Астана, 10 қараша.Мәжіліс Үйі.
Бүгін «Нұр Отан» партясы Фракциясының жетекшісі Г.И.Исимбаеваның қатысуымен «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Халықтың белсенді және еселі қартаюы мәселелері туралы» тақырыбындағы бірлескен отырысы болып өтті.
Қазақстандағы қартаю үрдісіне қатысты мәселелерді талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникация министрліктерінің, қазақстандық аға буын мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдардың, халықтың қартаюы, дұрыс тамақтану, егде жаста жиі кезедсетін ауруларды емдеу мәселелерін зерделейтін ғылыми мекемелері мен ғалымдар өкілдері қатысты.
Қарастырылатын сұрақтың өзектілігі әлемдегі ең жаһандық үрдістердің бірі – халықтың қартаюын сипаттайтын демографиялық іргелі құбылыстармен байланысты. Халықтың қартаюы экономикаға салмақты проблемалар алып келуі мүмкін, өйткені, егде жастағы адамдардың үлес салмағы өскен сайын еңбекке жарамды адамдарға демографиялық салмақ артатынды.
Дүние жүзінде мемлекеттерді халқының қартаюы санатына жатқызудың көрсеткіш шегі жалпы халықтың 7 пайызыдық үлесі жасы 65 жастан асқандар болған жағдайда қабылданады.
Бірлескен отырысқа қатысушылар Қазақстанның аталған көрсеткіш деңгейіне жақындап қалғанын атап өтті. Статистика мәліметтеріне сәйкес (2015ж. көрсеткішке орай) елімізде 1 974 254 зейнет жасындағылар, бұл жалпы халық санының 11,3% құрайды. 65 жастан асқандың салыстырмалы салмағы тұрақты түрде өсуде, олар 2012 жылы 6,52%-ды құраса, 2015 жылы 6,78%-ға өсті. Сондықтан, Қазақстан егде жастағы адамдардың үдемелі өсуіне байланысты қартаң мемлекет болып табылады.
Қоғамның қартаюы – болмай қалмайтын түрдегі үрдіс. Қазақстан Республикасы үшін халықының аман-саулығы мен өмір сүру жасын ұзақтығы ең басты және қажетті мәселе болып табылады. Медицинаның, техникалық прогресстің дамуы «белсенді қартаю» жасының, яғни егде жастағы адамдардың белсенді және тиімді өмір сүрулерінің өсуіне жағдайлар жасайды сенімдеміз.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2016 жылы Астана қаласында өткен экономикалық форумда «Біздің басты қағидамыз - экономикалық прагтамизм, реформаларды кезең-кезеңмен іске асыру және халықтың әл-ауқаттарының өсуіне ерекше көңіл бөлу» екендігіне тоқталған болатын.
Бүгін тек қана гендерлік және жастар саясатына байланысты мәселелерді ғана емес, сонымен қатар, егде жасқа келгендердің мәселесін шешу қажет.
«Нұр Отан» партиясы Фракциясының Жетекшісі Г.И.Исимбаева атап өткендей «Ойдағыдай қартаю үшін, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай уақытылы медициналық тексерулерден өту, қалалар мен ауылды елді мекендерде тұратын егде жастағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім алу, қаржылық қызмет көрсету қызметтеріне қол жетімділік және оларды еңбек нарқында жұмыспен қамту сияқты шараларды қабылдау қажет».
Сонымен қата, Г.И.Исимбаева қартаю стандартарын анықтау тәсілдемесіне 2002 жылы Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген «active ageing» («белсенді қартау») жатадындығына және егде жастағы адамдардың өмір сүрулерін жақсарту мақсатында олардың қоғам өміріне қатысумен, әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз етумен және «денсаулықты сақтау үшін үйлесімді мүкіншіліктерді пайдаланумен» анықталатындығына тоқталды.
Отырыс барысында дербестендірілген медицина, денсаулық пен ұзақ белсенді өмір сүруді қамтамасыз ету үшін жаңа әдістемелерді қолдану, егде жастары адамдарға қолдау көрсету жөніндегі халықаралық тәжірибені қарау, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды. Депутаттар жастай салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері өздерінің жұмыс тәжірибелері, қоғамдағының белсенді және тиімді қартаюы саласында жоспарланған және іске асырылатын жобалары туралы айтып берді.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар:
Қартаю проблемасы жөніндегі Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспары және 2012 жылғы Веналық конвенцияға сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспарын» әзірлеп қабылдау;
аурудың алдын алуға және оларды ерте кезеңінде анықтауға көңіл бөле отырып диагностика жасауға тәртіппен қарауды енгізу және науқастарды жас шамаларына қарай біріктіріп емдеудің мәселелерін қарастыру;
егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын артыруға бағытталған өңірлік бағдарлама қабылдау, егде және қартаң жастағы адамдардың салауатты өмір сүрулерін ынталандыру, жұмыс берушілердің егде жастағы адамдарды белсенді жұмыс істеуге тарту, егде жастағы адамдар, балалар және жастар үшін бірлесіп іс-қимыл жасауды ұйымдастыру, қоғамдық маңызы бар іс-шараларға егде жастағы адамдарды тарту;
Қазақстан халқының мәдениеті, салт-дәстүрлері, жалпы халықтық және отбасылық құндылықтар негізінде қалыптастырылған ұрпақтар сабақтастығын насихаттау жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлар, роликтер орналастыру туралы ұсыныстар ұсынды.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі