Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
12.03.2015

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЕЛШІМЕН КЕЗДЕСТІ


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЕЛШІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Астана, 12 наурыз, Мәжіліс Үйі.

Бүгін, Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов Словакия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петер Юзамен кездесті.

Тараптар кездесу барысында екіжақты саяси және экономикалық саладағы қатынастардың болашағын талқылады және де екі мемлекет арасындағы сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты жандандыра түсу қажеттігін атап өтті.

Қуаныш Сұлтанов еліміздің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар жайында, Еуразия экономикалық одағы жағдайында қазақстандық рыноктың басымдығы, ҚР инвестициялық ахуал қалыптастыру шаралары жөнінде, сонымен бірге ұлтаралық және конфессияаралық келісімдерді нығайтудың мемлекеттік шаралары жайында айтып берді.

Өз кезегінде Словакиялық дипломат аймақтық және ғаламдық мәселелерді шешу, әсіресе, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі, ізгілік жолы мен тұрақты даму жолындағы Қазақстанның қосып отырған үлесіне тоқталды.

П.Юза Орталық Азиядағы тұрақтылық факторындағы Қазақстанның роліне жоғары баға берді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі