Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
28.10.2016

Жастар Ақпараттық қызметі Қоғамдық қоры жастар ұйымының көшбасшылары Мәжіліс депутаттарымен кездесті


Астана, 28 қазан. Мәжіліс Үйі.

Қазақстанның Жастар Ақпараттық қызметі Қоғамдық қоры жастар ұйымының бір топ көшбасшыларының Мәжіліс депутаттарымен  кездесуі болды.

Қазақстанның Жастар Ақпараттық қызметі Қоғамдық қоры жастар ұйымының 20 көшбасшысын  Парламент жұмысымен таныстырып, ғимаратты аралатты. Мәжіліс басшылығынан қолдау тауып аталған шара бойынша халық қалаулыларымен жүздестірілді.

Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұротан», Қазақстан халқы Ассамблеясы, Халық коммунистері партиялары фракциясының мүшелері, депуттар Жұмаділдаева Н.В, А.К, Сапарова А.С, Микаэлян Н.Г, Сыздықовт Т.Ы. қатысты.

Басқосуды Қазақстан Халық Ассамблеясының өкілі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, депутат Наталья Жұмаділдаева жүргізді.  Модератор жастарға Қазақстан Парламентаризмінің тарихы мен Мәжілістің бүгінгі атқарып отырған жұмыстары жайында айтып берді. Аталған партия өкілдері өз жұмыс бағыттары мен жоспарларын ортаға салып, жастарға әңгімелеп берді.

Жастар мен депутаттар арасында сұрақ-жауап болды.

Халық қалаулылары мен жастар естелік үшін суретке түсіп, ғимарат бойынша экскурсия жасалды.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі