Астана, 16 қараша, Мәжіліс үйі. Бейсенбі күні, 17 қарашада Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұсаукесері болады.
Заң жобасында Қазақстан Республикасының 5 кодексіне және 9 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Құжат жайында Ұлттық Экономика министрінің орынбасары Айдар Арифхановтың баяндама жасайтыны күтілуде.
Жарнама саласындағы заңнаманы талқылауға Ұлттық экономика вице-министрі, мүдделі мемлекеттік органдардың, Парламентке кірмеген саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және сарапшылар қатысады.
Тұсаукесер Мәжіліс үйінде сағат 11.00-де, № А-235 кабинетінде (конференц-зал, екінші қабат) өтеді.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі