Астана, 21 қазан. Мәжіліс Үйі.
Дүйсенбі, 24 қазанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің А-309 кабинетінде «Нұр Отан» Партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша сараптау тобының «Кәсіптік – техникалық білім» шағын тобының «Баршаға арналған ақысыз техникалық және кәсіптік оқу, дуалды оқытуды енгізу» жобасы туралы тақырыбындағы отырысы өткізіледі.
Модераторы Мәжіліс депутаты, топ жетекшісі Бақытгүл Хаменова.
Бағдарламадағы басты тақырып – баршаға арналған ақысыз техникалық және кәсіптік оқу, дуалды оқытуды енгізу.
Негізгі баяндаманы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сухбанбердиеваның жасайтыны күтілуде.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі