Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
06.04.2015

ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТІ – ТМД ПА – «ЕСКЕ АЛУ ЭСТАФЕТАСЫ»


ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТІ – ТМД ПА  –   

«ЕСКЕ АЛУ ЭСТАФЕТАСЫ»

 

Астана. 6-сәуір. Мәжіліс үйі. 

Бүгін ҚР Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттары Астана қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізген Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Еске алу эстафетасы» халықаралық акциясына қатысты.  

Ресей Федерациясы Федерация Кеңесінің спикері   Валентина Матвиенконың патронаттығымен өтіп жатқан ТМД ПАА халықаралық акциясы 11-наурызда Минск қаласында басталған. Одан әрі Бакуде жалғасып, Кишинев, Ереван, Бішкекте,  Душанбеде, Мәскеуде салтанатты түрде алау отын жақты. Сол тарихи, дәстүрлі  эстафета Қазақстанның елордасына да келіп жетті.  

Астанадағы «Еске алу эстафетасы» ТМД-на қатысушы-мемлекеттер парламентшілері «Отан қорғаушылар» Монументіне гүл шоқтарын қою салтанатынан басталды. ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко ТМД ПАА делегациясы өкілдері, Ұлы Отан Соғысының және тыл ардагерлері мен Астана қаласының әскери-патриоттық жұмыстармен айналысатын жастар ұйымдары мүшелерінің алдында сөз сөйледі.

Мәжіліс вице-спикері С.Дьяченко өз сөзінде: «Жеңіс күні – ТМД елдері үшін қасиетті мереке. Бұл ұлы күн әрбір қазақстандықтың жүрегінен ерекше орын  алып отыр. Сондықтан біз бүгін ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Еске алу эстафетасы» халықаралық акциясын құшақ жая қарсы алудамыз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тылда еңбек еткендерге айырықша ықыласпен әлеуметтік, материалдық және медициналық көмек көрсетілгеніне назар аударады. «Бірде-бір ардагер мемлекет назарынан тыс қалмауы керек»,- деп атап отырады.

Ұлы Жеңіс Меркесі – біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ортақ жауға қарсы топтасып, батырлық пен бірлік көрсеткен ұлы ерлігін еске алу күні. Біздің ардагерлер шынайы патриоттықтың өнегесін көрсетті. Біздің ендігі мақсатымыз олардың сол ерліктерін үлгі ете отырып жас ұрпақты тәрбиелеу.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан келген делегация мүшелерін осынау акцияны бастап келгендері үшін алғысымды білдіремін.

Біздің ортақ тарихымызды еске ала отырып біз ТМД мүше елдер арасындағы сенім мен достық қатынастарымызды бекіте түсетінімізге сенімдімін»,- деді.

 

Санкт-Петербор қаласы Мәңгілік алауының арнайы капсуласына  Астана қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументінен салтанатты түрде Мәңгілік алау отынан тұтатып, эстафетаны жалғастырып  алып кетті.

Акция 16-сәуірде Санкт-Петерборда өз мәресіне жетеді. ТМД ПАА қатысушы-мемлекеттер парламентшілері Таврический сарайында жалын бөлшектерін салтанатты түрде бірыңғай Достастық алауына біріктіріп, «Ленинградты ерлікпен қорғаушылар монументі» - Санкт – Петербор мемлекеттік тарихи мұражайы филиалына табыс етіледі.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Суретті түсірген  М.Холдорбеков. www.parlam.kz` Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі