Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
01.11.2016

Мәжілістің комитеті Алматыда көшпелі отырыс өткізді


Астана, 1 қараша, Мәжіліс Үй.

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында  Мәжілістің вице-спикері Г.Исимбаевның басшылығында  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына Мәжіліс депутаттарының берген түзетулерін қарастырылуы бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысы өткізілді.

Енгізіліп отырған түзетулер бірқатар мәселелерге бағытталған, атап айтқанда, бұл авторларды қолдау, қоғамдық маңызы бар әдебиеттер шығару және осы туындыларды әрбір мемлекеттік кітапханаға жеткізу; сондай-ақ мемлекеттік сатып алу тетігін жетілдіру; театрлардың, кітапханалардың және өзге де мәдениет ұйымдарының қызметі үшін жағдайларды жетілдіру және басқа да мәселелер қамтылды.

Отырыс жұмысына Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, әділет, қаржы, білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет қайраткерлері, шығармашылық одақтарының және мемлекеттік мәдениет ұйымдарының басшылары, Парламентке кірмеген саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Заң жобасы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің заң қызметі шеңберінде қаралады.

Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жетекшілік етеді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі