Астана, 31 қазан,Мәжіліс Үйі.
Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қоғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы Өкілдігінің директоры Томас Хельммен кездесті.
Тараптар қазақстан-герман қарым-қатынасындағы мәселелерге көзқарастарын білдіріп пікір алмасты. Олар екі ел арасындағы ынтымақтастың түрлі салаларда өркендеуіне, әсіресе, парламентаралық байланыстарға мүделілік танытты.
М.Әшімбаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы Өкілдігімен қатынастардың маңызына тоқталып, Қазақстан-Германия арасындағы саяси-қоғамдық, ғылыми ортаның үнқатысу алаңының тиімділігіне баға берді.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі