Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
08.09.2016

Мәжіліс депутаттары мен қоғамдық өкілдерге экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасы таныстырылды


Астана, 8 қыркүйек. Мәжіліс Үйі.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге  қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үкіметтік заң жобасының таныстырылымы басталды.

Заң жобасының таныстырылымында  депутаттармен және заң жасаушылармен бірге Парламентке енбеген «Бірлік», «Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының» (ЖСДП) және «Ауыл» партияларының өкілдері, белгілі құқыққорғаушы және саясаткерлер Жеміс Тұрмағанбетова, Евгений Жовтис, Досым Сәтпаев, Зәуреш Батталова, тағы басқа бірқатар сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысып отыр.

Заңының жобасы 2016 жылғы 10 маусымда өткен  Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі отырысында Елбасы берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген.

Заң жобасына енгізілетін түзетулер қару-жарақтың заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және есірткі бизнесі саласындағы қылмыстар бойынша балама тергеуді енгізуге, қару-жарақ айналымына, оны сақтау тәртібіне бақылауды күшейту, оның ішінде азаматтық және қызметтік қару-жарақ пен оқ-дәрілердің айналымы саласында жұмыс істейтін, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыратын  кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін жүзеге асыруға бағытталған.

Сонымен қатарқұжаттаэкстремизм мен терроризмге ықпал ететін діни топтар мен бірлестіктердің іс-әрекеттеріне тыйым салу да қарастырылған.

 

Енгізілетін жаңалықтар бойынша ҰҚК Төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев  баяндама жасады.

 

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі