Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
17.02.2015

МӘЖІЛІС: «Бизнестің Жол картасы- 2020»- комитет талқылауы


МӘЖІЛІС: «Бизнестің Жол картасы- 2020»- комитет талқылауы

 

Астана, 17 ақпан, Мәжіліс Үйі.

Мәжілістің  Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде Сейтсұлтан Әйімбетовтың жетекшілігіндегі кеңейтілген отырыста «Бизнестің Жол картасы- 2020» Бағдарламасы шеңберінде орта және шағын кәсіпкерлік субьектілерді қолдаудың мемлекеттік шаралары» тақырыбы талқыланды.

Басқосуда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев баяндама жасады.

«Сіздерге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау көрсетудің болашағы және нәтижелері туралы баяндауға рұқсат етіңіздер. 

Бүгін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы кәсіпкерлер арасында танымал және талап етілетін бағдарлама екені өздеріңізге белгілі.

Бағдарлама аясында кәсіпкерлердің субсидиялау және екінші деңгейлі банктердің несиелері бойынша кепілдеме алу, жаңа бизнес бастамаларға грант алу, жетпей тұрған инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды салу, сонымен қатар оқыту, шетелдерде тағылымдама алу, сервистік қолдау және мамандандырылған консалтинг арқылы біліктілігін арттыру түріндегі қолдау ауқымды құралдарын алуға мүмкіндіктері бар.

2010 - 2014 жылдар аралында Бағдарламаны іске асыру үшін Республикалық бюджеттен 174,4 млрд. теңге бөлінді. 2015 жылға Республикалық бюджеттен 51,8 млрд. теңге және дағдарысқа қарсы шара ретінде ШОБ жобаларына инфрақұрылым салу үшін Ұлттық қордан 10 млрд. теңге бөлінді.

Біз шағын және орта бизнеске қандай қолдау көрсеттік және қандай нәтиже алдық?

Бүгінгі күнге Бағдарлама аясында қолдаудың барлық шараларымен  230 442 кәсіпкер қамтылған.

Қолдау шараларын іске асыру нәтижесінде  237 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды және сақталды.

Бағдарлама бойынша 4 960 жобаны қолдау барысында  1 056 млрд. теңге сомасына несиелер арзандатылды (жоспарлы көрсеткіш – 400 млрд.теңгеден кем емес). Экономиканың басымдық секторларына, оның ішінде үш бөліктен астамы (37%)  өңдеу өнеркәсібіне тиесілі банктермен берілген жалпы несиелерден Бағдарлама бойынша несиелердің үлесі 13,7% құрайды.

Қаржылық қолдаумен 13,3% қарыз беруші банктер67% пайызын өндіруші өнеркәсіп құрайтын, экономиканың басым секторларындағы кәсіпкерлер қамтылған.

Салалық бөліністе бағдарлама аясында субсидиялау бойынша қолдау көрсетілген жобалардың ең көбі өңдеу өнеркәсібінде (39%), көлік және қаттауда (30%), денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуде (6%), ауыл, орман және балық шаруашылығында (5%). Кепілдендіру бойынша: өңдеу өнеркәсібінде (48%), көлік және қаттауда (17%), ауылшаруашылығында (9%).

Көріп отырғандай, қолдаудағы негізгі екпін экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібін дамутыға қойылған.

Бағдарлама аясында 3 миллион теңгеге дейінгі көлемде мемелекеттік гранттар беру арқылы 2012 жылдан бастап 200 кем емес жаңа бастама жобаларға қолдау көрсетіледі, оның ішінде 100 кем емесі моноқалаларда орналасқан.    

664 кәсіпорынға 69,6 млрд. теңгеге жетіспеген инфрақұрылым салынды. 

Өткен жылы бағдарламаға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, өңірлерде индустриалдық аймақтарды дамыту бойынша жұмыс жалғастырылуда. 2014 жылы                                    15 индустриалдық аймаққа инфрақұрылым салуға қаржы бөлінді, ал ағымдағы жылы 6  индустриалдық аймақты қаржыландыру жоспарланған. 

Бағдарлама аясында 2010 жылдан бастап бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлермен 174,4 млрд. салық төленіп,
2 503,3 млрд. теңгеге өнім шығарылды.

Бағдарламаға қатысудың арқасында әрбір кәсіпорын несиенің орташа мерзімі 33,4 ай, төлем мөлшерлемесі 12,9% құрайтын, 367,4 млн. теңге сомасына несиелену мүмкіндігін алды.

Негізінен бағдарламаға қатысушылырдың кәсібі тиімді, атап айтқанда пайданың орташа көрсеткіші бойынша бір қатысушының түсімі 265,5 млн. теңге, таза пайдасы 32,8 млн. теңге, яғни таза тиімділік 12,3%.

Қаржысыз қолдау құралдарының тиімділігін айтатын болсақ, келесі көрсеткіштерді атап өтуге болады. 

Бағдарлама аясында 4 жыл ішінде 81 500 астам кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар оқытылды. Сауалнама барысында «Бизнес-Кеңесші» курстарының оқушылардың 12% және «Жас кәсіпкердің мектебі» жобасына қатысушылардың 5% оқу нәтижесі бойынша өз бизнестерін ашу мүмкіндігін алғандарын атап өтті.

2010-нан 2014 жылдар аралығындағы кезеңде «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысушылардың саны 2 253 адамды құрады, оның ішінде 39% құрылғыларын жаңарту мүмкіндігін алды, ал 34% шетелдік серіктестермен шарттар жасасты.

«Назарбаев университетінде ШОК топ-менеджментін оқыту» жобасы аясында 1 263 кәсіпкер жобаға қатысты. 

2014 жылы бизнесті жүргізудегі сервистік қолдау Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен көрсетілді. Заңға сәйкес қаржылық емес қолдаудың операторы Ұлттық кәсіпкерлік палатасы болып табылатындықтан, оған оқытуды ұйымдастыру, кәсіпкерлердің құзыретін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру және олар арқылы консалтингілік қызметтерін көрсету және шағын және орта бизнеске түсіндіру жұмысын беру жоспарланып отыр.

Өткен жылы экономикалық белсенді тұрғындардың «бір терезе» қағидасы арқылы бизнесті ашу  және жүргізу, құралдары мен мемлекеттік қолдау шараларын, кәсіпкерлердің құзыретін арттыру мүмкіндігін ұлғайтуға мүмкін болатын Біріңғай бизнес-инфрақұрылымды құру жұмысы аяқталды.

Қазіргі таңда барлық облыстық оратылықтарды және Астана, Алматы мен Семей қалаларында кәсіпкерлерге 18 Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында консалттық қызметтер көрсетіліп отыр. барлық аудан орталықтарда, шағын және моноқалаларда 188 Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істейді, сондай-ақ ауылдық жерлерде консалтингін кқрсету мақсатында 14 мобильдік КҚО жүріп жатыр.

Біріңғай бизнес инфрақұрылым арқылы 109 мың кәсіпкер мен тұрғындарға консалтингілік және ақпараттық қөмек көрсетілді.

Министрлік қолдау құралдары арқылы ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүзеге асыру жұмысын жандандырды. Осылайша, барлық өңірлердегі Халыққа қызмет көрсету ғимаратында, вокзалдар мен әуежайларда, банктерде кәсікерлікті қолдау құралдары туралы бейнероликтер трансляцияланып отыр. Бұдан басқа, осы жылдан бастап Оңтүстік Корея және Үнді елдерінің үлгісімен бизнесті жүргізу негізі бойынша 40 оқыту бейнероликтер әзірленіп барлық өңірлерге жіберілді.

Жалпы айтсақ, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы тиімді, өйткені жоспарланған көрсеткіштер бүгінгі күні орындалып отыр.

Бағдарламаның икемділігінің арқасында аталған нәтижелерге жетіп отыр, осылайша бағдарламаны іске асыру мониторингінің қорытындысы мен бағдарламаны іске асыру барысымен таныстыру бойынша жергілікті кәсіпкерлердің, әкімдіктермен банктердің  қатысуымен бағдарламаның тетігімен құралдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Мүдделі тараптардың пікірінің есебінің және енгізілген тиісті түзетулердің арқасында, бағдарлама тиімді және кәсіпкерлердің талаптарына сай болып отыр.

Ендеше, іске асыру кезең ішінде бағдарламаға 14 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Тек  соңғы 3 жыл ішінде бағдарламаға 5 пакет өгерістер енгізілді және қазір 6-шы пакетті бекітуге дайын.

Министрлік мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленіп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті дамыту және қолдау біріңғай бағдарламасы шеңберінде бағдарламаны іске асыру бойынша күшейту жұмысын жүргізуде.

Біріңғай бағдарламада кәсіпкерлікті қолдаудың барлық тікелей шараларын қолдану, сондай-ақ салалық бағадарламалары шеңберінде біріңғай операторы Ұлттық кәсіпкерлік палатасы болып табылатын қаржысыз қолдаудың қызметі бекітілген «бір терезе» қағидасы бойынша қаржылық емес қолдау көрсету қарастырылып отыр.

Онымен бірге, қолданыстағы мемлекеттік қолдау құралдары, оның қолдану тетігі, нысаналы аудитория, бағдарламаның әкімшілігі салалық бағдарламаларда қалады.

Бұдан басқа, Біріңғай бағдарламаға кәсіпкерлерді 10 млн. теңгеге дейін микрокредиттеу, микрокредиттеу бойынша субсидиялау және шағын қаржылық ұйымдардың қарыздарын кепілдендіру,  бизнестің көшуіне байланысты шығындардың өтемі сияқты қаржылық қолдау жаңа құралдары енгізілетін болады.

Дегенмен, Бағдарламаның тиімді іске асырылуы әкімдіктердің іс-әрекеттеріне байланысты.

Осыған орай әкімдіктерге:

                1. бағдарламаға кәсіпкерлік әлеуеті бар тұлғаларды және шағын бизнес субъектілерін белсендірек тарту жұмысын жүргізу және қаржылық қолдау шараларымен, ол бірінші кезекте, бұрын қаржылық қолдау көрсетілмеген кәсіпкерлерді қамту қажет;

                2. кредиттерді субсидиялаудан басқа, бағдарламаның басқа да құралдары бойынша жұмысты жандандыру қажет, яғни кредиттерді кепілдендіру, гранттар беру, инфрақұрылымды жеткізу, оқыту бағдарламалары;

                3. кәсіпкерлік объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды жеткізу бойынша  уақытылы байқаулар өткізу қажет.

Осылайша, ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберіндегі атқарылып отырған біздің негізгі жұмысымыз осы»,- деген министр  бағдарламаны іске асыру тиімділігін арттыру және құралдар мен бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерін одан әрі жандандыру бойынша жұмыстарды министрлік уақтылы жүзеге асыратындығына сенімділік білдірді.

Отырыста «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ басқармасының төрайымы Л.Е. Ибрагимова, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Н.Б. Әлтаев, Мәжіліс депутаты А.Т.Перуашев сөз сөйлеп депутаттарды атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Комитет отырысына қатысқан кәсіпкерлер де сөз алып «Қазақстанда бүгін жақсы жұмыс істемегенде қашан жақсы жұмыс істейміз. Кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалып жатыр»,- деп осы мүмкіндіктерді туғызуға басшылық жасап отырған Елбасына ризашылықтарын жолдады.

 

 

(Сәуле Досжанова. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі