Астана, 17 қараша.Мәжіліс Үйі.
Қазақстан Республикасы Парламентінің ғимаратында «Өңдеу өнеркәсібін, экспортқа өнім шығару мүмкіншілігі бар кәсіпорындарды дамыту. Ұлттық «Made in Kazakhstan» брендін дамыту» атты тақырыпта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болды.
Іс-шараны Экономикалық саясат Кеңесінің төрағасы, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев жүргізді.
Қазақстанның Евразиялық экономикалық одақтың және Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болуы отандық тауарлардың әлемдегі сауда рынктарында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның өңдеу өнеркәсіптері қарқынды дамуда. Сонымен қатар, қара, түсті металлургия, химиялық және фармацевтикалық өндірістік секторлардың өзінде де өсу байқалуда. Қазіргі кезде Қазақстан дүниежүзінің 118 мемлекеттеріне өңдеу өнеркәсіптері шығаратын тауарлардың 800 түрін экспортқа шығарады.
Ал, машина жасау және құрылыс материалдарын шығару салаларындағы өндірісте бәсеңсу байқалады.
Проблемаларды талқылау барысында, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары экономиканың шикізаттық емес тауарлар шығару саласындағы іске қосылған және оларға тауарларды экспорттық шығару, экспортқа шығаруға дайындық жасауға несие беру арқылы қолданыстағы кәсіпорындарды қаржыландыру бизнес субъектілеріне қолдау көрсету шаралары шикізаттық емес тауарларды экспортқа шығару бөлігін арттыру бойынша мәселелерді кешенді шешуге жеткіліксіз және жетілдірмегендігін атап өтті.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қазақстанның сауда сөрелеріндегі тауарлардың басым бөлігі шетелдік тауарлардың үлесінде, ал отандық тауарларды сыртқы рынокқа шығару іс-шаралары тек қана шетелдерде ақпараттық-жарнамалық стендтер ілумен, көрмелер, сауда миссияларын өткізумен шектелуде.
Отырысқа Қазақстан Республикасынын Парламент Мәжілісі депутаттары, министрліктер, ұлттық компаниялар, өңдеу өнеркәсібінінің, БАҚ-ң басшылары мен өкілдері қатысады.
Кеңес отырысында Қазақстан Республикасының инвестия және даму министрлігінің вице-министрі Т.Тоқтабаев, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары- Л.Е. Ибрагимова, «АТАМЕКЕН» Қазақтан Республикасының ұлтық кәсіпкерлер палатасының Төраға орынбасары Т.Шотанова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық саясат жөніндегі Кеңесінің мүшесі А.П. Шарапаев, «ҚазАГРО» Ұлттық Басқарушы Холдингінің Басқарма Төрағасы-Н.Т. Малелов, «Казақстанда жасалған» тауар өндірушілердің және кәсіпкерлердің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Төрағасы О.А. Құдайбергенов баяндама жасады.
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы мен Фракция басшылықтары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктерінің, Ұлттық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, даму институттарының, өңдеу өндіріс кәсіпорындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшылар және өкілдері қатысты.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Шара барысында қатысушылар «Made in Kazakhstan» брендінің тауарларына ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі