ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ ЛИТВАНЫҢ
ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Астана, 19 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Литва Премьер-министрі Алгирдас Буткявичус қазақстандық-литвалық, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Тараптардың пікірінше, Қазақстан мен Литва бір-біріне Орталық Азиядағы маңызды саяси және экономикалық әріптес болып табылады.
Екі ел арасындағы тауар айналымы 2014 жылы 430 млн АҚШ долларын құраған.
Мәжіліс Спикерінің сөзінше, Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, ҮИИДБ, сондай-ақ, қолайлы инвестициялық климат өзара іс-қимылды күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Литва премьер-министрі Алгирдас Буткявичус Қазақстан халқын қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сынды айтулы даталармен құттықтай келіп, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне назар аударып, Литваның көрме тақырыбына қатысты қызығушылығын білдірді.
Ал, парламентаралық қарым-қатынас жайын сөз еткенде, Қабиболла Жақыпов пен Алгирдас Буткявичус Мәжіліс пен Сейм арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топтар жұмысына тоқталды.
Кездесу иелерінің айтуынша, парламентаралық өзара іс-қимыл – екі ел әріптестігінің маңызды құрамдас бөлігі.
(Зәмеш Кеңесқызы - 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі