Астана, 18 қараша, Мәжіліс Үйі. Дүйсенбі күні, қараша айының 21 жұлдызында, Мәжілістің жалпы отырыс залында «Үкімет сағаты» өтеді. Тақырыбы – «Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуы».
Баяндамашы – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
«Үкімет сағаты» шеңберінде Мәжілістің жалпы отырыс залының фойесінде көрме ұйымдастырылады.
Үкімет сағаты 21 қарашада сағат 15-00-де Мәжіліс Үйінде өтеді.
(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты. т.: 74-63-01.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі