
Электр энергиясын іске асыру бағасы бойынша келісімге, электр энергиясын жеткізудің қажетті көлеміне және басқа да мәселелерге қол жеткізген кезде екібастұз және торғай көмірлерінде жаңа көмір конденсациялық электр станцияларының құрылысы үшін жағдай жасалады.
Анықтама: тарихи Екібастұзда әрқайсысының қуаты (12 000 МВт) 4000 МВт 3 ЖЭС құрылысын жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта 5 000 МВт ғана салынған. Екібастұз ауданында дайын инфрақұрылымның бар болуы құрылыс бағасын төмендетеді.
Бұдан басқа Қазақстан үшін CASA-1000 жобасын іске асыруда экспорттық бағыт тағы бірі пайда болуда, ол үшін қыс уақытында электр энергиясы артық экспорты үшін, осы желілер жүктеме кезеңінде.
Ұсынылып отырған CASA-1000 жобасы электр энергиясын беру объектісі ретінде Орталық Азия мемлекеттерін 1300 МВт дейінгі көлемдегі электр энергиясын электр энергиясы тапшылығын сезініп отырған Оңтүстік Азия мемлекетіне транзиттеумен (Ауғанстан және Пәкістан) оның жаздық артылуын барынша пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы).
Электр энергетикада жаңа технологиялық шешеімдер кең қолданылып жатқандығы мақсатқа сәйкестәгін атап өтуге болады.
Бұл салынып жатқан қуаты 630 МВт Екібастұз МАЭС-2-нің № 3 энергия блогының жоғарылатылған пар параметрлері.
Осы технологияны енгізу энергия қондырғыларының ПӘК-ін жоғарылатылады. Көмірдің үнемділігі жылына 400 мың тонна көлемінде бағалануда, қатты заттардың шығарылуының төмендеуі - 15 %.
Салынып жатқан қуаты 1320 МВт Балхаш ЖЭС-та ұшпа күлдерді ұстау үшін қол сүзгілерін қолдану
Электр
статикалық сүзгілерден қол сүзгісінің жұмыс
істеу принципінің айырмашылығы заманауи сүзгі
материалдарыдың базасында түтін газының механикалық
сүзуіне негізделген. Әсері – жоғары тиімділік
(99,9%-ға дейін) және сәйкес төмен капитальды
шығындар.
Екібастұз МАЭС-1 үшін қозғалмалы электродты электр сүзгілерін қолдану
Қолданыстағы дәстүрлі 4-секциялы электр сүзгілеріне жапония технологиясы бойынша Хитачи компаниясының қозғалмалы электродты қосымша секцияларды қосумен қайта құру жоспарлануда. Әсері – күл ұстау тиімділігінің 99,4-99,6%-дан 99,9%-ға дейін артуы.
Көмір өнеркәсібі Қазақстан Республикасының маңызды ресурстық салаларының бірі болып табылады.
Қазақстан энергетикалық саланы отынмен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай көмір қорларына ие. Қазақстан Республикасының аумағында 400-ден астам кенорындары тас және қоңыр көмірлері белгілі. Теңгерімдік қоры 33,6 млрд. тонна, оның ішінде тас көмір – 21,3 млрд.тонна, қоңыр көмір – 12,3 млрд. тоннаны құрайды.
2014 жылдың 1 қаңтары жағдайында Қазақстан Республикасы бекітілген көмір қоры бойынша әлемде 7-ші орынды иеленеді. Көмір өндірудің қазіргі деңгейінде оның қоры 300 жылдам астам уақытқа жетеді.
Көмірдің теңгерімдік қоры ішкі тұтынымды толығымен қаматамасыз етуге және көмір өнімінің айтарлықтай көлемін экспорттауға мүмкіндік береді.
Елімізде көмір өнеркәсібінің барлық негізгі сегменттері қарастырылған, бұл ретте энергетикалық көмірді өндіру және қолдану айрықша дамыған.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында көмір өндіруші кәсіпорындармен 2,0 млрд. тоннадан астам көмір өндірілді, 0,6 млрд тонна таяу және қиыр шетелдеріне экспортталды.
Қазіргі кезде республиканың көмір саласы 74% электр энергиясының өндірілуін, коксхимиялық өндірістің жүз пайыздық жүктемесін, коммналдық-тұрмыстық секторды және халықты отынға қажеттілігін толығымен қанағаттандырады.
Жеке көмір өндіруші кәсіпорындарды өнідірістің және басқарудың жоғары концентрациясы дәрежесіне қол жеткізілді. Тұрақты дамуды және өндіріс көлемінің тиімді өсіміні қарастыратын өнеркәсіптік-технологиялық саясат жүзеге асырылуда.
Көмір саласының кәсіпорындарының халықаралық станддартарға өту бағдарламасы аяқталды.
2014 жылы көмір өндіруші компаниялар 107,6 млн. тонна көмір өндірілді (көмір қойыртпасын қоспағанда), бұл 2013 жылмен салыстырғанда 5,2 млн. тоннаға кем немесе 95,4 %.
Көмір экспорты 30,4 млн. тоннаны құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда - 97%.
Көмір өндіруші саланың алдында қолданыстағы энергия өндіруші кәсіпорындарды, сондай-ақ Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасымен белгіленген жаңарту және жаңа генерациялау қуаттарын құрылысы қажеттіліктерін көмірмен қамтамасыз ету бойынша міндеттері тұр.
Көмір өндіру көлемінің өсімін қамтамасыз ету мына жобалар есебінен жететін болады:
1. Екібастұз көмір бассейнінде:
- «Богатырь» разрезіндегі көліктік сызбасын қайта жаңғырту жобасын аяқтау, жылына 48 млн. тоннаға дейін көмір өндірілетін жаңа автомобильдік-конвейерлік технологияға өту;
- «Восточный» разрезінде №2 циклдық-арналы аршымалық кешен құрылысы, бұл аршыма жыныстарын жылына 36 млн. м³-тан 56,0 млн. м³-қа дейін көлемін арттыруға мүмкіндік береді;.
- «Северный» жылына 10 млн-нан 18 млн. тоннаға, "Восточный" жылына 20 млн-нан 22 млн. тоннаға, «Екібастұз» жылына 4 млн-нан 8 млн. тоннаға дейін разрездері бойынша көмір өндіру куаттарын кеңейту бойынша техникалық жобаларды іске асыру есебінен.
2. 9 млн. тоннадан 16 млн. тоннаға дейін арттырумен Шұбаркөл тас көмір кенорнын игерудің кешенді жобасы.
3. Көмі өндіру бойынша «Қаражыра» кенорында жылына 5 млн. тоннадан 7 млн. тоннаға дейін қуатын арттыру.
4. Қарағанды көмір бассейніндегі шахталарда тазарту кенжарында орта тәуліктік жүкті 3000 -:- 5000 тонна деңгейде қамтамасыз ететін жоғары өнімді тау-кен техникасы және технологиясын енгізу есебінен.
2020 жылдан бастап Торғай басейнінің көмірлерін тарту жоспарлануда, онда Құсмұрын көмірі базасында электр станциясының құрылысы қарастырылуда.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында көмір өндіру бойынша қуаты дәстүрлі көмір нарығының тұтынымын энергетикалық көмірдің ішкі нарығын едәуір озуда. Энергетикалық көмірдің өндірілу көлемінің ұлғаюын жаңа көмір электр станцияларын енгізу есебінен тек ұзақ мерзімді перспективада күтуге болады.
Осыған байланысты, өнімнің тұтынушылық құрамын сапалы өзгерту сәйкесінше оның нарықтық бағасын ұлғайтуды, ал ең негізгісі энергетикалық көмір нарығынан сыртқа шығуға мүмкіндік беретін және көмірхимиялық, көмірден жоғары дәрежедегі қайта жасалумен жаңа буын өнімін алу – көмір саласында жаңа бағытты құруды қамтамасыз ететін көмірді қайта өңдеуді дамытуға айрықша қажеттіліктің уақыты келді.
Қазақстан Республикасында қазіргі уақытқа дейін бұл бағытта мақсаттылық жұмыстар жүргізілген жоқ.
Қазақстанда көмірхимияны үдемелі дамыту мақсатында 2013 жылғы 7 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Синь Цзинпиннің Қазақстан Республикасына сапары кезінде екі Меморандумға қол қойылды.
Меморандумдар көмірді кешенді қайта өңдеу саласында мемлекеттік деңгейде тәжірибе және технологиялар алмасу ынтымақтастығыны қарастырады.
Қазақстанда «Цинхуа» қытай энергетикалық корпорациясы» ААҚ-ы қатысуымен көмірді кешенді қайта өңдеу жобасын іске асыру жоспарлануда.
Болжанған негізгі өнім: бензин, дизельдік отын, электр энергиясы және әр түрлі химиялық өнімдер болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген меморандумдарды іске асыру ҚР аумағында көмірді сұйылту үрдісін аса тиімді іске асыруға, осы технологияны өнеркәсіптік іске асыру үшін жобалық-конструкторлық және ғылыми тәжірибе алуға, ҚР экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көмір химия және көмір катализі үрдісі бойынша әлемде еліміздің беделін көтеруге мүмкіндік береді.
Тағы бір кешенді жоба – көмір қабаттарынан метанды өндіру.
Жұмыстар екі бағытта жүргізілуде:
• көмір қабаттарын газсыздандыру есебінен тау-кен жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• метанды барлауға жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттарға сәйкес пилоттық жобалар бойынша «Саран» участкесіне «Жұмыс-Строй Сервис» ЖШС-мен және «Taldykuduk-gas» ЖШС-мен Талдықұдық участкесіне, Шерубайнұра және Тентек (Мәнжі) учаскелері бойынша «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ, сондай-ақ перспективалық Қаражаршахан учаскесіне тікелей келіссөздер жүргізу арқылы келісімшарт жасасу құқығы «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ -ға берілді.
Болашақта қажетті инфрақұрылымды құру үшін 2012 жылы осы жұмысқа «Қазгеология» ҰГК» АҚ-ы тартылды, ал 2014 жылдан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ белсенді тартылуда.
Көмір қабаттарындағы метанды өндіру бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ-ң жобасының даму сатысы үш кезеңді қарастырады, үшінші кезеңде (шамамен 2018 жыл) метанды өнеркәсіптік өндіру жоспарлануда.
Министрлік алдында көпір пласты метанды өндіру бойынша міндет тұр.
Көмір пластының газды метанын пайдалану мемлекеттің бірнеше аймақтарында әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді (электр энергиясын өндіру, шаруашылық мақсатында, ғимараттарды жылумен қамтамасыз ету, авто транспорттар үшін жағармай ретінде, металлургия және химия өнеркәсібі салаларында ) көмірді өндіру алдағы жұмыстары қауіпсіздігін жоғарылатуға және қоршаған ортаға метан қалдықтарын азайту есебінен экологиялық ахуалды жақсартады.
Министрлік көмір қабаттарындағы метанды барлау және өндіруді заңнамалық дәрежеде бекіту үшін метан газын көмір және газды өндіруден бөліп жеке пайдалы қазба ретінде Тау-кен кодексінің тұжырымдамасына қосты. Тау-кен кодексінің өзінде инвестициялық жеңілдіктер ұсыну бөлігінде мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру ұсынылады.
Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлданды».
Талқыланған тақырыпқа Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин қосымша баяндама жасады.
«Министр мырза, бірлескен жұмыстар арқасында энергетика саласы елдің қажетін толық қамтамасыз етті деп, өз баяндамасында айтып өтті.
Үкіметтің тарифтерге шектеу қоюы арқасында электр энергетика саласына инвестиция көбейді. Ол, еліміздің экономикасына және оның дамуына оң әсерін беруде.
Электр энергиясын, көмір өндіру және жаңартылған энергия көздерін дамыту жөнінде атқарған жұмыстар туралы толық ақпарат берілді»,- деп Палата Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Үкімет сағатын қорыттты.
Отырыс қорытындысы бойынша, Үкіметке бірқатар ұсыныстар жобасы дайындалды, және, осында айтылған ұсыныстар толық ескеріледі.
(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі