Астана, 19 қазан. Мәжіліс Үйі.
Теңтөрағалар Мейрам Пшембаев пен Рихард Шенцтің қатысуымен Австрияның Линц қаласында Жоғарғы Австрияның Hessen Platz Экономикалық Палатасының қазақстан-австрия Іскерлік Кеңесі өтіп жатыр.
Шара жұмысына машинақұрылысы, тамақ өнеркәсібі, мұнай мен газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қаржы және инвестиция, туризм салаларының қазақстандық және австриялық компанияларының өкілдері қатысуда.
Іскерлік Кеңес отырысында Жоғарғы Австрия Федералдық жері мен Павлодар облысы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Келісімге қол қойылды.
Сапар барысында қазақстандық іскерлер делегациясы австриялық іскерліктің сыртқа шығару мүмкіндіктері мен қазақстандық индустрияның халықаралық қызметі туралы және қазақстандық сыртқа шығарудың мүмкіндіктері: электротехникалық және мұнай-газ бен басқа да машинақұрылысы өнімдері туралы ақпарат беретін көрмесін тамашалайды.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі