Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
14.09.2016

МӘЖІЛІСТЕ БЮДЖЕТТІК ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ


Астана, 14 қыркүйек. Мәжіліс Үйі.

Бейсенбі, 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің конференц залында (А-235) Қазақстан Республикасының Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және  «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары бойынша таныстырылым өткізеді.

Жұмыс тобының жетекшісі – Оксикбаев Омархан Нұртайұлы.

Депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі – Қуандық Бишимбаев пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрі - Бахыт Сұлтанов баяндама жасайды.

 

Тұсаукесер Мәжіліс ғимаратында сағат 11-00-де, 2 қабаттағы Конференц-залда өтеді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі