Астана, 1 қараша,Мәжіліс Үйі.
Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қоғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Хасан Кашкавимен кездесті.
Тараптар екіжақтың саяси, сауда-экономикалық, инвестиция, парламентаралық және мәдени-ізгілікті байланыстары жайында және де аймақтар мен әлемдегі жағдайлар жайында пікір алмасты.
Парламентші Қазақстан аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауда Иранның айырықша орын алатынын атап өтті. Бүгінгі терроризм мен діни экстремизм және наша тасымалы мәселелерінің қауіп-қатері жайына да тоқталды.
Екі жақ та мемлекеттердің заң шығарушы органдары арасындағы белсенді ынтымақтастық байланыстар жайында ой бөлісті. Депутат пен дипломат әртүрлі деңгейдегі ресми сапарлар, түрлі іс-шараларға қатысу, аймақтық және парламентаралық мәселелер жөніндегі өзекті мәселелер бойынша ақтарыла пікір алмасу байланыстарды бекіте түсетініне сенімділік танытты.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі