Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
20.10.2016

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БІР ТОП СОҒЫС ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРІ МӘЖІЛІСКЕ КЕЛДІ


Астана, 20 қазан.Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қостанай облысының бір топ соғыс және еңбек ардагері Астана қаласына келді.

Бүгін ардагерлер Парламентте болып оларды халық қалаулылары Серік Бектұрғанов, Жеңіс Нұрғалиев, Ирина Аронова, Иван Клименко және Әлия Сапарова қарсы алды.

Парламентшілер оларға Палатаның заң шығару жұмысы жайында айтып беріп, парламенттік залдарды көрсетті.

Экскурсиядан кейін ардагерлер естелік суретке түсіп, парламенттік кәдесыйларға ие болды.

Осы күні қостанайлықтар Отан-Ана ескерткішіне гүл қойып, Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің мұражайын тамашалап, Бәйтерекке шығып, басқа да астананың көрікті жерлерінде болмақшы.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі