Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
10.02.2015

МӘЖІЛІС: МЕМЛЕКЕТТІК – ЖЕКЕ МЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ


МӘЖІЛІС: МЕМЛЕКЕТТІК – ЖЕКЕ МЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

 

Астана, 10 ақпан, Мәжіліс үйі.

Мәжілісте Аграрлық мәселелер комитетінің ұйымдастыруымен, Палата вице-спикері Дариға Назарбаеваның қатысуында   «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» заң жобасы ілеспе түзетулермен таныстырылды. 

Құжатты жасаушылар атынан  Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов баяндама жасады.

Аталған заң жобасының мақсаты – қоғамдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігінің деңгейі  мен сапасын арттыру үшін ресурстарды біріктіру жолымен және мемлекет пен жеке сектор  арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру және күшейту болып табылады.

Міндеттері: жеке секторды мемлекеттік активтерді басқаруға  тарту;  бюджетке салынатын жүктемелерді төмендету;  инвестициялар тарту;  Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл жасасу    модельдерін кеңейту.

Құжатты көрсетілгендерді жүзеге асыруға білім беру, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, экономиканың барлық салаларында (аяларында) болуы мүмкін салалар қатысады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту, оның ішінде тетіктерді қолдану арқылы тікелей инвестицияларды тарту және Активтерге опциондық келісімдерді тарту (жобадан «exit» ) мен Акционерлік келісімдерді тартуды мақсат етеді.

Бюджеттен төленетін төлемдер және мемлекеттік қолдау шараларына: субсидиялар, инвестициялық шығындар өтемақысы, операциялық шығындар өтемақысы, басқару үшін сыйақы  мен қолжетімділігі үшін ақы жатады.

Заң жобасында ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлін айқындауда: жергілікті жобаларды сүйемелдеуге қатысу, әлеуетті жеке әріптестер тізілімін қалыптастыру, МЖӘ мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу және жергілікті жобалардың конкурстық құжаттамасын қалыптастыруға қатысты талқылауға қатысу, конкурстық комиссияны қалыптастыруға қатысу мен жобалардың іске асырылуын мониторингілеуге қатысу көрсетілген.

«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» заң жобасының  ілеспе түзетулері  3 кодекске және 14 заңға, оның ішінде  Азаматтық кодекске, Бюджет кодексіне, Жер кодексіне  және де концессиялар, инвестициялар, акционерлік қоғамдар, автомобильдік және темір жолдар туралы заңдарға және басқа да заңдарға  тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

Заң жобасының таныстырылымында Мәжіліс депутаттары – Д.Назарбаева, З.Балиева, Р.Халмұрадов, Ә.Тойбаев, Е.Каппель, Т.Ерғалиев,, Н.Сабильянов, т.б. заң жобасын жасаушыларға сұрақтар қойды.

 

Енді заң жобасы депутат Р.Ким жетекшілік ететін жұмыс тобында талқыланатын болады.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі