Астана, 13 қазан.
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясының жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болды.
Басқосу «Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру барысы туралы» атты тақырыпты талдады. Оның жұмысын Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің төрағасы, Мәжілістің Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев жүргізді.
Шараға «Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова, Мәжіліс депутаттары, министрліктер мен ұлттық компаниялардың және бірқатар жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында Инвестиция және даму министрінің орынбасары Алберт Рау, Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков, Білім және ғылым министрінің орынбасары Б.Асылова, «НҰХ «Бәйтерек» АҚ басқарма басшысының орынбасары Л.Ибрагимова, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Х.Валиев, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры Т.Есполов, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ректоры А.Күрішбаев, Мәжіліс депутаты С.Ахметов баяндама жасады.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ұсыным қабылданды.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі