Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
29.11.2016

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға арналған дөңгелек үстел өтті


Астана, 29 қараша. Мәжіліс Үйі.

Мәжілісте Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың жетекшілігінде  «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болды.

                Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің екінші сессиясына арналған жұмыс жоспарына сайкес өткен  іс-шараның мақсаты -  флора мен фаунаны сақтау, сондай-ақ оларды қорғау, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдалану бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру болып табылады.

Қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін және адам әсерін азайту мақсатында өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын орнықты пайдалану, оларды қорғау және өсiмiн молайту үшін кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет»,- деген комитет төрағасы.

Аталған құжат бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев баяндама жасады.

Министрдің орынбасарының  айтуынша: Балық шаруашылығын дамыту саласында:

Қазақстанда 2010 жылдан бастап бекіре тұқымдас балықтарды кәсіпшілік аулауға тыйым салынған. Бұдан басқа, осы жылы Министрлікпен ғылыми мақсатта бекіре балықтарды аулауға тыйым салынды. Бұл ретте атап кету қажет, осы іс-әрекет балық шаруашылығы ғылыми ұйымдары үшін кері әсер етпейді, өйткені біз бекіре тұқымдас балықтарды өзінің табиғи ортасынан алмай оларға бақылау жүргізіледі. Ағымдағы жылдың соңына жоспарланған Комиссияның 1-ші отырысы кезінде бекіре тұқымдас балықтарды кәсіпшілік аулауға моратория енгізу бойынша бір құжатты қабылдау болжануда.

Республикада осыған қоса, басқа бағалы балық түрлерінің  өсімін молайту жұмыстары да жүргізілуде. Жыл сайын мемлекеттік балық өсіру кәсіпорныдармен су айдындарға 168,4 млн. дана  жасанды өсірілген  бағалы балық түрлерінің шабақтары жіберіледі.  

Орман шаруашылығын дамыту саласында: Қазақстан орманы аз мемлекеттерге жатады. Ормандармен оның тек 4,6 пайызы көмкерілген. Республика аумағында ормандарды молықтыру соңғы 10 жылда 2005 жылы 31 мың гектрадан ағымдағы жылы 55 мың гектарға дейін ұлғайды.

Елді мекендер айналасында жасыл аймақтарды құру мен көгалдандыру шаралары жүргізілуде. Мәселен, 1998 бен 2016 жылдар аралығында Астана қаласы айналасында 75 мың га аумақта орман дақылдары құрылды.

Сонымен қатар облыс әкімдіктерімен бекітілген жоспарларға сәйкес облыс орталықтары айналасында жасыл аймақтар құру мен елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жанаурлар дүниесі және аңшылық шаруашылығын дамыту саласында: Жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтау және олардың санын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда киіктердің үш популяциясы бар олар: орал, үстірт және бетпақдала. 

Қазақстанда соңғы 100 жылда киіктердің саны ХХ ғасырдың басында 5-10 мың дарақта өзгеріп отырды, ал ХХ ғасырдың  70 жылдары 2 млн. дараққа дейін және 2003 жылдары 21 мың дараққа саны төмен түсті. Киіктер санына бірден-бір әсер ететін фактор пастереллез жұқпалы аурулары болып табылады. Өкінішке орай соңғы жылдары киіктердің жаппай қырылуы тіркелген болатын.

Браконьерлікпен күресу бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан киіктерді ату жағдайлары қысқаратын емес. 2010-2016 жылдары ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бағынысындағы бөлімшелер мен ҚР ІІМ бірлесіп киіктердің таралымы ареалында 318 ату фактісі және киіктердің мүйіздерін сату және сатып алу тіркелген.

Қазақстанда аңшылық объектілері ретінде 93 жануарлардың түрі бар,  оның ішінде 34 түр сүтқоректілер және 59 құс түрі. Бірегей Қазақстан фаунасын сақтау жыл сайын үлкен маңыздылық мәселе болып отыр.

Шара барысында Александр Петрович Бербер – «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілері республикалық қауымдастығының бас директоры «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы кейбір заңнамалық проблемалар», Мэлс Хамзаұлы Елеусізов – «Табиғат» Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындары экологиялық одағының президенті «Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау маңыздылығы туралы», Талғат Сейітұлы Кертешев – БҰҰ Даму бағдарламасының биоәртүрлілік және экожүйелер саласындағы жобалар менеджері «Халықаралық тәжірибе негізінде жануарлар дүниесін орнықты басқару», т.б.әртүрлі  тақырыптарда сөз сөйледі.

Отырысты заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі –  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Роман Ким қорытты.

Отырысқа Парламент депутаттары,уәкілетті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, үкіметтік емес секторлар өкілдері, оның ішінде: «Табиғат» Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындары; «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілері; «Қазақстан биологиялық әртүрлілікті сақтау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі; «Қазақстан биологиялық әртүрлілікті сақтау қоры»; «Қазақстан Республикасының спорттық балық аулау федерациясы» қоғамдық бірлестігі; «Тазы - Төбет - Бөрібасар» федерациясы; «Қазақ балық шаруашылығы» балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері; «Қазақстан Республикасының аңшылар мен балық аулаушылар қоғамдарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігі және облыстық аңшылар мен балық аулаушылардың облыстық қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, бүгінгі отырысқа ғылыми орталықтардың, атап айтқанда: Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты; Зоология институты; Экология және орнықты даму институты; Қазақ ұлттық аграрлық университетінің өкілдері де болды.

 

Жалпы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау және қалпына келтіруде түрлі халықаралық ұйымдар жұмыс жасап жатыр және бүгінгі отырысқа да олардың өкілдері қатысты.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі