Астана, 5 желтоқсан,Мәжіліс Үйі.
Ертең, 6 желтоқсанда Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті кеңейтілген комитет отырысында экологиялық мәселелер бойынша заң жобасымен таныстырады.
15.00. Конференц зал, екінші қабат.
Заң жобасына Мәжіліс депутаттары Г.Щегельский,К.Қаракен, А.Смағұлов бастамашы болып отыр. Ал жұмыс тобының жетекшісі депутат М.Тінікеев.
Жұмыс тобының отырысына барлық мүдделі мемлекеттік ограндардың және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. Атап айтқанда, энергетика, инвестициялар мен даму, ұлттық экономика, қаржы және әділет министрліктерінің өкілдері, сонымен қатар Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, «Табиғат» Қазақстанның ассоциациялары мен кәсіпорындарының экологиялық одағы, Тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық ассоциациясы, «Kazenergy» ассоциациясы, Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясы, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы», «Қазақстандық экологиялық аудиторлар палата» ассоциациясы, германиялық халықаралық қатынастары қоғамы (GIZ), «KazWaste» Қазақстандыққалдықтарды басқару ассоциациясы және «Қазақстанның биосферасы ҒЗО» ЖШС өкілдері қатысады.
(Сәуле Досжанова. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі