Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
02.11.2016

Мәжіліс төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қатысты заң жобасын мақұлдады


Астана. 2-қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті.

Отырыс барысында депутаттар біздің елімізде атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Келісімге сәйкес Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік(АЭХА) Қазақстанда аталған агенттікке тиесілі төмен байытылған уран банкін құрады.

Осыған орай, агенттік өмен байытылған уранды сатып алу, жеткізу, ұстау жөніндегі, уранның импорты мен экспортына байланысты, агенттік босатылмайтын салықтарды, алымдарды және баждарды төлеу жөніндегі және агенттік міндеттемелерін орындауға байланысты өзге де шығыстарды көтереді.

Ал, біздің еліміз электрмен жабдықтау, жылыту, қажетті  қызметтік үй-жайларға ақы төлеу және Қазақстан беретін персоналға жұмсалатын, уранды тікелей сақтауға байланысты, мүлікті, оның ішінде АЭХА-ның мүлкін әкетуді және кәдеге жаратуды қоса алғанда, Қазақстанның өтініші бойынша  АЭХА ТБУ банкін Қазақстан шегінде орын ауыстырумен байланысты, оған қатысты кепілдіктерді қолдану бойынша Қазақстанның міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстарды өз мойнына алатын болады.  

Осы күні Палата сонымен қатар жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңның қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы 2016 жылғы 30 маусымдағы Заңға өзгерістер енгізуге байланысты Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады.

Сонымен бірге, Мәжіліс қарсы барлау қызметі, пробация, сондай-ақ, дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы және оларға ілеспе заң жобаларын жұмысқа қабылдады.

 

 

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі