Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
13.07.2016

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ, ӨНІМ САПАСЫ, БАЛАЛАР ДЕМАЛЫСЫ ДЕПУТАТТЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА


                АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ, ӨНІМ САПАСЫ, БАЛАЛАР ДЕМАЛЫСЫ ДЕПУТАТТЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

 

Астана, 13 шілде, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс Депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі З.Балиева Алматы облысына жасаған  іс-сапарында «Керуен+» пластмасса бұйымдарын өндіру зауытына барды, мектептер құрылысының барысымен танысты, сондай-ақ, балалардың жазғы демалыс лагерлеріне ат басын бұрды.

Халық қалаулысы кәсіпорын шығаратын балаларға арналған тауарлардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударды.

З.Балиева құрылыс алаңдарында «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептердің сапасы мен оларды уақтылы пайдалануға беру мәселелеріне қызығушылық танытты.

Мәжіліс Депутаты балалардың жазғы демалыс лагерлерінде болып, ондағы демалыстың жақсы ұйымдастырылып жатқанын атап өтті.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі, «ҚазАқпарат» АА-нің ақпараты негізінде, фото «ҚазАқпарат» АА-гі)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі