Астана, 11 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті.
Алдағы жалпы отырыста халық қалаулылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялайтын заң жобасын қарайды деп күтілуде.
Келісім төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою саласындағы ТМД-ға қаьысушы мемлекеттердің құзыретті органдары ынтымақтастығының құқықтық негіздерін белгілеуге бағытталады.
Сонымен бірге, осы күні Палата экологиялық мәселелерге қатысты түзетулерге байланысты Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ.
(Зәмеш Кеңесқызы - 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі