Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
25.02.2015

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ Қ. СҰЛТАНОВ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ЧЕХ ПРЕЗИДЕНТІ МИЛОШ ЗЕМАНҒА ТАБЫС ЕТТІ


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ Қ. СҰЛТАНОВ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ЧЕХ ПРЕЗИДЕНТІ МИЛОШ ЗЕМАНҒА ТАБЫС ЕТТІ

 

 

Астана, 25 ақпан. Мәжіліс Үйі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Мемлекет басшысының арнайы уәкілі ретінде Чех Республикасына сапармен барды.

Прага қаласына сапар шеңберінде ЧР Президенті Милош Земанмен (Miloš Zeman) және ЧР Парламенті депутаттар Палатасы төрағасының орынбасары Войтех Филиппен (Vojtěch Filip) кездесулер өткізді.

Өз кезегінде Қ.Сұлтанов М.Земанға Қазақстанның кандидатурасын 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне жылжыту жөніндегі Елбасының жолдауын тапсырып, чех тарапын аймақтық және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, оның ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру саласына қосқан Қазақстанның үлесімен қатар, көпжақты дипломатия саласындағы еліміздің белсенді қызметі туралы ақпараттандырды. Сонымен бірге, 2014 ж. қарашада ЧР Президенті М.Земанның Қазақстанға жасаған ресми сапары қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларды жүзеге асыру барысы баяндалды.

ЧР Парламенті депутаттар Палатасы төрағасының орынбасарымен әңгіме барысында тараптар қазақстан-чех парламентаралық қатынастардың тұрақтылығын және екі елдің парламенттік делегация өкілдері сапарларының жиілігін атап өтіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму Комитеті мүшелерінің Чех Республикасына сапарының дайындығын талқылады.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі