Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
23.11.2016

Мәжіліс: дене шынықтыру және спорт мәселелеріне түзетулер


Астана, 23 қараша. Мәжіліс Үйі.

Ертең, 24 қараша күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болады. (11-00-де Конференц-зал)

Отырысты Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев жүргізіп, заң жобасына енгізілетін жаңалықтармен Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков таныстыратын болады.

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген.

Тұсаукесерге Парламентке өтпеген: «Ауыл», «Бірлік», «ЖСДП» партиялардың және Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Алматы, Астана қалаларының дене шынықтыру және спорт басқармаларының өкілдері шақырылды.

Құрметті меймандар қатарында жүзуден «РИО-2016» XV Паралимпиялық ойындар чемпионы Зүлфия Ғабдулина да бар.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Самұрық-Қазына» әлеуметтік ұлттық қорының, таэквондо федерациясы, гимнастика, т.б. дене шынықтыру және спортқа қатысы бар мекемелердің өкілдері де шақырылды.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Наталья Жұмаділдаева.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі