Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
06.12.2016

Мәжіліс депутаттары Индонезия Парламентінің делегациясымен кездесті


Астана, 6 желтоқсан. Мәжіліс Үйі.

Бүгін Мәжілістің Абай Тасболатов бастаған бір топ депутаты Индонезия Парламентінің парламентаралық ынтымақтастық бойынша комитет төрағасының орынбасары, қорғаныс, сыртқы саясат және ақпарат бойынша I Комиссиясының мүшесі Х.Сяйфулла бастаған делегациясымен кездесті.

Тараптар әңгіме барысында парламенаралық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуді жүйелі түрде жалғастыру қажеттігіне тоқталды. Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Индонезияның да қатысатыны мәлім болды.

Қазақстандық депутаттар халықаралық бастамаларда Қазақстанды қолдап отыратындықтары үшін Индонезия еліне ризашылықтарын білдірді.

Индонезия жағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықтың беки түсуіне ықылас танытты.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі