Астана. 25 қараша, Мәжіліс Үйі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күні, сондай-ақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Астанада «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі» атты халықаралық конференция өтеді.
Конференция жұмысына қазақтандық және Ресейдің, Түркияның, Финляндияның басқа да бірқатар елдердің Парламент депутаттары, мүдделі министрлік өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысады.
Маңызды жиында Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулин сөз сөйлейді деп күтілуде.
Конференция үш сессияны қамтиды. Шарада Қазақстандағы экономикалық және саяси реформалардың негізгі нәтижелерін, мемлекеттің әлемдік саясаттағы орнын, сондай-ақ, әлеуметтік және экономикалық салалардағы, ішкі және сыртқы саясаттағы ел дамуына әсер ете алатын ауқымды сұрақтарды талқылау көзделген.
Конференция барысында Қауіпсіздік пен даму мәселелерін зерттеу институты (ISDP, Стокгольм) мен Джонс Хопкинс Университетінің Орталық Азия және Кавказ жөніндегі Институтының (CACI, Вашингтон) аға сарапшыларының «Қазақстан 2041: Келесі 25 жылға арналған сценарийлер» (Kazakhstan 2041: Scenarios for the Next 25 Years) тақырыбындағы бірлескен баяндамасын ұсынулары жоспарланған.
Конференция «Rixos President Astana» қонақүйінің Жерұйық залында, 28-қарашада, сағат 10-00-де басталады.
(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі