Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
24.02.2015

«НҰР ОТАН» :ФРАКЦИЯ ҮКІМЕТТІҢ БЮДЖЕТТІК ТҮЗЕТУЛЕРІН ҚОЛДАЙДЫ


 «НҰР ОТАН» :ФРАКЦИЯ  ҮКІМЕТТІҢ БЮДЖЕТТІК ТҮЗЕТУЛЕРІН ҚОЛДАЙДЫ

 

 

   Астана, 24 ақпан. Мәжіліс Үйі.

Бүгін «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаеваның төрайымдық етуімен фракциясы жиналысы өтті.

Онда «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы  қаралды.

Жиналыстың жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мәжілісі депутаттары, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің өкілдері қатысты.

Фракция жетекшісі Д. Назарбаева «Экономикалық прагматизм және әлеуметтік жауапкершілік бюджет туралы заң жобасының негізіне алынғанын» атап көрсетті.

Заң жобасы бойынша Парламент Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Яковлева, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов, Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Төлеген Ибраев, Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланған депутат Егор Каппель баяндамаларында Елбасының тапсырмаларына сәйкес жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер мөлшері бекітілген деңгейде сақталатынын  мәлімдеді.

Жиналыс қорытындысы бойынша Үкіметтің Бюджет туралы заң жобасын қолдау жөнінде шешім қабылданды.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі