МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
Астана, 6 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Бюросы Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады.
Халық қалалулылары назарына бағалау қызметі туралы заң жобасын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда талқылау ұсынылуда.
Палата сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімді ратификациялауды қарайды.
Сонымен қатар, осы күні бірқатар жаңа заң жобалары жұмысқа қабылданады. Олардың қатарында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сотталған адамдарды беру, сондай-ақ, ұстап беру туралы шарттарды ратификациялау бар.
(Зәмеш Кеңесқызы - 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі