Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
29.11.2016

Қазақстан мен латвиялық парламентшілер ынтымақтастықты арттыра түспекші


 

                Астана, 29 қараша. Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі» атты халықаралық конференцияға келген Латвия Республикасы Саэймінің Халықаралық істер комитетінің Төрағасы Оярс Калниньшпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Латвияның өзара қарым-қатынасының көпжақты форматын талдады.

Екі ел арасындағы саяси үнқатысудың деңгейін бағамдап, келешегіне сенім білдірді.

Ынтымақтастықтың болашақ бағыттарында сауда-экономикалық, туристік сала, білім саласы аталды. Сонымен бірге еліміздің тасымал келешегін пайдалану жайына да тараптар мүдделлік танытты.

Екі ел Парламенттері аралық қарым-қатынасқа да айырықша назар аударылды.

               

***

                 

Осы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты  Шавқат Өтемісов те  Латвия Республикасы Саэймінің ынтымақтастық тобының жетекшісі  Латвия Республикасы Саэймінің Халықаралық істер комитетінің Төрағасы Оярс Калниньшпен жүздесті.

Бұл екі жақты кездесуде әріптестер Қазақстан мен Латвия арасындағы аграрлық сектор бойынша ықпалдастық маңызды болатынына көз жеткізді.

Содан тараптар, депутаттық топтар деңгейінде парламенттік байланыстардың көкжиегін кеңейтуді көздеуге ынталарын білдірді.

               

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі