Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
16.11.2016

Мәжіліс: Ұлттық «Made in Kazakhstan» брендін дамыту»


Астана, 16 қараша.Мәжіліс Үйі.

Ертең 17 қарашада сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Экономикалық саясат Кеңесінің отырысы «Өңдеу өнеркәсібін, экспортқа өнім шығару мүмкіншілігі бар кәсіпорындарды дамыту. Ұлттық  «Made in Kazakhstan» брендін дамыту» атты тақырыпта отырыс өткізеді. (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің конференц-залында).

 

Іс-шараға модератор – Экономикалық саясат Кеңесінің төрағасы, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев.

Отырысқа Қазақстан Республикасынын Парламент Мәжілісі депутаттары, министрліктер, ұлттық компаниялар, өңдеу өнеркәсібінінің, БАҚ-ң басшылары мен өкілдері қатысады.

Кеңес отырысында Қазақстан Республикасының инвестия және даму министрлігінің бірінші вице-министрі А.П. Раудың, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары- Л.Е. Ибрагимованың, «АТАМЕКЕН» Қазақтан Республикасының ұлтық кәсіпкерлер палатасының Төраға орынбасары Н.Б. Әлтаевтің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық саясат жөніндегі Кеңесінің  мүшесі  А.П. Шарапаевтің, «ҚазАГРО» Ұлттық Басқарушы Холдингінің Басқарма Төрағасы-Н.Т. Малеловтың, «Казақстанда жасалған» тауар өндірушілердің және кәсіпкерлердің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Төрағасы О.А. Құдайбергеновтың баяндамалары тыңдалады.

Кеңес отырысының жиыны бойынша ұсыныстар қалыптастырылады.

Шара барысында «Made in Kazakhstan» брендінің  тауарларына көрме ұйымдастырылады.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі