Астана, 28 қараша. Мәжіліс Үйі.
Ертең, 29 қараша күні Мәжілісте «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
(сағат 11-00-де. Конференц-зал)
Шара барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров бастап, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев тақырып бойынша баяндама жасайтын болады.
Александр Петрович Бербер – «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілері республикалық қауымдастығының бас директоры «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы кейбір заңнамалық проблемалар»,
Мэлс Хамзаұлы Елеусізов – «Табиғат» Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындары экологиялық одағының президенті «Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау маңыздылығы туралы»,
Талғат Сейітұлы Кертешев – БҰҰ Даму бағдарламасының биоәртүрлілік және экожүйелер саласындағы жобалар менеджері «Халықаралық тәжірибе негізінде жануарлар дүниесін орнықты басқару», т.б.әртүрлі тақырыптарда сөз сөйлейтіні күтілуде.
Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі – Роман Ухенович Ким – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.
(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі