Астана, 21 қыркүйек, Мәжіліс үйі. 22 қыркүйекте, Бейсенбі күні, ҚР Парламенті Мәжілісі «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізеді.
Отырыс жұмысына Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, ҰҚК Төрағасының орынбасары Н.Білісбеков, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қоғамдық және діни қайраткерлер, саясаттанушылар мен сарапшылар қатысады.
Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-шаралар барысы, сондай-ақ Мәжіліс қарауына енгізілген заннамалық түзетулерді талқылау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру мәселесі де басты назарда болмақ.
Дөңгелек үстел жұмысы сағат 10-00-де«RIXOS» қонақ үйінде басталады ( «Жерұйық» залы).
БАҚ өкілдерін тіркеу - 74-63-05, 74-68-44 байланыс номірлері арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі