Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
21.11.2016

Мәжіліс: Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуы- Үкімет сағаты


Астана, 21 қараша, Мәжіліс Үйі.

Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның жетекшілігінде  «Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуы»- деген тақырыппен Үкімет сағаты өтті.

- «Мәселенің өзектілігі «Қазақстан-2050" Стратегиясында да көрсетілген. Елбасы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының ХІ Форумында: «Мұнай мен газ - біздің негізгі табысымыз, біз - шикізат шығаратын елміз дегеннен қорықпауымыз керек, бұл шикізатты экспорттаймыз, оны сатып ақша табамыз және осы ақшаға қазіргі заманғы индустрияны жасаймыз»,- деп айтқан болатын.

Қазақстанның 2050 жылы әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуі бойынша қойылған мақсатқа жету көбіне қаралып отырған саланың табысты дамуына байланысты. Сондықтан, мұнай мен газды өндіру және экспорттау,  мұнай өңдеуші зауыттарды мұнаймен қамтудың көлемі, оларды еуропалық стандарттарға сәйкес тендіру,  мұнайды қайта өңдеу өндірістерін дамыту,  халықты көп алаңдатып отырған жанар-жағар май және газ саласындағы баға саясаты сияқты  және басқа да мәселелер біздің қоғамның және депутаттар корпусының жіті назарында тұр»,- деп бастады отырысты вице- спикер.

Үкімет сағатын жүргізу тәртібіне сәйкес негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жасады.

Сала бұрынғыдай ел экономикасының қозғаушы күші болып қалуда және ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) шамамен 20 пайызын қамтамасыз етеді. Осы салада шамамен 260 мың адам жұмыс істейді.

Халықаралық сарапшылардың болжамдары бойынша мұнайға әлемдік бағаның тепе-теңдігі тек 2017-2018 жылдары ғана баррельіне 60$ деңгейінде қалыптасады.

Республикада мұнай өндіру артатын болады. Теңгізшевройл осы жылы 26,5 млн. тонна өндіру жоспарлауда. Осылайша, 2017 жылы ол 80 млн.тонна деңгейінде болады, одан әрі 2030 Министрліктің ТШО мен қазақстандық мұнай сервистік компанияларымен жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша, болашақ кеңейту Жобасына жергілікті қамтудың төменгі бастапқы пайызы 32% немесе шамамен 12 млрд. АҚШ долл. көлемінде бекітілген, олар жергілікті компаниялардан сатып алуға бағытталатын болады. БКЖ бойынша жұмыстар басталды.

2016 ж. 28 қыркүйекте Қашаған кен орнында мұнай өндіру жаңартылды.

МӨЗ-дерді қайта құру мен жаңғырту жалғасуда.

Атырау МӨЗ-інің механикалық аяқталуы осы жылдың аяғында күтілуде. Негізгі жабдықтар орнатылды, іске қосушы реттеуші жұмыстар жүргізілуде.

Павлодар мұнай-химия зауытында және Шымкент зауытында (ПКОП) қайта құру мен жаңғыртудың механикалық аяқталу 2017 жылдың соңында жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің (АШТӨ) қажеттіліктеріне арзандатылған ЖЖМ-ны жеткізу бойынша міндеттемелер толығымен орындалуда.

Мұнай тасымалдау маршруттарын әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар экспорттың техникалық мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.

Республикамыздың аумағында шамамен 271 тарта мұнай кен орындары тіркелген. Соңғы 10 жылдағы жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде 50 тарта мұнай кен орындары ашылды.

Бүгінгі күні көмірсутегі шикізатын өндіру мен барлауға 211 келісім-шарт тіркелген.

Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесе «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексін әзірлеу жүргізілуде. Жаңа кодекс жер қойнауын пайдаланушыларға жеңілдетілген процедураларға бағытталған құқықты ұсынатын, геологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізуге мүмкіндік беріп және басқа да түзетулерді, мемлекеттік реттеудің адекватты деңгейін сақтай отыра инвестиция тартуды қамтамасыз етеді.

ҚР өндіріліп жатқан газдың 90% - мұнайдың ілеспе газы.

Сондықтан өндірілген мұнайдың ілеспе газының бөлігі (30 %) давленияны қолдау үшін пластқа қайтадан айдалады, шамамен 15 % жеке технологиялардың қажеттілігіне, электрэнергияны өндіруге, соның ішінде газды жағуға жұмсалады. 55% тәртібінде экспортқа және ішкі нарыққа шығарылады.

Мұнай-газ секторын дамытудың негізгі тенденциялары және перспективалары осындай»,- деді министр.

Экология және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Щегельский Глеб Анатольевичтің қосымша баяндамасынан кейін депутаттар сұрақ-жауап рәсіміне көшіп, тақырыпты талқылады.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары: «Бүгінгі үкімет сағатына дайындалған ұсынымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдарының назарын аударғым келеді.

Бірінші кезекте –ол:

        мұнай-газ саласындағы белсенді технологиялық саясат және мұнай алу коэффициентін жоғарылату жөніндегі жобаларды іске асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға арналған ынталандыру шараларын енгізу бойынша;  жоғары қосылған құнымен өнімді ала отырып, мұнайды терең қайта өңдеу бойынша; елді газдандыру, жергілікті қамту мәселелері бойынша;
        Мұнай мен газ, геология саласындағы қазақстандық мамандарды оқытудың, жұмысқа орналастырудың, олардың біліктілігін арттырудың нақты жүйесін жолға қою қажет. Біздің жастардың жер қойнауын пайдаланушылар есебінен білім алып, оларға қажет болмай қалуына жол беруге болмайды. 
Мұнай және жанар-жағармай материалдарының бағалары, бензиннің сапасы жөнінде депутаттардың ұсыныстарына Үкіметтің мұқият көңіл бөлуі тиіс деп санаймын.

Бұл мәселелер халықтың әлеуметтік жағдайына әсер ететіні сөзсіз.

Қазіргі уақытта «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» және біріктірілген Салық және Кеден кодекстері бір уақытта әзірленіп жатқаны бүгінгі депутаттардың көптеген ұсыныстарын іске асыру үшін бірегей мүмкіндік беретінін атап айтқым                                                                                                                келеді.
        Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы билік органдар депутаттар айтқан ұсыныстарды дұрыс қабылдап, қажетті қорытынды жасайды және тиісті шаралар қолданады деп үміттенеміз»,- деп қорытты отырысты.

 

Үкімет сағатының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

 

«Үкімет сағаты» шеңберінде Мәжілістің жалпы отырыс залының фойесінде көрме ұйымдастырылды.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі