Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
24.10.2016

Мәжілісте «Баршаға арналған ақысыз техникалық және кәсіптік оқу, дуалды оқытуды енгізу» тақырыбы талқыланды


Астана, 24 қазан. Мәжіліс Үйі.

 

Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» Партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша  сараптау тобының «Кәсіптік – техникалық білім» шағын тобының «Баршаға арналған ақысыз техникалық және кәсіптік оқу, дуалды оқытуды енгізу» жобасы туралы тақырыбындағы отырысы өткізілді.

Модераторы Мәжіліс депутаты, топ жетекшісі Бақытгүл Хаменова.

Бағдарламадағы басты тақырып – баршаға арналған ақысыз техникалық және кәсіптік оқу, дуалды оқытуды енгізу.

Аталған шараға Мәжіліс депутаттары, сараптау тобының мүшелері, жергілікті атқару органдары мен өкілетті мемлекеттік органдар және үкіметтік емес сектор өкілдері қатысты.

Қаралып отырған мәселе бойынша Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева баяндама жасады.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша елімізде 807 колледж жұмыс істейді, оның ішінде, 345 (43%) жеке колледжер, оларда 499,5 мың адам оқиды, оның ішінде  мемлекеттік тапсырыс бойынша 242,3 мың (48,5%) оқиды. Оқыту 183 мамандық бойынша жүргізіледі.

Жалпы оқитындар арасынан 19,6 % (аз бөлігі) жұмыс мамандықтары бойынша ақысыз негізде оқиды.

Жыл сайын орташа есеппен мамандығы жоқ 21,5 адам жұмысқа орналасады, ал 4,8 мың адам жұмыссыз ретінде қаладыү

Техникалық және кәсіпьік білім беру ұйымдары үшін ақысыз бірінші жұмыс біліктілігін берудің жаңа моделі әзірленген. Бұл моделдің негізгі ерекшелігі орта буындағы студенттер мамандық алу кезінде жұмыс біліктілігін ақысыз негізде алады.

Дуалды оқыту 409 колледжде (2013 жылы 176 колледжде, 2014 жылы – 280 колледжде, 2015 жылы -348 колледжде) басымды 10 саладағы мұнайгаз, химия, металлургия, ауыл шаруашылығы, энергетика, және құрылыс саласындағы 86 мамандық және 160 біліктілік бойынша 26524 студетті қамти отырып, 2269 кәсіпорынның қатысуымен енгізілуде.

Дуалды оқыту талдауы 2016 жылы дуалды оқыту жүйесін енгізетін колледждер саны 61 бірлікке артқанын  көрсетті. Дуалды оқыту жүейсіне тартылған колледждер мен кәсіпорындар санының артуы студенттерге өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріп,  нәтижесінде өндірістік тәжірибеден өткендер саны  60% дейін артты.

Отырыс барысында еліміздегі ақысыз техникалық және кәсіптік білім беру және дуалды оқытуды дамыту жан-жақты қарастырылып, тараптардың пікірлері тыңдалды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша өкілетті мемлекеттік органдарға білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты әрі қарай жетілдіру  бойынша ұсыным қабылданды.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі