Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
20.02.2015

МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ


МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

 

Астана, 20 ақпан, Мәжіліс үйі.   Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

                Халық қалаулыларының назарына  мақта саласын дамыту мәселелері бойынша мәселені бірінші оқылымда, ойын бизнесіне қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылып отыр.   

                Жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына ТМД қатысушы- мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы  заң жобасы да енгізілген.

                Сондай-ақ, мәжілісмендер бейінді комитеттерге  Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға  қатысты заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындап, гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы заң жобасы бойынша жұмыстарды ілеспелі түзетулермен одан әрі жалғастырмақ. 

               

               

(Зәмеш Кеңесқызы - 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз  қызметі)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі