Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
19.05.2015

ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГІ ЖӨНІНДЕГІ ФЕДЕРАЛДЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ


ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГІ ЖӨНІНДЕГІ ФЕДЕРАЛДЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

 

                Астана, 19 мамыр. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Ресей Федерациясының Қаржылық мониторингі жөніндегі федералды қызметінің басшысы Ю. Чиханчинді қабылдады.

         Қ. Жақыпов Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі екенін сөз ете келіп, екі ел басшылары келісімдерінің арқасында ынтымақтастықтың жыл сайын қарқын алып келе жатқанын атап өтті.  

         Өз кезегінде Ю. Чиханчин екі ел  әріптестегінің болашағы зор екенін, Қазақстан Президенті ұсынған 5 институционалды реформаның біздің еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы нақты қадамдардың бірі екенін атап өтті.  

         Қ. Жақыпов пен Ю. Чиханчин қос мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша көңіл бөліп, осы саладағы нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.           

Мәжіліс Төрағасының атап өткеніндей, Қазақстанда 2009 жылдан «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қыржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заң қолданысқа енгізілген.

Қазіргі уақытта Мәжілісте осы заңға түзетулер енгізуді көздейтін, сондай-мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауға қатысты заң жобаларымен жұмыс жалғасуда.

Сондықтан, тараптар өзара тәжірибе алмасып, осы бағытта сапалы заң жобаларын дайындауға ерекше назар аударатын болады.

Кездесуге сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова қатысты.

 

 (Зәмеш Кеңесқызы - 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз  қызметі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі)

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі