Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
07.09.2016

Жаңа нормалар Мәжіліс жұмысының ашықтығын, жариялылығын көрсетеді.


Астана, 7 қыркүйек, Мәжіліс үйі Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен екінші сессияның алғашқы жалпы отырысында Палата қолданыстағы Регламентті жаңа нормалармен толықтырды.

Жаңа толықтырулар қатарында жарыссөз тоқтатылған кезде саяси партия фракциясының, депутаттық топтың атынан депутаттық бірлестіктер мүшелеріне сөз сөйлеуді талап етіп сұраған жағдайда депутаттық бірлестіктің атынан міндетті түрде сөз беру көзделген.

Жаңа енгізілімдер заң шығармашылық қызметінде депутаттар мен депутаттық бірлестіктердің рөлін күшейтуге бағытталған.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі