Астана, 7 қыркүйек. Мәжіліс Үйі.
Бейсенбі, 8 қыркүйек күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үкіметтік заң жобасының таныстырылымы болады.
Заң жобасына енгізілетін түзетулер қару-жарақтың заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және есірткі бизнесі саласындағы қылмыстар бойынша балама тергеуді енгізуге, қару-жарақ айналымына, оны сақтау тәртібіне бақылауды күшейту, оның ішінде азаматтық және қызметтік қару-жарақ пен оқ-дәрілердің айналымы саласында жұмыс істейтін, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін жүзеге асыруға бағытталған.
Құжаттың тұсаукесері Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің шеңберінде қарастырылады.Жұмыс тобы бойынша жетекші депутат Жанат Жарасов.
Депутаттар алдында ҰҚК Төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов баяндама жасайды.
Заң жобасының таныстырылымы:
Сағат 11:00-де, №А-235 (Конференц-залда), екінші қабат.
(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі